Сурет-13. Тәрбиелік жүйенің қағидалары Тәрбиелік жүйенің құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері Қазіргі мектептің ұлттық тәрбиелік жүйелерінің мақсаты: -
жеке тұлғаның бойында біртұтас әлем туралы ғылыми негізделген
көзқарас қалыптастыру;
-
тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтарға тарту, сол құндылықтарға
сәйкес мінез-құлық қалыптастыру.
Жалпы мектептің тәрбиелік жүйесі өз дамуында төрт кезеңнен өтетінін
тәжірибе көрсетеді.
Бірінші кезең – жүйенің қалыптасуы. Осы кезеңнің маңызды құраушы
сатысы ретінде прогностикалық (болжам) сатысы болуы керек. Дәл осында
болашақ тәрбие жүйесінің теориялық тұжырымдамасының құрастырылуы
жүзеге асырылады, оның құрылымы мен бөлшектері арасындағы байланыстары
айқындалады.