Сурет-15. Тәрбиелік жүйені құраушы компоненттер Тәрбиелік
жүйе
–
мектеп
жасындағы
өмірлік
іс-әрекетін
тәрбиеленушілердің мейлінше толығырақ өзін-өзі дамытуы мен жүзеге асыру
мақсатында ұйымдастыру бойынша мақсатқа бағытталған іс-әрекеті.
Мектептің тәрбиелік жүйесі – бұл мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу
ортасы. XXІ ғасырдағы жалпы орта білім беретін мектептердегі тәрбиелік жүйе
ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік
еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын кіріктіреді.
Ұжымның тәрбиелік жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міндеттерді
бөліп қараған жөн:
- денсаулық пен саламатты өмір салтына тәрбиелеу;
- жеке тұлғаның бойында адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;
- тұлғада адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру;
- тұлғаның бойына біткен тума қабілеттерді одан әрі дамыту.
Мектептің тәрбиелік жүйесі жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін әрекет етеді
. Жеке тұлғаны тәрбиелеуге көмектесудің жалпы қабілеті төмендегідей жеке
қабілеттерден құралатын тұтастық ретінде көрініс алады:
- тәрбиеленушінің және педагогтар ұжымы тұлғасының дамуын
диагностика жасау қабілеті;
- тәрбиелеу процесінің мақсатын бекіту және негіздеу қабілеті;
- оқушы, сынып жетекшісі, ата-аналар тұлғасының өздігінен іске асуының
және өздігінен бекітілуі үшін максималды қолайлы деңгейде жасөспірімдер мен
үлкендердің мектептік бірлестігінің тіршілік әрекетін ұйымдастыру қабілеті;
- субъектілердің өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттыру жөніндегі күш
салуларды интеграциялау қабілеті;