Байланысты: KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу заңнамасы
департаментінің жауапкершілік шеңберіне кіреді. ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алулар
комитеті министрліктер мен ведомстволардың (оның ішінде РМК) тауарлар, қызметтер
және жұмыстардың стандартты тізіміне сәйкес жүзеге асыратын барлық сатып алулар
үшін жауап береді. Басқа сатып алуды жауапты министрліктер орындайды. 2018 жылғы
1 қаңтарда қабылданған "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң шеңберінде мемлекеттік
мекемелер деңгейінде сатып алудың сәйкестігін бақылау үшін ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік
аудит комитеті (ІМАК) жауап береді. Көптеген шарттарды жасасу электрондық
сауданың мемлекеттік веб-сайты арқылы өтеді, алайда соңғысын бір көзден сатып
алуды жүзеге асыру кезінде пайдалану міндетті емес, онда заңнама тарапынан
бәсекелестік ортаға қатысудан алып тастаулардың кең спектрі қарастырылған.
Мемлекеттік органдардың сатып алу туралы шешімдеріне қатысты шағымдар ІМАК-
ның қарауына жатады.
16.