Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет5/12
Дата01.01.2022
өлшемі60,83 Kb.
#107559
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
sillabus marketing kaz
Оғыз мемлекеті 1-сабақ, Оқушының жеке әлеуметтік картасы, үш тіл
6. КУРС МАЗМҰНЫ

6.1 Дәріс сабақтарының жоспары.



р/с

Тақырыптардың атауы

Көлемі, сағат

Әдебиеттер


Апта

1

Маркетингтiң теориялық негiздерi және тұжырымдамасы.

2

1,2,3,4

1

Маркетинг түсiнiгi. Маркетингтiң даму кезеңдерi, алғышарттары.

Маркетинг қағидалары: тауарлық, өткiзушiлiк, нарықтық, маркетингтiк.

Маркетинг нұсқасы\модельдерi.

Маркетингтiң негiзгi тұжырымдамалары.












2

Маркетингтiк орта.

2

1,2,3

2

Маркетингтiк ортаның түсiнiгi. Кәсiпорынның қызметiне әсер ететiн бақыланатын және бақыланбайтын факторлар.

Кәсiпорынның микроортасы. Оның негiзгi субьектiлерi.

Макроортаның негiзгi элементтерi және бiр – бiрiмен байланысы.

Медиаорта түсінігі, оның фирма қызметіне әсерлері












3

Маркетингтiк зерттеу және маркетингтiк ақпараттар жүйесi.

2

1,2,3,4

3

Маркетингтiк ақпараттар жүйесiнiң түсiнiгi, оның ролi мен қажеттiлiгi.

Алғашқы және екінші реттік ақпараттар: мәнi, алыну көздерi.

Маркетингтiк ақпарат жүйесiнiң құрушылары.

Маркетингтi зерттеу үдерісі және оның кезеңдерi.












4

Нарықты сегменттеудің әдiстемелiк негiздерi.

2

1,2,3,4,5,6

4

Нарық кешенiн зерттеу. Нарықты талдаудың негiзгi бағыттары.

Жаппай дифференциялданған және мақсатты маркетинг шаралары.

Нарықты сегменттеудің түсiнiктерi және маңыздылығы.

Өндiрiстiк тауарлар нарығын сегменттеудiң негiзгi принциптерi.












5

Тұтыну нарығындағы тұтынушылар мiнез-құлығы.

2

1,2,3

5

Тұтыну нарығындағы тұтынушы мiнез-құлығы, оған әсер етушi факторлар.

Тұтыну нарығында сатып алынатын зат туралы шешiм қабылдау үрдiсi.

Әлеуметтiк-этикалық, демографиялық, мiнез-құлықтық және психографиялық талдау негiзiндегi тұтынушылар тобы.











6

Кәсiпорындар нарығындағы тұтынушылар мiнез - құлығы.

2

1,2,3

6

Өндiрiстiк бағыттағы тауарлар нарығындағы тұтынушылар мiнез-құлығы.

Кәсiпорын тұтынушыларының көзқарасына әсер етушi негiзгi факторлар.

Тауарды сатып алу туралы шешiм қабылдау үрдiсiн өндiрiсте бекiту.

Аралық сатушылар нарығы, түсiнiгi мен ерекшелiктерi.












7

Маркетинг жүйесiндегi тауар.

2

1,2,3,4

7

Тауар түсiнiгi. Тауарлар мен қызмет түрлерiнiң жiктелуi.

Тауардың өмiрлiк кезеңдерiнiң \ТӨК\тұжырымдамасы

Тауар белгiсi және оның мәнi мен қызметi.

Маркалық аттарды беру тәжiрибесi.












8

Тауар саясаты.

2

1,2,3,4,5

8

Тауар саясатының мәнi, мақсаты және мiндеттерi. Тауар ассортиментi.

Тауар саясатындағы жаңа тауарлар, жаңа тауарларды өңдеу кезеңдерi.

Тауардың бәсекелiк қабiлеттiлiгiнiң түсiнiгi. Тауар сапасы.

Тауар саясатындағы сервис, оның құрылымы мен формасы.












9

Маркетингтiк баға және баға саясаты.

2

1,2,3,4,5,6

9

Маркетинг жүйесiндегi баға, оған әсер етушi факторлар.

Баға икемдiлiгі, оның түрлерi. Баға мен сұраныс арасындағы тәуелдiлiк.

Баға белгiлеу үрдiсi. Баға белгiлеу тәсiлдерi.

Фирманың баға саясаты және баға стратегиялары.












10

Тауар жылжыту және тауар таралымы.

2

1,2,3,4,5

10

Тарату арналары, оның мәнi және қызметi.

Тауар жылжытудың мазмұны, мәнi және мақсаттары.

Көтерме сауда, оның мәнi мен мазмұны. Көтерме сауда түрлерi.

Бөлшек сауда түсiнiгi, оның қызметi және түрлерi.















Барлығы

20









6.2 Тәжірибелік сабақтар тізімі




р/с

Тақырыптардың атауы

Сағат көлемі

Әдебиеттер

Ағымдаық бақылау, ұпай

1

Маркетингтің даму тұжырымдамалары.

3

1,2,3,4

50/100




Маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәні.

Маркетингтің мақсаты, принциптері және функциялары.

Маркетингтің даму тұжырымдамалары, олардың мәні.

Маркетингтің түрлері. Нарық сұранымының сипаттамасы, маркетинг типтері.












2

Маркетингтік орта, оның құрылымы.

3

1,2,3

50/100




Маркетингтік орта туралы анықтама, оның құрылымы.

Микроорта. Оның негізгі элементтерінің сипаттамасы.

Фирманың макроортасы, оның сипаттамалары және факторлары.

Медиаорта әсерлері және оны зерттеудің ерекшеліктері












3

Маркетингтік ақпараттар жүйесі.

3

1,2,3,4

50/100




Маркетингтік ақпарат жүйесі. Фирмаға ақпараттардың қажеттілігі.

Маркетингтік ақпараттар жіктемесі.

Бірінші және екінші реттік ақпараттар, олардың ерекшеліктері.

Маркетингтік ақпаратты талдаудың негізгі кезеңдері.












4

Маркетингтік зерттеулер.

3

1,2,3,4,5,6

50/100




Маркетингтік зерттеу жүйесінің мазмұны.

Зерттеу мақсаттары, бағыттары және кезеңдері.

Маркетингтік зерттеуде қолданылатын әдістер.

Қазақстан кәсіпорындарында маркетингтік зерттеу тәжірибелері.












5

Тауарлы нарықты сегменттеу әдістемелері.

3

1,2,3

50/100




Сегменттеу анықтамасы, негізгі принциптері мен критерилері.

Сегменттеуді іс-жүзіне асыру кезеңдері.

Маркетинг стратегиясы. Нақты сегментті таңдау.

Нарыққа тауарды орналастыру/позициялау.












6

Тауарлы нарықтағы тұтынушылар мінез-құлығы.

3

1,2,3

50/100




Тұтыну тауарлары нарығының түсінігі және ерекшелігі.

Нарықтағы тұтынушылар мінез-құлығына әсер етуші факторлар.

ҚР «Тұтынушылар құқығын қорғау» Заңы.

Тұтынушылардың іс-әрекетін зерттеу бойынша талдаулар жасау.












7

Маркетинг жүйесіндегі тауар.

3

1,2,3,4

50/100




Тауар және қызмет анықтамасы, жіктемесі.

ТӨК түсінігі, негізгі кезеңдерінің сипаттамалары.

Тауар белгісі, оның функциялары. Тауар қорабы, атқаратын функциялары.

Маркалы тауарлар, оларды нарыққа орналастыру тәжірибелері.












8

Фирманың тауар саясаты.

3

1,2,3,4,5

50/100




Тауар саясатының мәні, мақсаты және міндеттері.

Тауар ассортименті және номенклатурасы. Жаңа тауар түсінігі

Тауардың бәсеке қабылеттілігі, тауар сапасы.

Тауар саясатындағы сервистік қызыметтердің атқаратын ролі.












9

Маркетинг жүйесіндегі баға.

3

1,2,3,4,5,6

50/100




Маркетинг жүйесіндегі баға белгілеудің мақсаттары және ерекшеліктері.

Баға функциялары және жіктелуі, түрлері.

Фирманың баға саясаты: баға белгілеу кезеңдері, әдістері, стратегиялары.

Баға икемділігіне тәуелді сұраным және пайда деңгейін анықтау.












10

Тауар және тауар қозғалысын ұйымдастыру.

3

1,2,3,4,5

50/100




Тауар тарату арналары, оның функциялары, құрылымы.

Тауар қозғалысы, оған құрушылары.

Көтерме сауда: функциялары және түрлері.

Бөлшек сауда, оны ұйымдастырудың ерекшеліктері.















Барлығы

30







6.3 Тәжірибелік сабақтың тапсырмаларын бағалау критерийлері

Пайыздық мазмұны, ұпай

Критерий

95-100

 - қойылған сұраққа толық, егжей-тегжейлі жауап берілгенде, объект туралы саналы білімнің жиынтығы көрсетілген, ұғымдарды еркін өңдеуде, оның маңызды және маңызды емес белгілерін, себеп-салдарлық байланыстарды ажырата білуінде көрініс тапқан жағдайда қойылады. Объект туралы білімі осы ғылым мен пәнаралық қатынастар жүйесінде түсіну аясында көрсетілуге тиіс. Жауап әдеби тілде жазылған, логикалық, көрнекі, ғылыми тұрғыдан тұжырымдалған, студенттердің авторлық ұстанымын көрсетуі қажет.

90-94

- қойылған сұраққа толық, егжей-тегжейлі жауап берілген кезде, объект туралы саналы білімнің жиынтығы көрсетілген, тақырыптың негізгі ережелері айқын көрсетілген жағдайда қойылады; жауап айқын құрылымды, анықталған тұжырымдамалардың, теориялардың және құбылыстардың мәнін көрсететін қисынды дәйекті іздейді. Объект туралы білім оны осы ғылым мен пәнаралық қатынастар жүйесінде түсіну аясында көрсетіледі. Жауап ғылыми тұрғыдан әдеби тілде баяндалған. Тұжырымдамаларды анықтаудағы кемшіліктерді студент жауап беру барысында өз бетінше түзетуі мүмкін.

85-89

- студенттер қойылған сұраққа толық, егжей-тегжейлі жауап бергенде, тақырыптың негізгі ережелері жауапта анық көрсетілгенде, анық құрылым, логикалық бірізділік анықталған ұғымдар, теориялар мен құбылыстардың мазмұны қадағаланған кезде қойылады. Жауап ғылыми тұрғыдан әдеби тілде берілсе. Жауаптағы қателіктерді оқытушы көмегімен түзеткенде.

80-84

 - қойылған сұраққа толық, егжей-тегжейлі жауап берілгенде, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды ажырату мүмкіндігі көрсетілген кезде қойылады. Жауап нақты құрылымдалған, қисынды, ғылыми тұрғыдан әдеби тілде берілген. Қателер немесе кішігірім қателіктер жіберілуі мүмкін, оқытушы көмегімен оқушы түзетуі мүмкін.

75-79

- қойылған сұраққа егжей-тегжейлі жауап берілгенде, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды ажырату мүмкіндігі көрсетілген жағдайда қойылады. Жауап нақты құрылымдалған, қисынды, ғылым тұрғысынан берілгенде. Сонымен қатар, кішігірім қателіктер жіберіліп, студент жетекші сұрақтарды қолдана отырып түзеткенде.

70-74

- қойылған сұраққа толық, бірақ жеткіліксіз дәйекті жауап берілген кезде, бірақ маңызды және маңызды емес белгілер мен себеп-салдарлық байланыстарды ажырату мүмкіндігі көрсетілген кезде. Жауап қисынды және ғылым тұрғысынан айтылады. Студент өз бетінше шешуге қиын болған негізгі ұғымдарды анықтауда 1-2 қателік жіберуі мүмкін.

65-69

- толық емес немесе толық ашылмаған жауап берілген жағдайда қойылады. Баяндалған ақпарат қисыны мен дәйектілігі бұзылған. Тұжырымдамаларды ашуда және терминдерді қолдануда қателіктер жіберілді. Студент маңызды және маңызды емес ерекшеліктерді және себеп-салдарлық байланыстарды дербес анықтай алмайды. Студент жалпылама білімдерін, олардың негізгі ережелерін тек мұғалімнің көмегімен дәлелдейді, нақтылай алады.

60-64

- толық жауап берілмеген, логика мен дәйектілік жүйесінде елеулі бұзушылықтар болған жағдайда қойылады. Теорияның, құбылыстардың маңызды және маңызды емес белгілері мен қатынастарын дұрыс түсінбеуіне байланысты олардың мәнін анықтауда оқушы өрескел қателіктер жіберді. Жауапта қорытынды жоқ. Жалпыланған білімнің нақты көріністерін ашу мүмкіндігі көрсетілмейді. Сөйлеуді жобалауға түзетулер қажет.

55-59

- толық жауап берілмеген жағдайда қойылады. Жауаптың сәйкес келмеуі. Мұғалімге дәлелдеу қиынға соғады. Терминдер, ұғымдар, фактілер, құбылыстардың сипаттамаларында көптеген маңызды қателіктер болғанда. Жауапта қорытынды жоқ. Сөйлеу сауатсыз. Қосымша сұрақтарға жауап бергенде, мұғалім білім арасындағы байланыс бар екенін мұғалімнің нұсқауынан кейін түсіне бастайды.

50-54

 - толық жауап берілмеген, яғни берілген тақырып сұрақтарының анықтамаларында маңызды қателіктері болған жағдайда қойылады. Жауапта бір ізділік байқалмайды. Оқушы берілген түсініктемені, теорияны, құбылысты модульдің (пәннің) басқа объектілерімен байланыстыра алмайды. Тұжырымдама, нақты емес және презентацияның дәлелдері жоқ. Мұғалімнің қосымша және нақтылайтын сұрақтары оқушының қойылған сұраққа ғана емес, сонымен қатар модульдің (пәннің) басқа да сұрақтарына жауап беруіне әкелмейді

25-49

- егер студент бағдарламада қарастырылған негізгі материалды білуде олқылықтарды анықтаса, тақырыптың жартысынан көбін игермеген болса. Тұжырымдама, нақтылау және презентацияның дәлелдері жоқ. Сауатсыз сөйлеу. Мұғалімнің қосымша және нақтылайтын сұрақтары студенттің қойылған сұраққа ғана емес, сонымен қатар тақырыптың басқа сұрақтарына да түзетулер әкелмейді.

0-24

- егер студент бағдарламада қарастырылған негізгі материалды білуде олқылықтарды тапса, тақырыптың жартысынан көбін игермеген болса, жауаптарда түбегейлі қателіктер жіберген болса және тақырыпта қарастырылған жеке тапсырмаларды орындамаған болса қойылады.


6.4. Білімалушының оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысын орындау және тапсыру кестесі

  1. Қазақстанда және басқа елдерде кәсiпкерлiк қызметте маркетинг тұжырымдамасын қолдану тәжiрибесi.

  2. Аймақ және қала бойынша маркетингтiк қызметтердiң қолданылуы бойынша сұрақтарға жауап iздеу.

  3. Қолданбалы маркетингтiк жайларға \теледидар жарнамасына, газет - журнал жарнамасына\ тұтынушылар көзқарас.

  4. Қазақстандағы кәсiпорындар мен ұйымдарда фирманың басқа да қызметiндегi және өндiрiстiк сатып - өткiзуде маркетингтi енгiзу, оның теориясын зерттеу жұмыстары.

  5. Нарықта микро- және макроортаны оқып үйренудiң қажеттiлiгi.

  6. Кәсiпорынның жоспарлау қызметiне маркетингтiк ортаның әсер ету жайлары.

  7. Маркетинг ортасын, микро- және макроортаға бөлiп көрсету қажеттiлiгi.

  8. Нақты кәсiпорынның микроортасының элементтерiн анықтау арқылы, олардың басқа кәсiпорынның микроортасынан айырмашылығы және бiр - бiрiне әсерлерi.

  9. Маркетингтiк зерттеулер жүргiзудiң кәсiпорындар үшiн қажеттiлiгi.

  10. Нарықтық бәсекелестiкте кәсiпорын қызметi үшiн маркетингтiк зерттеу қажеттiлiгiнiң маңызы.

  11. Қазақстан нарығындағы тауарлар мен қызмет түрлерiн маркетингтiк зерттеу тәжiрибелерi.

  12. Әдебиеттерден, газет-журналдардан, арнайы тарату материалдарынан кәсiпорындар жүргiзiп отырған маркетингтiк зерттеулер бойынша талдаулар.

  13. Нарықты зерттеудiң және сегментациялаудың шетелдiк тәжiрибелерi.

    1. Сегментациялаудың нарықта қолданылуының қажеттiлiгi.

    2. Нарықты сегменттеудiң кәсiпорын қызметiнде жүргiзiлуi.

    3. Сегменттеудiң тауар, нарық түрлерiне байланысты тәсiлдерiнiң түрлерi.

    4. Арнайы ортаны сегменттеу жұмыстарын жүргiзу.

    5. Тұтыну тауарлары нарығындағы тұтынушылар, олардың түрлерi мен бiр-бiрiнен ерекшелiгi.

  1. Тұтынушылардың мiнез-құлығын зерттеудiң қажеттiлiгi және оны маркетингтiк қызметте қолдана бiлу.

  2. ҚР тұтынушылардың құқығын қорғау бағытындағы iс-шаралар.

  3. Өндiрушiлер нарығының даму барысы, оныњ қызметiн талдау.

  4. Аралық сатушылардың нарықтағы атқаратын қызметiн талдау.

  5. Мемлекеттiк мекеме нарығының алып отырған орны, ондағы iс-әрекет жасаушы субъектiлер.

  6. Тауар таралымы түрлерiнiң шетелдiк тәжiрибелерi және ҚР-да оның даму жолдары.

  7. Фирмалық стиль, тауар белгiсi, сауда белгiлерiнiң тәжiрибеде қолданылуы.

  8. Тауарларды қораптаудың пайда болуы және оның қазiргi кезеңде алып отырған орны.

  9. Тауар өндiруде нарықта басымдылыққа ие болып отырған фирмалардың iс-қимылында қораптаудың, орамалаудың, фирма және тауарлық стильдердiң қажеттiлiгi мен қолданылуы.


  10. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет