Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет123/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА АЙТЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 
 
Куанова Светлана Кунпейсовна
Ақтөбе қаласы
Кешкі ауысымдағы жалпы білім беретін мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 
 
Жас ұрпақтың
жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетамының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, 
білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселердің 
бірі. 
Тіл – адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш. Ол қоғам тарихының барлық дәуірінде де оның күресі мен 
дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл мәдениетінің тұтқасы болып келеді. Осы себептерден де сөйлеу процесінде 
жетілу, тілді дұрыс және шебер де тартымды пайдалана білу талабы көне замандардың өзінде – ақ басталған.


164 
Қазіргі заманғы көптеген жаңа тәсілдер ақпараттық-үдерістік модельге негізделеді. Левелт (1989) төрт үдерісті 
ұсынады: тұжырымдау (мәтінді жоспарлау), қалыптастыру (мәтін құру), артикуляция (мәтінді айту) және өзін-өзі 
бақылау (қателерді тауып, өз бетінше түзету). Оқушыны сөйлетудің алуан түрлі мақсаттары бар, айталық, қатысу 
(араласу) үшін сөйлеу, түсіндіру үшін сөйлеу, өз білімін байқату үшін сөйлеу, бағамдау үшін сөйлеу. Әр мақсат барлық 
төрт үдерістің болуын көздейді. Алайда әрбір кезеңге жұмсалған уақыт ерекшеленетін болады. 
Айтылым оның кімге арналғанына, мақсаты мен мәнмәтінге тығыз байланысты: бір мезгілде көптеген адам ауызша 
қарым-қатынасқа түсе алады немесе оның барысына ықпал ете алады. Жазылым тіліне қарағанда, айтылым тілінде 
грамматика толық сақталмайды, шаблонды фразалар мен қайталамалар жиі қолданылады. Соның нәтижесінде 
тыңдаушылар нашар жазылған мәтінге қарағанда, мардымсыз, сапасы нашар сөзге анағұрлым төзімді қарайды. Принг 
(2007) мұғалімдер оқыту мен оқытудың барлық аспектілері бойынша оқушының сөйлегенінің маңызын мойындағанын 
қалайды, өйткені танымдық тұрғыдан қалыптасу барысындағы оқушылар үшін оның қалай жүретінін білген пайдалы. 
Соған қарамастан, Дэвис (1996) сыныпта тиімді және нысаналы әңгіме жүргізу мұғалімдерге әдетте қиынға түсіп 
жататынын анықтады. Басқа дағдылар сияқты, айтылым дағдысына үйрету де жоспарлы түрде жүргізіліп, оған қолдау 
көрсетіліп, лайықты түрде бағамдалуы керек. [2] 
Айтылым дағдысын қалыптастыру дегеніміз – оқушылардың сөз мәдениетін, сөйлеу әдебін қалыптастыру, өз ойын 
дұрыс, нақты және толық жеткізе білуге машықтандыру болып табылады. Тілді жетік меңгерген және оны орынды 
қолданатын оқушы кез келген ортада коммуникативтік қатынасқа түсе алады. Сонымен қатар, сабақта алған білімі мен 
білігін, дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында қолдана алуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет