152
К.С.Станиславскийдің «ілтипат аймағы» жүргізген зерттеулерінің нәтижелері
құнды.
«Ілтипат аймағы»
– жас тәрбиешінің тәрбиеленушілермен жақын
қарым-қатынасқа түспей, өз ісін
немесе пәнін жақсы меңгергенін, біліктілігін
дәлелдейтін уақыт аралығы. Алғашқы сәттерде тәрбиеші «бірінші ілтипат
аймағында» жұмыс істейді, яғни ойша өзін айналдыра сызып немесе сабақтың
тақырыбын ашумен, тек өз жұмысымен айналысып,
сыныпты елемегендей
болады. Бұл «ілтипат аймағында» тәрбиеші өзін еркін, бос ұстайды. Сондықтан
да өзінің «Менін» қалыптастыру қиынға соқпайды. Міне, бұл сәттер
тәрбиеленушілерге қызықты, олар тәрбиешіге жақындай түседі. Осы кезден
бастап тәрбиеші «ілтипат аймағын» кеңейте түсіп, оған тәрбиеленушілерді
көптеп тартуына болады.
Әрине, тәрбиеленушілермен жұмыс істегенде алғашқы минуттардан бастап
«ілтипат аймағын» кеңейткені дұрыс болады. Бірақ,
тәрбиешіні асықтырмаған
жөн, яғни тәрбиешінің асықпағаны абзал. Алғашқы тіл қату, алғашқы ой
жұмысты ұйымдастыру барысында туындайды. Топпен алғашқы тіл табысу
басталғанын сезінген тәрбиеші
тар шеңберден шығу керек, біреуіне
күлімсіресе, екіншісіне басын изейді, үшіншісіне сұрақ қояды, төртіншісін
бағалайды («Мен сіздің түсінетініңізге сенімдімін»),
бесіншісінен өтінеді
(«Маған көмекші-ассистент керек еді...») және т.б. Ал жас тәрбиешінің мұндай
жылдам ауысуға қабілеті жете бермейді, сондықтан оның әлі «бірінші ілтипат
аймағында» қала тұрғаны дұрыс. Бірақ бұл көпке созылмау керек,
өйткені ол
кейін жеке қарым-қатынасты қалыптастыруға кері әсерін тигізеді. Қарым-
қатынаста тәрбиеші өзінің бет-әлпетіне және қимылына да көңіл аударғаны
дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: