Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет168/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

 
 
Сурет-47. Қазіргі мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесі 
 
Мектепте оқушылардың өзінің Президенті бар. Ол парламент пен үкіметті 
басқарады. Парламент заң шығарушы орган ретінде сенат және төменгі палата 
мәжілісінен тұрады. Мектеп өміріне оқу-тәрбие процесін жақсарту үшін
заңдар, үкімдер шығарады. Ал, үкімет парламент шығарған заңдардың 
орындалуын қадағалайды. Ол білім, мәдениет, спорт, тазалық, құқықтық тәртіп 
секторларын біріктіреді. 
Оқушылар ұжымын қалыптастыру және дамыту бойынша сынып 
жетекшісінің іс-әрекеті – оқушыларды тәрбиелеуші және дамытушы орта 
және оның мүшелерін қалыптастыру мен өзін-өзі іс жүзінде көрсететін 
фактор 
Оқушылар ұжымы – оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық 
пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. 
Ұжымға тән қасиеттер: 

мақсаттылық; 

ауызбіршілік; 

белсенділік; 

іскерлік; 

жауапкершілік және т.б. 
Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығы, мектеп қабырғасынан 
шыққаннан кейін олар әртүрлі ұжымға тап келеді. Сондықтан да олардың 
ұжымдарында жеке бастарының қаншалықты үйлесіп, қалыптасуына 
байланысты оның кейінгі уақыттардағы психологиялық жағдайы сәйкестенеді, 
қайсыбір әрекеті нәтижелі болады. 
Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құра отырып қалыптастыруда
олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы 
ерекше. Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет – білім алу 
мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет