Қазақстан респубикасы білім және ғылым министрлігі


СПАНДИЯР КӨБЕЕВ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАСЫ



бет12/15
Дата15.07.2022
өлшемі87,5 Kb.
#147504
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
СӨЖ-Нургазина Сания.

СПАНДИЯР КӨБЕЕВ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАСЫ
С.Көбеев мысалдары өлеңмен де, қарасөзбен де жазылған. Олардың арасында идеялық, тақырыптық, тіпті сюжеттік тұрғыда бір-біріне ұқсас келетіндері де бар. Мəселен, ақынның өлең түріндегі «Арыстан мен тышқан» жəне қарасөзбен жазылған «Құмырсқа мен көгершін» мысалдарының сюжеттері ұқсас. Екеуінде де хайуанның мүшкіл халге түсуі бар жəне оған ойламаған жерден берілетін көмек бар. Ол көмек — бір кездегі жақсылықтың өтеуі.
«Арыстан мен тышқан» мысалында əлеуметтік астар айқын. Мұнда əлдінің əлсізді өзіне тең көрмеушілігі айтылады. Автор «нашарды күшті кісі көңіліне алмас, теңгеріп өз бойына асыл жүрмес» дейді. Арыстан «кезі келгенде көмек берем» деген тышқанды келеке қылады. Күндердің күнінде аңшы торына ілігіп, халі мүшкіл болады. Тісімен торды қиып, арыстанды босатқан тышқан былай дейді:
Бір ісім түсті менің мына сізге,
Еттіңіз аяушылық сіз де бізге.
Осыдан не жақсылық дегендей қылып,
Ақырын ішіңізден күлдіңіз де.
Ал көрсеқызарлық Спандиярда өз шамасын білмеушілік, өз күшін артық бағалаушылық, өзін артық бағалау, өзіне ешкімді теңгермеушілік тұрғысында көрінеді. «Қарға» мысалы бұған дəлел. Ақын өлеңдерінің көпшілігінде адам бойындағы бірнеше кесірлікке тұспал жасалады, солардан арылту мақсатында уағыз айтылады. «Қарға» мысалында бірде
Жақсыдан ғибрат ал жай жүргенше,
Істеген ісін істеп шамаң келсе,—дейді де, «Көңіліңді бұзықтыққа бір де бұрма» деп
жалғастырады. Ары қарай
Жауыздық залымынан өнеге алма,
Қалып боп, жуса кетпес өле-өлгенше,—
дегенді тағы қосады. Кіріспе сөз сюжетке жасалатын түйін ретінде ұсынылады. Өйткені содан кейін барып мысал оқиғасы баяндалады. Қарға қозыны əкеткен бүркітті көреді де, қошқарға ұмтылады.
1912 жылы «Үлгілі бала» жинағы жарық көреді. Ш.Ахметов «Үлгілі баланың» бірінші, екінші кітаптары шыққандығын жəне бірінші кітапқа 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітапқа 32 тақырыпқа жазылған өлең, əңгімелерінің енгізілгенін жазады. Сонымен қатар бұл кітапқа табиғат туралы, оның əр алуан құбылыстары туралы, география, өсімдік, жануарлар туралы малұматтар беретін, балалардың ұғымына сыйымды жəне қызықты қысқа-қысқа əңгімелер, мысалдар кіргіздім. Əрбір əңгіменің соңына сұрақтар қойдым», —дейді. Ақын хрестоматияның екінші бөлімі жөнінде ештеңе жазбаған.
«Үлгілі бала» «Мектепке шақыру» өлеңімен ашылады:
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,
Мəз болмай деген сөзге, мырза ерке,
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты,
Зат емес, надан кісі алар текке.
С.Көбеевтің кез келген туындысынан оның ағартушылықты мақсат тұтқан ниетін айқын аңғаруға болады. Жазушының балаларға арнаған мысал өлеңдері мен əңгімелерінің басты нысанасы осы мақсатпен тығыз байланысты. Қаламгердің бала психологиясын жете меңгергендігін аудармалары да, төл туындылары да танытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет