МҰХАМЕТЖАН СЕРАЛИН «ТОПЖАРҒАН» ПОЭМАСЫ М.Сералиннің бізге жеткен әдеби шығармалары аса көп емес. Ақынның алғашқы поэмасы - "Топжарған" 1900 жылы Троицкіде жеке кітап болып басылды, одан кейін 1903, 1907, 1915 жылдары қайта басылады. Бұл поэманың тақырыбы қазақ халқының өмірінде ХІХ ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдарында болған оқиға, яғни Кенесары, Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты.
"Топжарған" поэмасында ақынның тілі таза, бұрынғы діни кітап сөздерін, татар сөздерін аз қолданған, тіпті қолданбаған десе де болады. Тарихи шындықты, реалдық өмірді таза қазақ тілінде, реалистік сөздермен, салыстырулармен суреттеген. "Топжарған" - тарихи реалистік, көркем поэма.
«Топжарған» поэмасының тақырыбы қазақ халкының өмірінде XIX ғасырдың отызыншы, қырқыншы жылдарында болған оқиғаға байланысты: Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты. Автор поэмасының басында Кенесарының және оның маңына жиналған топтық кәсібін, іс-әрекетін былай суреттейді.Поэманың бас кейіпкері жас Адай жігіт өз елінен ғашықтық жөнімен немере ағасын атып өлтіріп, қашын шығады; бір-екі жыл Теке маңын, Жайық бойын кезіп жүреді; тама, шекті, шеркес руларын аралайды. Ұрлық істеп күн көреді. Осылай жүріп кейіпкер бір күні Кенесарының шекті руына мал ұрлау, ел талауға келген үш жігітіне кез болады. Олар адай жігіті ұйықтап жатқанда ұстап алып, атымен тұтқын олжа етіп Кенесарыға алып барады. Хан алдына барғанда жортуылшы жігіттер мақтанады: тұтқын жігітті қуып жетіп ұстадық, ат үстінде сайысып женіп, байлап-матап алдық дейді. Адай жігіт мұның бәрі жалған екенін, ұйыктап жатып қолға түсіп қапы қалғаньш айпады. Сонда жортуылшы жігіттер ханға тұтқынның сиықсыз, жаман, жауыр атын әкеп көрсетеді. Хан тұтқын жігіттің әлгі сөзіне сенбей және шын жүйрікті тани алмай, оған ертең осы атыңмен қашып көр деп каһарланады хан. Поэмада, мұнан ары, қашқалы тұрған тұтқын жігіттің қалпы суреттеледі. Ол жалаңдап тұрған қанішерлердің найзасының ұшындатұрмын деп сезінбейді. Салмақтана түседі. Өтетілеудің күміс шақшасын сұрап алып насыбай атады. Кенесары жігіттерінің бірі де қашқанның шаңына ілесе алмай қалады. «Пері ме, адамзат па, шайтан ба», – деп, ертеңіне жиналған топ қашкан жігітті әңгімелеп отырғанда, ол есіктен сәлем беріп, кіріп келеді. Өтетілеудің шакшасын өзіне кайырып береді. Кенесары жігіттен оның кім екенін сұрайды. Жігіт оған өзінің әлгі тарихын баяндайды. Ақырында ол өзінің. сол өңірге Кенесарыны іздеп келгенін айтады. Өз ықтиярымен Кенесары тобында қ.алады. Поэманы оқып шыққанда Кенесары төңірегіндегілер ұры- қарылар, ел тонаушылар, кісі өлтірушілер еді, кісі өлтірген, елінен кашқан ұры жігіт сол ұрылар, кісі өлтірушілер, ел тонаушылар тобына қосылды деген пікір айқын аңғарылады. Поэманың негізгі идеясы да – осы. Хан төңірегіндегі жігіттер шығармада әшкерелене сынай баяндалады. Поэманың әр жерінде Кенесары мен Наурызбай жөнінде хан, мырза, батыр деген сияқты мадақ сөздер кездеседі.