Қазақстан мұнай өндіру саласының қазіргі қаржылық жағдайы



бет11/12
Дата28.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#115473
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Диплом ТОКА
catalog rice, Ашық сабақььгулжазира, Мониторинг ҚА дұрыс, тест №2, жас сәулетші, e125ac95-36f5-11e3-a987-f6d299da70eeАСУ 3, мобильді қосымша интерфейсі, Диплом ТОКА, ЗЕРТХАНА-5, Модульдің сипаттамасы, Мұғ.арн.тренг
ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан әлемдегі ірі мұнай державаларының бірі. Мұнай саласы Қазақстан экономикасының стратегиялық өзегі болып саналады.Мұнай өндіру 2010 жылы 39,7 млн. тоннаны, 2011 жылы 44,6 млн. тоннаны құрады. 2012 жылы өнім өндіру көлемі 60 млн. тоннаға жетеді, ал кейбір сараптамалық бағалауларға қарағанда, 2015 жылға дейін жылына 100 млн. тоннандан астам мұнай өндірілетін болады. Перспективті мұнайгаз аудандарының аумағы 1700 шаршы шақырымға тең, бұл барлық республика аумағының 62 пайызын құрайды. Мұнайдың 89 пайызға жуығы елдің батысында және 11 пайызға жуығы шығысында өндіріледі. Жер қойнауларын мемлекет пайдаланғаны үшін арнайы салықтар мен төлемдер: үстеме кіріс салығы, бонустар, роялтилер, Қазақстан Республикасының өнімдерді бөлу бойынша үлесі белгіленген. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылар негізгі салықтарды да: табыс және жеке дара кіріс салықтарын, әлеуметтік, қосылған құн салықтарын, акциздерді, жер, көлік және мүлік салықтарын төлейді.

Мұнай компанияларына салық салу жүйесін жақсарта отырып дамыту үшін, Қазақстан өзінің саясатын әлемдік тәжірибеге негіздейді. Республика мұнай мен газдың барланған қоры бойынша әлемде 13-ші орынға және ТМД елдерінің арасында 2-ші орынға ие. Қазақстан туралы сөз болғанда болашақта Парсы шығанағындағы елдерге балама бола алатын неғұрлым перспективі ел ретінде айтылып келеді. Бірақ, мұнай өндіру саласын дамыту мәселесін жан-жақты қарастыру үшін,«ПетроҚазахстан Құмкөл Ресорсиз »Акционерлік қоғамы мұнай өндіру компаниясының мысалында талдау жүргіздім. Жасалған талдау деректерінен бұл шығынсыз балансы, мұнай өндіруді арттыру есебінен жыл сайын өсіп келе жатқан кірісі бар, өндіріс көлемін қарыштатып отырған кәсіпорын деген қорытынды жасауға болады. «ПетроҚазахстан Құмкөл Ресорсиз »Акционерлік қоғамы кәсіпорнының қызметі тұрақты, рентабельді. Кәсіпорынның қызметінде меншікті капитал үлкен үлеске ие. Егер капиталды арттыруға өзгерістер енгізілмесе, онда компанияның қызметі өзгеріссіз қалады.

Талдауларды саралап, мұнай компаниясының бүгінгі қызметіне қарап отырсақ, бұл салада бірсыпыра проблемалардың бар екенін байқаймыз. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының мұнай өндіру саласында салық салудың жүйесін әртараптандырудың негізгі бағыттары мен жолдары белгіленген.

Салық салу кезінде мұнай өндірушілер мынадай проблемаларға тап болады: экологиялық – қоршаған ортаны ластау, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану; инвестициялық проблемалар; тасымалдау – үлкен шығындар мен өнімнің өзіндік құнын өсіретін шығындарға соқтыру; өзіндік құн – өнімнің өзіндік құнының жоғарлауынан жалпы кіріс төмендейді; салық салу проблемалары – корпоративтік кіріс салығына, бонустарға, үстеме кіріс салығына байланысты. Жер қойнауын игерудің барлық проблемаларын шешу үшін, жүйені реформалаудың негізгі бағыттары мен жолдары қарастырылуда.

Қорытындысында аталған проблемаларға арналған диплом жұмысында мұнай компанияларына мынадай жетілдіру жолдарын ұсындым:



  • экологиялық проблемаларды шешу үшін, қоршаған ортаны ластауды болдырмау немесе барынша азайту қажет;

  • инвестицияларды көптеп тарту үшін, көптеген отандық компаниялары мұнай өндірісін дамытуға өз капиталдарын салып отырған шетел компанияларымен бірігулері керек;

  • жаңа мұнай құбырларын салу есебінен тасымалдауды аз шығынмен жақсартулары қажет;

  • өзіндік құнды төмендету үшін, мұнай тасымалдау шығынын азайту керек, шығынның төмендеуі жалпы кірісті арттырып, бюджетке түсімді көбейтеді, ал мұның өзі мұнай өндіру саласына салық салуға тікелей байланысты болмақ,

  • сондай-ақ табыс салығы бойынша аванстық төлем жүйесін жетілдіре түсу қажет.

Жетілдірудің ұсынылып отырған жолдарын өндіріске енгізуді ұсынамын, бұл жер қойнауын пайдаланушылардың проблемаларын шешуге, Қазақстанның мұнай өндіру саласының жұмысын жақсарта түсуге ықпал ететін болады.

Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді:

- жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген режимін енгізу;

- өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу процедурасын қайта қарау;

- ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық талдау көрсету;

- салық саясаты инвестициялар санының өсуін ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.

Бұл мәселелерді қарастыру нәтижесінде мынандай қорытынды шығаруға болады: Қазақстандағы бюджет және салық жүйесіндегі ерекшеліктердің жүргізілуі жеке меншікті және жеке кәсіпкерлікті дамытып, ынталандыру кезеңімен сәйкес келуіне байланысты біраз қиыншылықтармен жүзеге асады.

Мемлекеттік бюджеттегі табыстылықтың үлесін ұлғайту арқылы салық жүйесін және салық салуды реттеу фискалдық саясатты қолданумен жүргізілуі тиіс. Бірақ Қазақстан Республикасының салық жүйесі нарықтық қатынастардың үдерістерімен сәйкес құрылмағандықтан, қазіргі кезде оның дамуына кедергілер тосқауыл жасайды.



Қазіргі уақытта Қазақстанның салық жүйесінің жаңа шарттары айқындалып отыр. Олардың басты мақсаты - ұлттық инвестицияларды қолдайтын салық салудың ынталандырушы қызметін арттыру.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі заманғы салық жүйесі ғылыми-техникаық прогресті, ресурстардың және жұмыс күшінің құрылымдық орын ауыстыруын, бәсекеге қабілетті өнімдердің шығарылуын, дамуын ынталандыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет