191
Оқушының шығармашылық іс — әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми-педагогикалық
зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс-әрекет тұлғаны
құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.
Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне-өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының
есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік — жігер күші мен әсерленушілік сезім
дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой-пікірде
болған деп білеміз.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше.
Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ
құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-
әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге
асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын танымдық белсенділігін арттырып,шығармашылық әлеуетін
дамытуында жолашуы қажет.
Оқыту процесі — екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің
басшылығымен қатар, олардың ізденіпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған
байланысты кейбір педагогтармен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың
ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.
Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал-тәсілдер
қолданып жасайтын
шығармашылық жұмыстары жатады. Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан
тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми — шығармашылық
апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың
қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін,
шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық қажеттіліктерін
қанағаттандыра алады. Сондай — ақ мектептегі пәндік олимпиадалар,
сайыстар, көркем өнер және техникалық
көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез — құлық
ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік,
қаржылық пен табандылық,
тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік,
ақиқаты іздеудегі және қарым — қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің
мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады. Оқушылардың
жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен
әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған
критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай — ақ мұндай критерийлерді өздері
жасауға үйретуді көздейді.
«Әдебиет» сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім
мәтіннің, жаттығудың өн — бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. кейбір
практикалық тапсырмаларды да
шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады. Оқушыларды шығармашылық
жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта
және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс — тәсілдерді қолданамын.
Олар мыналар:
Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы; Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісін өткенде сыныпты 4
топқа бөлемін. 1-топ Ертегіні өзге топтарға баяндап береді. 2-топ Ертегі бойынша тезис жазады. 3-топ «Керқұла атты
Кендебай» ертегісі мен «Толағай» ертегісін салыстырады». 4-топ «Толағай» ертегісін «Егерде мен жазушы болсам»
айдарымен басқаша мазмұнда аяқтайды.
Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау.
Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
Мәтін бойынша мақал құрастыру.
Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру. Мысалы: Дидардың құраған жұмбағы:
Өзі жас, мұртты,
Сүтті ұрлап ішті. /мысық/
Әр үйде белін буған бір пысық бар. /сыпыртқы/
Қорыта айтқанда, осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы
қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: