Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет46/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап
44076315
Бірінші
кезең 
• Жүйенің 
қалыптасуы
Екінші
кезең 
• Жүйенің 
жасалуы
Үшінші
кезең 
• Жүйенің 
ақырғы 
рәсімделуі
Төртінші 
кезең 
• Жүйенің
қайта 
құрылуы
Тәрбиелік жүйенің даму кезеңдері


41
(Л.И.Новикова, 
В.А.Караковский, 
Н.Л.Селиванова, 
М.А.Сидоркин, 
А.В.Гаврилин, Е.Н.Степанов және т.б.). Тәрбие жүйесінің жалпы теориясы 
Л.И.Новикова мектебінің өкілдерімен өңделген. Ол мектептің тәрбиелік 
жүйесін «тәрбиелеудің негізгі құраушыларының (мақсат, субъектілер, олардың 
іс-әрекеті, қатынас, қарым-қатынас, материалдық база) өзара әрекеттесу 
процесінде пайда болатын және ұжым өмірінің салты, оның психологиялық 
ахуалы сияқты интегративтік сипаттамаларды иеленетін тұтас әлеуметтік 
механизм» деп анықтайды. Оның пайымдауынша, тәрбиелік жүйе – бұл өзара 
байланыс жағдайында қызмет ететін, тәрбиенің негізгі құраушыларынан 
тұратын және ұжым өмірінің келбеті, психологиялық ахуалы ретінде 
кіріктірілген сипаттарға ие әлеуметтік ағза.
Ал В.А.Караковскийдің анықтауынша, тәрбие жүйесі дегеніміз – 
мектептегі өзін-өзі ұйымдастыруда жүзеге асатын, өзіндік қызмет ететін және 
даму логикасы бар әлеуметтік тұтас ағза.
Тәрбие жүйесінің негізгі өзегі – тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер. 
Мектептің тәрбиелік жүйесін құру үшін не керек? 
1) тәрбиелік әрекет субъектілерінің, ықпалдарының кіріктірілуі
педагогикалық процестің құрауыштарының өзара байланысын қамтамасыз ету; 
2) мектеп ұжымы игерген әлеуметтік және табиғи ортаны қамтыған 
тәрбиелік жүйе құру, тұлғаға деген ықпалдың ауқымын кеңейту; 
3) тұлғаны тәрбиелеуде педагогикалық ұжымның күшін, уақытын үнемдеу; 
4) тәрбиелік жүйеде тәрбиеленуші, тәрбиеші, ата-ана тұлғасы өзін-өзі іске 
асыруы және өзіне-өзі сенім артуы үшін арнайы жағдай туғызу, оны модельдеу. 
Мектептің тәрбиелік жүйесін бір-бірімен тығыз байланысты компоненттер 
жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Тәрбиелік жүйені құраушы компоненттер: 
- мақсат-идеялар; 
- іс-әрекет; 
- субъектілер; 
- қарым-қатынас; 
- игерілген орта; 
- басқару.
Тәрбиелік жүйені құрудағы 
мақсат –
бұл мектептің тәрбие процесінің 
болашақтағы нәтижесі туралы ой-болжамы. Мектеп тәрбие мақсатын, тәрбие 
тұжырымдамаларын ескере отырып, өзіндік ерекшеліктеріне қарай анықтайды. 
Жалпы мақсат жүйенің негізгі жүйе құрушы маңызды компоненті болады.
Іс-әрекет
компоненті – бұл анықталған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған 
амал-тәсілдер, әрекеттер жүйесі. Ал 
субъектілері –
осы жүйенің іс-әрекетіне 
қатысушылар, яғни тәрбиеленушілер, тәрбиешілер, ата-аналар. 
Қарым-қатынас 

ол жүйе ішіндегі субъектілер арасындағы байланыс орнату құралы болып 
табылады. 
Игерілген орта –
ол тәрбие жүйесінің өз іс-әрекетін іске асыратын 
ортасы (15-сурет). 


42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет