Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Тәрбиені технологиялық, құзыреттілік тұрғыдан қарастыру



Pdf көрінісі
бет18/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап
44076315
Тәрбиені технологиялық, құзыреттілік тұрғыдан қарастыру 
Бүгінде жаңа Қазақстан креативті ойлайтын, өзін қоршаған ортаға тез 
сіңісетін зияткер тұлғаны қажет етеді. 
Тұлғаның басты сапалық белгілері, ерекшеліктері жоғары этикалық 
құндылықтары болады: мейірбандық, махаббат, еңбексүйгіштік, ар-ождан
азаматтылық және т.б. 
Тұлғаға ізгілік қарым-қатынас:
-
тұлғаға деген шынайылық, махаббат, сүйіспеншілік, оның тағдырына 
үлкен жауапкершілікпен қарау; 
-
тұлғаға сенім арту, оның болашағына оптимистік көзқарас таныту; 
-
қарым-қатынас ынтымақтастығы; 
-
тікелей зорлық жасамау (күштеп, зорлап оқытпау, тәрбиелемеу); 
-
іс-әрекетті үнемі ынталандырып отыру. 
Тұлғаға жариялылық қарым-қатынас: 
-
тәрбиеленуші (бала) мен тәрбиешінің (педагог) құқықтары бірдей; 
-
тұлғаға таңдау құқығын беру; 
-
тұлғаның қателесуге құқығының бар болуы; 
-
тұлғаның әр нәрсеге өзінің жеке көзқарасының болуы; 
-
баланың құқығы туралы Конвенцияны сақтау; 
-
тәрбиеленуші мен тәрбиешінің арасындағы қарым-қатынас: тыйым 
салмау, дұрыс жол көрсетіп бағыттау, күш көрсетпеу, сендіру, шектемеу, тек 
таңдау құқығын қалдыру. 
Ш.А.Амонашвилидің зерттеуі бойынша, тәрбиеленуші өзінің айнала 
қоршаған ортасын сезіну, көру және қабылдау арқылы осы дүниеге, өзін 


15
қоршаған адамдар ортасына енеді. Оның қабылдауынан тыс болып жатқан 
оқиғалар сыртқы ортасы ретінде танылады. 
4-суретте Ш.А.Амонашвилидің тұлғаға бағытталған ізгілікті технологиясы 
ашылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет