163
•
Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен
ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу
«Сөз cандық» әдісі
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» тақырыбындағы оқылым мәтініне сүйеніп, тірек сөздер мен сөз
тіркестерінен «Сөз cандыққа» сөздер жинақтау. Әр оқушы өзі бір сөз және сөз тіркесін жазып салады. Барлық оқушы
салып біткен соң, сөздер мен тіркестер қайта суырылып, мағынасы ашылады, синоним сөздермен алмастырылып
жазылады.
Сандықтағы сөз тіркестері тақырыпқа сәйкес жинақы мәтін үлгілері жазуда қолданылады. Әр топқа әр түрін ұсынуға
болады.
Жазылым әрекетінде жоғарыда аталған жаттығу жиынтығы мен мәтіндерден бөлек жазылым дағдысын дамытатын
қалыптасқан әртүрлі жазба жұмыстарын жүргізуге болады. Солардың бірнешеуін атап өтейік:
Жазылым дағдысы оқылым арқылы келетіндігін жоғарыда атап өткен болатынбыз. Соған дәлел ретінде газет-журнал
мақалаларымен жұмысты алуға болады. Мысалы, «Негативтен-позитивке» тапсырмасы мақаланы қайта өңдеп жазуға
көмектесумен қатар, кейбір грамматикалық ұғымдарды игеруге де көмектеседі. Ол үшін жағымсыз хабар айтылған газет
мақалаларын қиып ала келемін. Әр оқушыға әр түрлі мақаланы беріп, оқуды тапсырамын. Мақаланың ішінен өздеріне
жағымсыз әсер тудыратын сөздерді бірінің астына бірін теріп жазғаннан соң, сол сөздерге антоним сөздерді табады.
Сөйтіп, тапқан сөздерін пайдалана отырып, позитив мақала жазып шығады.
7-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығында жиі қолданылатын әдістер - «Дербес пікір жазу» әдісі, кері байланыста
«ПОПС» әдісі, сондай-ақ өзіміз бұрыннан қолданып жүрген «Топтастыру», «Вен диаграммасы» .
Осы әдіспен қатар 7-сыныптың қазақ тілі оқулығында тапсырманы орындау мақсатында «Дербес пікір жазу» тәсілі
1. Өзіндік пікір идея-бір сөйлем (тезис)
2. Дәлел - екі сөйлеммен келтіру керек.
3. Өз пікірін дәлелдейтін мысал - екі сөйлем.
4. Өз пікіріне қарсы пікір-бір сөйлем.
5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал- екі сөйлем.
6. Қорытынды-екі сөйлем.
Бұл тәсіл эссені жазу әдісіне өте жақын. 1-тезис-бір сөйлем, оны дәлелдеу, оған мысал келтіру, алдыңғы пікірге
қарсы пікір келтіру, қарсы пікірді жоққа шығаратын мысал келтіру және қортынды жазу.
Кері байланыс « ПОПС» әдісі бойынша жүргізіледі.
«Попс» әдісі. ПОПС-формула
П –ұстаным немесе көзқарас ( позиция )
О – түсіндіру немесе негіздеу (объяснение или обоснование)
П – мысал (пример)
С – нәтижесі немесе пайымдау (следствие или суждение).
Алдарыңыздағы парақшаларда мына сөз тіркестерін толтырыңыздар.
1. Менің ойымша _______________________________________
2. Мен мұны былай дәлелдеймін _________________________________
3. Мен бұған мынандай мысалдар келтіремін_____________________________
4. Мен мынандай қорытынды шешімге келдім______________________________
Жаңартылған бағдарламада сауаттылықты нығайту мақсатында жазылатын диктант жоқ деп ұстаздар қауымы
алаңдаушылық білдіріп жатыр. Алайда, менің ойымша формативті-қалыптастырушы бағалауды өткізу кезінде диктант
жазуға мүмкіндік бар. Сөздік диктант, көру диктанты, жат жазу сияқты жазба жұмыстарын әр сабақта қолдануға болады.
Жазылымның 3, 6 мақсаттары жүзеге асырылатын сабақтарда, мәтінмен жұмыс барысында диктант жаздыруды оңтайлы
ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: