13
Қазіргі заман қоғамын ақпараттандырудың
басты бір бағыты білім беру
мен тәрбие жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Бұл процесс
автоматтандырылған ғылыми педагогикалық банктер деректерін, ақпараттық
әдістемелік материалдарды, сонымен қатар
коммуникациялық байланыс
құралдарын пайдалану арқылы білім беру және тәрбие жүйесін жетілдіруге
көмегін тигізеді.
Тәрбие процесінің ізгілік және гуманитарлық қағидалары: баланы
сөзсіз қабылдау, оған тұрақты жағымды қатынас жасау; тұлғаға құрмет
көрсету және әрқайсысының өзіндік абыройы сезімін қолдау; тұлғаның
өзгеге ұқсамау құқығын саналы түсіну және мойындау; ерікті таңдауға
құқық беру; баланың тұлғасын емес, оның іс-әрекеттерін, қылықтарын,
ісін және т.б. бағалау
Білім беру жүйесінің әртүрлі кезеңдерінде тәрбиелеу процесін ізгілендіру
мәселелері шешіледі:
1)
ізгілендіру қазіргі білім беруді дамытудың жалпы мазмұнын
жетілдірудің басты негізі болады;
2)
ізгілендіру жалпы орта білім беретін мектептер мен басқа да білім беру
мекемелерінің даму бағыттарын айқындайды;
3)
ізгілендіру оқу-тәрбие процесінің нәтижесі тәуелді болатын тәрбиеші
мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекетінің басты мәселесі болып табылады.
Авторитарлы жүйеден ізгілендірудің өзгешелігі –
тұлғаның қоғамдық
өмірге еркін және өзгеге тәуелсіз өз бетінше атсалысуы. Бірақ тәуелсіздіктің
негізінде еркін таңдау құқы мен қабылдаған шешімге жеке жауапкершілік
жатады. Өркениетті азаматтық қоғамға тән шын мәніндегі еркіндік жеке
тұлғаның адами құндылықтарға негізделген өзін-өзі тану,
қоғамның басқа
мүшелерінің құқығын, еркіндігін, құндылықтарын құрметтеу, сыйлауға саяды.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалаудың
тұжырымдамалық және құқықтық-нормативтік негіздеріне сүйене отырып,
тәрбие беруді ізгілендіру төмендегілерді білдіреді:
тәрбиеленуші (немесе оның ата-анасы) мектеп түрін, білім беру
мазмұнын, оның ұйымдастыру формаларын, кәсіби білім беру бағыттарын
және т.б. таңдауға құқы бар;
тәрбиеленуші өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне
қарай өз дамуының
жеке, дара жолын таңдайды;
тәрбиеленуші педагогикалық процестің субъектісіне айналады, яғни
оқу-тәрбие процесін жоспарлау және оның нәтижесін бағалау іс-әрекеттеріне
белсене атсалысады;
тәрбиеленушінің оқу процесінде барлық іс-әрекеті, белсенділігі
ынталандырылып отырылады.
Қазіргі кезеңде тәрбие процесін
ізгілендіру бағыттары болып
табылатындар:
жеке тұлғаны тәрбиелеу мазмұнында әлемдік мәдени құндылықтарды
ендіру арқылы оларды ізгілендіру бағытын тереңдету;
14
адами құндылықтардың негізін ашатын тәрбиелік жұмыстардың
кешендік жүйесін даярлау.
Қазіргі кезеңдегі тәрбие берудің мақсаты – жеке тұлғаның өзіне және
қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту, өзін-өзі тану
және өздігінен білім алуды
тиімді қамтамасыз ететін әлеуметтік құндылықтың белсенділігін қалыптастыру.
Сол себепті тәрбие беруді ізгілендіру өзін-өзі дамытатын, өзін-өзі жетілдіретін,
дұрыс шешімді өздігінен қабылдай алатын, өз іс-әрекетін өзі жүргізе алатын,
яғни, педагогикалық процестің субъектісі бола алатын жеке тұлғаны
қалыптастыруды көздейді.
Тәрбие процесін ізгілендірудің шарттары:
тәрбие процесі жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру бағытында өтеді;
тәрбие процесі ішкі мотивацияға негізделеді, сыртқы мотивацияны
ұйымдастыруы
мен
тиімді
үйлесуі,
тұлғаның
ішкі
сұранысын
қанағаттандырады;
тұлғаны дамыту біртұтастықта жүреді,
оның интеллектуалды,
физикалық, эстетикалық дамуын бірлікте қарастырады;
тәрбиелеу тұлғаның өз бетімен іс-әрекетіне негізделеді, себебі әрбір
тұлғаның қабылдау, меңгеру, есте сақтау қабілеттері мен мүмкіндіктері әртүрлі;
тәрбиелеу ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға арқа сүйейді,
тұлғаның психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері толық ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: