Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі



бет3/18
Дата12.09.2020
өлшемі240,78 Kb.
#78126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Отчет Шалкар
СРС РК1 Физика 1 каз, glossarii, CCиМ 19-11 Толегеова Мадина Реферат Футбол, тап.5 Орынбаева А.Б, МТПРП-206 Байбосын Құндыз, Әлеуметтану, ЛЕКЦИЯ №1, ДӘРІС №2, Управление риском в социально-экономических системах by Богоявленский С.Б. (z-lib.org), marcet, Учебное пособие Мызрова К.А. ОРГАНИЗАЦИОННА КУЛЬТУРА, Отчет, ОТЗЫВ, Introduction to Hospitality
Күтілетін нәтижелер. Балалар тағамындағы сүт өнімдерін дайындаудың технологиялық аспектілері және олардың сапа көрсеткіштерін зерттеу өндіріске зерттеу.

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Тамақ өнімдерінің өндірісі елдің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызы бар саласы болып табылады. Бұл өндірістің даму деңгейі халықтың тағамға деген қажеттілігін анықтайды. Яғни, халықтың лайықты өмір сүруі оған қажетті сапалы, қауіпсіз тамақ өнімдерін пйдаланумен өлшенеді. Тамақ өнеркәсібінің негізгі мәселелерінің бірі болып жоғары сапалы азық – түліктің ассортименттеріне деген тұтынушының сұранысын үнемі қанағаттандыру және тамақтанудың балансты рационын қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің тамақ өнеркәсібі салыстырмалы тұрақты жағдайда, бірақ бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуеттін артырып одан әрі дамуды талап етуде.



Жарқын болашағымызға бағдар ететін, ұлы мақсаттарға жетелейтін ұлтық идеяны балалар арманымен ұштастырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына жолдауында: “Балалар – қоғамыздың ең әлсіз, қорғансыз бөлігі” - деп айтқан. Балалар денсаулығына, ана сүтінің жетіспеушілігіне қатысты проблемалар баршылық. Сондықтан дені сау ұрпақ – еліміздің келешегі. Бала өмірінің ең жауапты кезеңінде ана сүтінің болмауы баланың жағдайына неғұрлым теріс әсер етеді. Бұл жағдайда балалар тағамы өнімдеріне ерекше назар аударылады. Яғни, балалар тағамы өнімдерінің құрамында микроэлементтер мен дәрумендердің жеткілікті мөлшері болуы өте маңызды. Қазақстандық нарықта көбінесе шетелдік балалар тағам өнімдері ұсынылған. Елімізде әлемнің түкпір – түкпірінен балалар тағамы өнімдерінің ең танымал шетелдік өндірушілері Nestle, Nutrica, Danone, Нутритек, Вимм – Билль – Данн және т.б.балалар тағам өнімдері сатылуда. Ал, отандық кәсіпорындар үшін балалар тағамы өнімдерінің өндірісі әлі де дұрыс игерілмеуде. [1].

Қазіргі таңда мемлекет пен тұтынушының деңгейінде балалар өнімдерін өндіретін кәсіпорынға оларды өндіру, тасымалдау, сақтау және реализациялауға қатаң талаптар қойылып отыр. Мемлекетаралық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін өнім ғана қауіпсіздік, сенімділік және қажетті сапа деңгейіне кепілдік береді. Бұл, бірінші кезекте 2013 жылы қолданысқа енгізілген «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» Кедендік одақтың техникалық регламенті (ТР КО 021/2011) арнайы тамақ өнімдеріне жатқызатын балалар тағамына қатысты. Дайын өнім қауіпсіздік критерийлері анықталған «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың техникалық регламенті (ТР КО 033/2013) арнайы мемлекеттік құжатқа сәйкес келуі тиіс. [2].

Сүт негізінде балалар тағамы – балалар организімінің физиологиялық қажеттіліктеріне жауап беретін және үш жасқа дейінгі балалар тағамдарына арналған арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері.

Балалардың дұрыс дамып жетілуі үшін оларды туғаннан бастап дұрыс рационды тамақтандыру олардың иммундық жүйесінің тұрақты болуы мен дұрыс өсіп жетілуі үшін маңызды болып табылады. Қазіргі таңда экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты балалардың ағзасы барлық маңызды қоректік заттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Балалар тағамы өнімдерінің берілген қасиеттерін қалыптастыру жекелеген азық-түлік ингредиенттерінің байланысын талдау нәтижелері бойынша дайын өнім құрамының органолептикалық және функционалды-техникалық сипаттамаларды қажет ететін кешенді қамтамасыз ететін шикізат пен компоненттерін іріктеу негізінде жүзеге асырылады.

Сүттен жасалған балалар тағамын өндіру үшін сүт және сүт тектес шикізат түрлерін пайдаланады. Негізгі шикізат, сүттің сапасына жоғары талаптар қояды. Органолептикалық көрсеткіштер бойынша сүт ақ немесе ашық крем түсті, табиғи таза сүтке тән емес бөгде дәм мен иіссіз, үлпіксіз және тұнбасыз біртекті сұйықтық болуы керек. Сүтте СОМО массалық үлесін, майлылығын, жалпы ақуызды, тығыздығын, қышқылдылығын және тазалық дәрежесін нормалайды. [3].

Балалар тағамын дайындау үшін сапалы сүт – шикізатын алу проблемасы олардың өнеркәсіптік өндірісінің технологияларын құрған сәттен бастап бар. Сондай – ақ, шикізат балалар тағамы өнімдерінде пайдалануға рұқсат етілуі керек екенін атап өту керек. Бұл ретте сүттің қажетті сапалық көрсеткіштерін оны өндіру процесінде қалыптастыратын факторларды оңтайландыруға ерекше назар аударылуы тиіс. Сапасы жоғары сүт – шикізатын алуын қамтамасыз ететін арнайы экологиялық таза шикізат базасын құру есебінен осы мәселенің шешімі болуы мүмкін.

Өндіріс кезінде қатаң бақылау, шикізаттың құрамы мен сапасына қойылатын жоғары талаптар денсаулыққа пайдалы әрі қауіпсіз балалар тағамын алуға мүмкіндік береді.

Аталған мәселелерге байланысты ұсынып отырған магистрлік жобамның тақырыбы өзекті болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет