Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет39/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


47 
ХИМИЯ САБАҒЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК 
 ҚАСИЕТТЕРІМЕН ҚАТАР ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 
 
Жакежанова Маржангуль Амановна 
Қарақойын жалпы білім беретін мектебі 
химия-биология мұғалімі 
 
Рухани-адамгершілікке
тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан 
дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Химия пәні сабақтарында рухани-
адамгершілік тәрбие беруде ғылыми жаңалықтардың ашылулары маңызды роль атқарады. Химия ғылымын тағдырлары 
алуан түрлі тұлғалар құрған – ең әуелі алхимиктер, кейіннен дәрігерлер, ақыр соңында химиктер. 
Олар адамдарға керекті жаңа заттарды алу үшін керек десеңіз өздерінің қымбат өмірлерін, денсаулықтарын да 
аямағанын білім алушыларға түсіндіруде, ғалымдардың жаңалықтарды ашудағы өмір жолдарын білу қызық қана емес, 
пайдалы екенін шындықты ұғынудың кейде қаншалықты қиын және ауыр екеніне көз жеткізеді. Бүгінгі өзгермелі 
әлемде рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытумен қатар, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын 
дамыту адамзаттын әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, «өмір бойы білім 
алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. 
«Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті 
Жолдауда білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында 
пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтқан еді. Оқушылардың ғылыми – жаратылыстану сауаттылығын 
қалыптастыру мақсатында функционалдық дағдыларын жетілдіруге арналған тапсырмаларды сабақ жоспарына 
кіріктіру өте маңызды орынға ие. 
Химия пәнінен жаңа тақырыптарды және үй тапсырмаларын бекіту кезінде оқушылардың логикалық ойлау 
қабілеттерін дамыту үшін, теория жүзінде алған білімді практикада қолдана білу үшін функционалдық тапсырмаларды 
қолданудың маңызы зор. Себебі функционалдық сауаттылық тапсырмалары сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін 
дамытады, ғылыми жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырады, алған білімін өмірде қолдана білуге бағыт-бағдар 
береді. 
Осы тұста химия пәнінің мұғалімі ретінде өз тәжірибеммен бөліскім келеді. Химия пәнін оқытуда оқушылардың 
ғылыми – жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру мақсатында сабақ барысында білім алушыларға мынандай 
тапсырмалар берілген болатын: Лимон шырыны мен алма (9-сынып, «Металдардың жалпы сипаттамасы»). Назгүл алма 
және лимон шырынымен эксперимент жасамақ болды. Ол алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа салды. 
Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығып тамызды. Біраз уақыттан кейін лимон шырынымен «қорғалған» 
бөлігінің ақ қалпында қалғанын, ал алманың «таза» бөлігі қарайғанын байқады. Алманың «таза» бөлігі неліктен 
қарайды? Бұл тапсырмада оқушылар лимон шырынының алмамен әрекеттесуін таба отырып, алманы сақтау жолын 
біледі, таза бөлігінің қараюында алма құрамында темірдің болуымен түсіндіреді. Күнделікті өмірде қолдана алады. 
Кремний қышқылы (9-сынып, «Кремний және оның қосылыстары»). Кремний хлориді (ІV) SiCI4 – түссіз, ұшқыш 
сұйықтық. Ақ түтін пайда болуы үшін, бұл сұйықтық бар ыдысты ашу жеткілікті. Булану барысында кремний хлориді 
(ІV) ауадағы ылғалмен әрекеттеседі: SiCI4 + 4H2O = H4SiO4 + 4HCI. Бұл реакцияның нәтижесінде кремний 
қышқылының (H4SiO4) қатты бөлшектерінен тұратын түтін пайда болады. Сұрақ: Бұл түтінді қайда пайдалануға 
болады? 
Орындалған тапсырмада оқушылар кремний түтінің өзге улы түтіннен қорғаныш перде жасау үшін қолданылатының 
және әртүрлі адсорбенттерді, су және газ қоспаларын сорғыштар ретінде қолданыла алатынын біледі. Мен 1 курс білім 
алушыларына химия сабағында «Күкірттің қосылыстары» тақырыбын өткенде пайдаланған қызықты тапсырманы 
мысал ретінде ұсынғым келеді. Бұл тақырыпты білім алушыларға таныстыру барысында және білім алушылардың 
жаратылыстану сауаттылығын арттыру мақсатында, сондай-ақ тақырып қызықты және есте қалатындай болуы үшін 
төмендегі тапсырманы пайдаландым. 
«Сен білесің бе?».Бұл элемент ерте заманнан бері адамға белгілі болған. Біздің жыл санауымыздан 900 жыл бұрын 
Гомердің «Одессей» атты шығармасында осы элементтің аластаушы және түссіздендіруші қасиеті туралы айтылады. 
Ол ауадағы ауру тудыратын микроағзаларды өлтіреді, паразит жәндіктерді жояды. Алайда бұл элемент аурудан адамды 
ғана емес, өсімдіктерді де қорғаған. Онымен өсімдіктерде зиянкестер пайда болған жағдайда ыстаған, ал ұнтақтарын 
өсімдіктің жапырақтарына сепкен. 
Ол үшін ұнтақты сабынды сумен араластырып, өсімдікке бүріккен. Білесің бе, бұл қай элемент туралы айтылған? 
№1 тапсырма «Баға беру» әдісі: (жеке жұмыс) 
А) S + сабын → _____________________________________ 
Б) S + O2 → _________________________________________ 
Бұл тапсырмада білімалушылардың білу және түсіну деңгейлері қалыптасты. Осы тапсырманы орындау барысында 
күнделікті өмірде қайда, қалай қолдану керектігін білді. Мысалы, медицинада, тұрмыста жертөлені және қоймаларды 
аластау үшін, оқ-дәрі және сіріңке өндірістерінде қолданылатындығын анықтайды. 
Осы тапсырманы орындау үшін «Баға беру» әдісі қолданылып жеке жұмыс орындау барысында көз жеткізді. Сабақ 
тақырыбы мен оқу мақсаттары анықталғаннан кейін, тақырып бойынша үш тілде сөздікпен жұмыс жасалынды. Сабақ 


48 
ортасында: Мәтінмен жұмыс «Әрекет» жаттығуы арқылы жұптық жұмыс орындалды. Әр жұп екі сұрақтан дайындап, 
басқа жұптарға қойды. Топтық жұмыста «Венн диаграммасы» әдісін қолдандық. І-топ: Күкірт диоксидінің қасиеттері, 
формуласы, ерекшелігі, ІІ-топ: Күкірт триоксидінің қасиеттері, формуласы, ерекшелігі, ІІІ-топ: H2S-нің қасиеттері, 
формуласы, ерекшелігі. 
Әр топ бір-бірін «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалады. ҚБ тапсырмалары орындалды. Сонымен қатар дәстүрлі 
тапсырмаларды сабақ тақырыбына сай жаратылыстану ғылыми сауаттылығы (ЖҒС) тапсырмаларына айналдырып 
сабақта пайдалану білім алушылардың қолдану, талдау деңгейлерін қалыптастырады. Мысалы, карбон қышқылдары 
тақырыбында дәстүрлі тапсырманы ЖҒС тапсырмасына қалай айналдырғанымды көрсеткім келеді. 
Дәстүрлі & ЖҒС. Сірке қышқылы сүйекке әсер еткенде кальциймен әрекеттеседі, нәтижесінде… 
А. Сүйектер күшейтіледі; 
В. Сүйектер жұмсақ болады; 
С. Сүйектер бұзылады; 
Д. Сүйектер өзгеріссіз қалады. «Резеңке жұмыртқалар мен сүйектер». Сүйектердегі кальций оларды қатты және 
күшті етеді. Жас ұлғайған сайын сіз кальцийді толтырғаннан гөрі тезірек азайтып алуыңыз мүмкін. Егер сүйектеріңізден 
тым көп кальций жоғалса, олар сынғыш болып кетеді. 
Сіз кальций жоғалған кезде сүйектермен не болатынын тәжірибе арқылы тексере аласыз. Бұл тәжірибені жүргізу 
үшін сізге қажет: қатты қайнатылған тауық жұмыртқасы, тауық сүйегі, 2 кесе, сірке суы. Жұмыртқа мен сүйекті әртүрлі 
стаканға салыңыз да, оларды сірке суымен толтырыңыз. 4 күннен кейін жұмыртқа мен сүйекті алып, ағын сумен ақырын 
шайыңыз. Тәжірибені сипаттаңыз және қорытынды жасаңыз. Жаңа білім алу үрдісі білімалушыларды 
шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді. 
Бүгінгі өскелең ұрпақтың үлкен өмірге білек сыбанып, белсене араласа алатын қабілетін көтеріп, танып білу заман 
талабы. “Адам қоғамдық, мемлекеттік барша мүдделері үшін және бүкіл адамзат үшін пайдалырақ болса, соғұрлым 
кемелдене түседі” деген Д.И. Менделеев. Олай болса, сапалы білім табысты оқуға қол жеткізу басты талап екендігін 
ескере отырып, бүгінгі таңда оқушыларымызға білім берілуімен маңызды емес, маңыздысы – білім беру сапасын көтеру 
және олардың білімі терең, ойы ұшқыр, функционалдық сауаттылығы жоғары адам болып қалыптасуына ықпал жасау 
біздің міндетіміз деп ойлаймын. 
Және де Абай Құнанбаевтың “Бұлақ көрсең көзін аш” деген ұлағатты сөзді негізге ала отырып, бар мүмкіндікті 
пайдаланып, өзіміз тәрбиелеп жатқан білімалушыларымыздың рухани-адамгершілік қабілеттерін, сауаттылықтарын 
дамытуды парызымыз деп санаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет