197
Соған сәйкес, дарындылықты анықтауға негіз болатын дарынды
балалардың төмендегідей 3 категориясын бөліп көрсетуге болады:
ақыл-ой дамуының ерекше жоғары деңгейіне ие балалар (мұндай
балалар көбінесе мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасында кездеседі);
арнайы ақыл-ой дарындылығының белгілеріне ие балалар – ғылымның
белгілі бір саласындағы дарындылық (мұндай
балалар жеткіншектік жаста
анықталады);
белгілі бір себептерге байланысты оқу іс-әрекетінде ешқандай
табыстарға қол жеткізбеген, алайда
танымдық белсенділігімен, психикалық
жүйесінің біртумалылығымен және ақыл-ой қорының бірегейлілігімен
ерекшеленетін балалар (мұндай балалардың мүмкіншіліктері көбінесе, жоғарғы
сыныпта көрініс береді).
Атақты
американ
педагогі
Л.Холлингуорт
педагогтар
мен
ата-аналарға дарынды балалардың төмендегідей кейбір ерекшеліктеріне мән
беруді ұсынады:
Мектепті жақтырмау:
мұндай қатынас көбінесе оқу бағдарламасының
қызықсыз, зеріктіргіш болуынан туындайды.
Ойындағы қызығулар:
дарынды балаларға күрделі ойындар ұнайды,
сондықтан
орташа
қабілетке
ие
достарының
ойындары
оларды
қызықтырмайды.
Конформдылық:
дарынды
балалар
стандартты
талаптарды
қабылдамайды және конформизмге әуес болмайды,
әсіресе сол стандарттар
олардың қызығуларына қарама-қайшы немесе мағынасыз болатын болса.
Философиялық мәселелерге шому:
дарынды балалар өлім, өлімнен
кейінгі өмір, діни сенімдер тәрізді құбылыстар туралы ойланады.
Физикалық, интеллектуалдық және әлеуметтік дамудың сәйкес
болмауы:
дарынды балалар көбінесе өздерінен жасы үлкен балалармен
қарым-қатынас жасағанды ұнатады, соның салдарынан оларға көшбасшы болу
қиынға соғады.
Дарынды
балалармен
жүргізілетін
жұмыстардағы
педагогикалық
іс-әрекетте, мектепке бейімделу кезеңінде пайда болатын мәселелерді де
ескерген жөн.
Дарынды
балалармен
жүргізілетін
жұмыстардың
талаптары,
педагогикалық қағидалары 65-суретте ашылды.
Қазіргі кездегі балалармен жүргізілетін
жұмыстардағы педагогикалық
іс-әрекетте В.Григорьевский мен Н.Буторина дарынды балалармен жұмыс
жасауға арналған төмендегідей іс-шаралар кешенін ұсынады.
Бұл кешен үш кезеңнен тұрады:
ата-аналар, педагогтардың топтық тестілеу және әлеуметтік топтық
парақтардың көмегімен қабілетті балаларды анықтауы;
әуестіліктері
мен қызығуларын ескере отырып, психологиялық
тестілеудің көмегімен балаларды диагностикалауы;
балалардың қабілеттіліктерін дамыту және тереңдетуге бағытталған
арнайы бағдарламалар бойынша педагогтың жүргізетін жұмысы.