Сурет-12. Мектептегі тәлім-тәрбиелік жұмыстардың бағыттары Тәрбие жүйесінің ерекшеліктері:
дүниетанымдық мәселелердің айқындылығы;
тәрбие мазмұнының мәдениеттанушылық негізделуі;
әлеуметтік мәні бар ортаның болуы;
өзара ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамыту;
өзін-өзі басқарудың болуы.
Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту, бірлесе
жұмыс істеу идеяларын іске асыру мүмкін емес. Тәрбие жүйесі еріксіз
ұйымдастырылса, ол тәрбиеленушіге де, тәрбиешіге де кері әсерін тигізеді.
Егер тәрбиешілер тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына,
азаматтық және жолдастық міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына
сүйенсе, сонда тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады.