Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ»



Pdf көрінісі
бет59/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ»
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Анар Арыстанғалиева Алтыбайқызы. Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі
«Сатылай кешенді талдау-ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге,оның білім көкжиегінде кең таралуына ықпал
етіп,күнделікті өмірде қолдану аясын жақсартуға бағыттайтын оқыту»деп Нұрша Оразақынова айтқандай ,сатылай кешенді
талдау қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмейтін,оқушының тұлғалық дамуына,ойлау,есте 
сақтау,қиялдаусияқты танымдық қасиеттердің жан-жақты дамуына бағытталатын оқытудың түрі болып саналады. Ғұламалар 
«Әдебиет-халықтың санасы,оның рухани өмірінің бояуы мен жемісі»деп бағалаған әдебиетті талапқа сай оқыту арқылы
баланың рухани әлемін қалыптастыру,ізгілікке,биік адамгершілікке тәрбиелеу,адам ретінде баулу-әдебиетші ұстаздың аса 
мәртебелі міндеті.Заман ағысы мұғалімдерден біліктілігін арттырумен қатар үнемі жаңа әдіс-тәсілдерді ізденуін талап
етеді./3,50-б/Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік,кәсіптік,адамгершілік,рухани,азаматтық және басқа 
адами қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып,оқу процесін тиімді ұйымдастыруға 
көмектеседі.Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияны қолдануда,мұғалім сабақты тиімді ұйымдастыра 
отырып,оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады,оқушының тақырып бойынша танымын кеңейтеді./1,5-б/ 
Мектепте әдебиетті оқытудың мәні-көркем мәтінді оқу мен талдау жұмыстары болып табылады. Қазіргі білім берудегі
жаңа әдістер оқушының өз бетінше білім алуына,танымдық белсенділігін арттыруға,шығармашылығын қалыптастыруға,кез-
келген мәселе жөнінде өз пікірінің болуы және оны дәлелдей алуы тағы сол сияқты ықпал ететіндігі белгілі.Осы жаңа 
әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық талаптарды біріктіре отырып,оқушының оқу материалын терең 
игеруіне жағдай жасау қажеттілігі ескерілуі тиіс.М.Жұмабаевтың “Педагогика” деген еңбегінде “Сабақ барысында мұғалім 
оқушыға тақырыпты жеткізу үшін алдымен балаға жаңа беретін білімді жат күйінше емес,баланың бұрынғы таныс біліміне
байлап берсін” делінген.Қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы өзі білетін нәрсенің ерекшеліктерін
саралап,оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы жаңа білімді алуға ұмтылады.Білім берудің түрлері мен әдістерін 
жаңартудың негізгі мақсаты-әрбір оқушының шығармашылық қабілетін барынша дамыту,жалпы ұлттық мәдениетке баулу
болып табылады./2,4-б/ Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясы»әдісін Қазақстандық ұстаздар өз
тәжірибесінде кеңінен қолдануда.Бұл әдіс қазақ тілі болсын,әдебиет пәні болсын өз нәтижесін көрсетуде.
Сатылай кешенді талдау:
-оқушыны пікір таластыруға ;
-бір-бірінің ойын тыңдауға,құрметтеуге;
-өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты жеңе білуге үйретеді. .
Әдеби талдаудың негізігі мақсаты-оқушының өзіндік пікірін әдебиеттанудың
талабына сай ғылыми тұрғыда дайындай отырып,оқушының дүниетанымын
байытуға себеп болатын бірден-бір үрдіс.
Сатылай кешенді талдау технологиясын сабақта пайдалана отырып мен
оқушының бойынан:
1/дағдыға айналған іс-әрекеттің пайда болатынын;
2/ғылыми тілде сөйлеуге үйренетінін ;
3/өз уақытын тиімді пайдалана алуына баулитындығын
4/ оқушының өз бетінше жұмыс жасауына ықпал ететін,және уақытты
үнемдеуге өте қолайлы үрдіс деп ойлаймын. 
Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау»технологиясын сабақтарымда үнемі пайдаланып келемін.11-сыныпта 
өткізген С.Мұқановтың «Сұлушаш»поэмасы тақырыбында өткізген ашық сабағымда осы сатылай кешенді талдау әдісін 
пайдаландым.Нәтижесінде,оқушыға поэманы сатылай кешенді талдау жасата отырып,шығармашылыққа баулыдым. Оқушы 
дүниетанымын байыта отырып,пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өз ойларын ашық жеткізе білетін,қиындықтан 
шыға білетін тапқырлыққа үйреттім..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет