156
ұстанымдарына дәлделеп келтірілуі керек. Ондағы оқушының өзіне деген сенімділік пен өз ойын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру.
Ойынның нәтижесінде оқушының дұрыс емес жауап табуда әр сұраққа жауапкершілікпен қарау және де осы пәнге
деген көзқарасын, өзіне деген сенмілігін, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдылануын көреміз.
«Брейнг-ринг» ойыны
Топ (5) адамнан шағын топтарға бөлінеді: мұнда 6 (4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға
нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде – үстелдің сілтемесі
және 6 (4) бөлікке бөлінген жаймалар; осы карталардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады:
астында – бірінші деңгей сұрақтары, ең үстінде үшінші деңгейдің сұрақтары. Әр бөлікке бір сұрақтан 1-ші деңгей
сұрақтарына дайындықсыз жауап жауап беріледі, 2-ші деңгей сұрақтарына жауап беруге 3-5 мин уақыт беріледі. 3-ші
деңгей сұрақтарына жауап беруге 7-10 мин уақыт беріледі. Дұрыс жауаптарға фишкалар таратылады. Ойын
қорытындысы бойынша көп фишка алған топ жеңімпаз болып саналады.
Осы «Брейн-ринг» ойының нәтижесі оқушылардың білімдерін тереңдетуді, нығайтуды, пәнге деген
қызығушылығын арттыруды, ойлау қабілетін жетілідіруді, өз бетімен жұмыс істеуге, іздену-зерттеу жұмыстарына
үйретеді. Осылайша оқушы ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
Кубизм стратегиясы ойыны
Шарты: кубикті айналдырып, түскен санына қарай интерактивті тақтада, қалташалардағы сұрақтарға жауап береміз.
Сандар сөйлейді
Шарты: Төменде берілген тапсырмаларды орындарын тауып, сандардың қасына орналастыру
510млн.км2 –
361млн.км2 –
149млн.км2 –
«Сен білесің бе?» ойыны
Шарты: жасырылған ребустарды шешу.
Әйгілі орыс жазушысы А.С.Пушкин бейнесіндегі ел?
«Бәйге» ойыны
Шарты: Викториналық қызықты сұрақтар.
Географиялық картамен жұмыс Ойын “Ең, ең, ең ….”
Ең ұзын өзен? Ең терең көл? Ең ұзын тау? Ең суы мол өзен? Ең үлкен түбек? Ең биік шың? Ең ыстық материк? Ең
ежелгі тау? Ең үлкен мұхит? Ең терең шұңғыма? Ең лас теңіз? Ең кіші материк?
«Пошта» ойыны.
Тақтаға материктің аты жазылған төрт «пошта жәшігі» қойылады. Әр топқа бір конверттен таратылады. Әр
конвертте жарты шар материктеріне қатысы бар сөздер жазылған парақтар бар. Әр топ өзінің материгіне қатысты
сөздерді пошта жәшігіне салады.
Пошта ашылып дұрыс салынған сөздер 1 ұпайдан беріледі және ішіндегі географиялық нысандарды картадан дұрыс
көрсеткен оқушы тобына және 1 ұпайдан әкеледі.
«Зообақ» ойыны.
Әр топ қатысушысына жануарлар бейнеленген суреттер таратылады. Суреттегі жануарлардың атын дұрыс атап, қай
материкте, қай табиғат зонасында мекендейтінің дұрыс айтқан оқушы өзінің тобына 1 ұпай әкеледі.
Қорыта келгенде географиялық сабақтарда ойын элементтерін қолданған кезде оқушылардың сабаққа деген
белсенділігі арттады, оқушылар арасында бәсекелестік пайда болады, оқушылар басқа қырынан көрінеді, ең бастысы
оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арттарды. Білім беру –оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі болса, қазіргі
кездегі білім беру – оқушының пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің
нәтижесі – сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз,
ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!». Ендеше, баланы ойынға
қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген
ұтымды.
Достарыңызбен бөлісу: