Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



бет19/196
Дата05.02.2022
өлшемі4,39 Mb.
#19428
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   196
Бекіту сұрақтары:
1.Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауының себептері неде?
2.1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР- інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтары туралы қандай жарлық шығарды?
3. Қазақстанды жайлаған 1931-1932 жж аштықтың болуына не себеп болды
4. Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтардың тағдыры қалай болды?
Лекция №8-10 Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа экономикалық
саясат (ЖЭС).


Негізгі ұғымдар: Кіші қазан, оппозиция, социалистік индустриализацияның принциптері, жаңа экономикалық саясат. “Кулактар”
Мақсаты: Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа экономикалық жағдай және
өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы туралы тарихи ақиқатын таныту.


Жоспар:
1. ЖЭС-қа дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай.
2. ЖЭС жылдарында Қазақстан экономикасы.
3. Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы.
4. Ф.И. Голощекин және “Кіші қазан” революциясы
5. Қазақстандағы социалистік индустриализацияның принциптері және оның ерекшеліктері.
6. Елдің индустриалдық дамуның алғашқы қадамдары және дамуы.
7.Қазақстандағы мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940 жж).
Мазмұны:
1. Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауы. 1921-1922 жж. Аштық. Апат аймағы. Қоғамдағы әлеуметтік қарсылықтың өсуі және саяси дағдарыс. Шаруалардың қарсыласу қозғалыстары. Өлкедегі кеңестерге қарсы көтерілістер.
2. ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары. Социалистік, капитализмге дейінгі және стихиялық тауар-нарықтық бағыттардың күресі: “Кімді кім деңеді?” мәселесі. Экономикада көп укладты құрылымының қалыптасуы.
3. Территориялық-әкімшілік бөлініс. ҚАКСР-нің құрамына қазақ жерлерінің бірігуі. Демографиялық ахуал:1926 ж. санақ.
4.Көшпелі және жартылай көшпелілерді отырықшыландыру туралы Сталиндік саясат. Ф.Голощекин «Кіші Қазан идеясы». Қазақстанның дәстүрлі құрылымының түпкілікті жойылуы және оның қасіреті, зардаптары. Қазақ ауылын күштеп кеңестендіру: Ф.И. Голощекин және оның саяси портреті. Оппозиция.
5. ЖЭС идеясын ауытқушылықтың басталуы. “Кулактардың” бас көтеруі: 1927-1928 жылдардағы азық-түлік дағдарысы. Ауыл шаруашылық өнімдерін күшпен дайындауға көшу. Салық тәртібінің күшеюі. Шаруаларға қарсы бағытталған жаппай қуғын-сүргіннің қанат жаюы.
6. Индустрияландыру: сипаты, қарқыны, ауқымы және географиясы. Бірінші бесжылдық және оның сәтсіздікке ұшырауы. Ұжымдастыру –шаруалар қасіреті. Индустрияландыру және жинақтау қорлар мәселесі. Қазақстанның дәстүрлі құрылымының түпкілікті жойылуы және оның қасіреті, зардаптары.
1932-1933 жылдардағы аштық. Тұрғындардың жаппай көшіп кетуі. Шаруалардың қарсыласу қозғалысы: ауқымы және географиясы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал: идеялық және саяси қарсыластардың көзін жою. Идеологиялық саяси террордың одан әрі қанат жаюы.
7.Қазақстандағы мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940 жж). Республикада ғылымды өркендетуде 1932 жылы СССР Ғылым академиясының қазақстандық базасының ашылуы маңызды қадам болды. Ол 1938 жылы СССР Ғылым академиясының филиалына айналды. Мәдени даму рухани өмірдің бүкіл саласын қамтыды. 1936 жылы майда Москвада қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті.
Совет ғылымының көрнекті өкілдері — академиктер: А.Д. Архангельский, И.П.Бардин, С.И.Вавилов, И.М.Губкин, А.П.Карпинский, В.Л. Комаров, В.А. Обручевт.б. респуб-лика халық шаруашылығының маңызды проблемаларын шешуге, жоғары мамандығы бар ғылыми ұлт кадрларын даярлауға тікелей араласты.
Қазақ Советі әдебиеті мен өнері гүлденіп өсті. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұканов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. көрнекті сөз шеберлері осіп шықты. Қазақ поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың жалынды жырлары бүкіл әлемге тарады. Қазақ сахнасының шеберлері К.Байсеитова, Ә.Қашаубаев, Ж.Шанин, Қ. Жандарбеков, Қ.Байсейітов, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов т.б. өнері лайықты бағасын алды. Қазақ халқы орыс және дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының үздік жетістіктерімен
танысты. Қазақтың әдеби тілі жетіле түсті, халық бүқа-расының тілегіне сәйкес орыс графикасына көшірілген альфавиті қайта құрыдды. Біздің көп ұлтты еліміздің, оның ішінде Қазақстанның экономикасында, саяси және мәдени өмірінде, әлеуметтік құрылысында түбірлі өзгерістер болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет