Сурет-14. Тәрбиелік жүйенің даму кезеңдері Тәрбие жүйесінің кез келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы
кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім
беру саласындағы қызметкерлердің іс-әрекетінде, қоғамның басқа да саласында
жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаты мен міндеттері айқындалады. Сынып
жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелік мақсатынан шығады,
өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбиелік жүйесінің бір бөлігі
болып табылады.
Тәрбиелік жүйе – тәрбиенің негізгі компоненттерінің (мақсат, субъектілер, олардың іс-әрекеті, қарым-қатынас, материалдық база) өзара әрекеттестігі процесінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық ахуалы сияқты интегративті қасиеттерді меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйе. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында педагогикада білім беру мекемелерінің
тәрбиелік жүйелерін зерттеумен айналысатын ғылыми мектеп дамыды