Байланысты: KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)
ҚРҰҚ-да жинақталатын мұнай кірістерін қоса алғанда, салық алымдарын жүргізу ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) міндеті болып табылады. Инвестициялар,
орналасқан жері және қызмет түрі негізінде ынталандыру ретінде КТС мен ҚҚС-нан
босату кеңінен қолданылады. 2017 жылғы Дүниежүзілік Банктің мемлекеттік қаржыға
жасалған шолуға сәйкес, бұл босату салықтардың осы түрлерінің кірістілігін шамамен
20 пайызға немесе 2016 жылғы ЖІӨ-нің 1,3 пайызына қысқартады. 2018 жылдың
басында күшіне енген жаңа Салық кодексі салық төлеушінің заңнаманы сақтауын
жеңілдетуге бағытталған.
13. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде көзделген барлық
кірістер мен шығыстар ҚР ҚМ жанындағы Қазынашылық комитетінің қарамағындағы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі