11
Ресейлік ғалымдар А.Н.Тихонов, В.А.Садовничий: «Парадигма – нақты
ғылыми зерттеулерді анықтайтын және ғылыми
практиканың сол кезеңінде
жүзеге асатын теориялық және әдіснамалық алғы шарттардың жиынтығы»
деген анықтама беріп, парадигманың мағынасын ашып берді.
Көптеген ғалымдардың анықтамасы бойынша, педагогикалық парадигма
– бұл білім беру мақсатын шешудегі белгілі стандарт, қалыптасқан көзқарас.
Дәстүрлі педагогикада парадигма ретінде кіретіндер: тәрбиеленуші –
педагогикалық
қарым-қатынас объектісі, ал тәрбиеші – басқару органдарының
директивті
нұсқауларын
орындаушы;
педагогикалық
қарым-қатынас
барысында тұлғаның ішкі жан дүниесі назардан тыс қалып отырады.
Парадигма тәрбиенің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады.
Тәрбие парадигмасының төмендегідей көп тараған түрлері аз емес: дәстүрлі-
консервативтік (білімділік парадигмасы); феноменологиялық (гуманистік
парадигмасы); рационалдық (тәртіптілік парадигмасы); технократтық;
эзотерикалық. Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек,
балаларды қандай
мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз?» деген сұрақтарға жауап
береді (2-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: