41
(Л.И.Новикова,
В.А.Караковский,
Н.Л.Селиванова,
М.А.Сидоркин,
А.В.Гаврилин, Е.Н.Степанов және т.б.). Тәрбие жүйесінің
жалпы теориясы
Л.И.Новикова мектебінің өкілдерімен өңделген. Ол мектептің тәрбиелік
жүйесін «тәрбиелеудің негізгі құраушыларының (мақсат, субъектілер,
олардың
іс-әрекеті, қатынас, қарым-қатынас, материалдық база) өзара әрекеттесу
процесінде пайда болатын
және ұжым өмірінің салты, оның психологиялық
ахуалы сияқты интегративтік сипаттамаларды иеленетін тұтас әлеуметтік
механизм» деп анықтайды.
Оның пайымдауынша, тәрбиелік жүйе – бұл өзара
байланыс жағдайында қызмет ететін, тәрбиенің
негізгі құраушыларынан
тұратын және ұжым өмірінің келбеті, психологиялық ахуалы ретінде
кіріктірілген сипаттарға ие әлеуметтік ағза.
Ал В.А.Караковскийдің
анықтауынша, тәрбие жүйесі дегеніміз –
мектептегі өзін-өзі ұйымдастыруда жүзеге асатын, өзіндік қызмет ететін және
даму логикасы бар әлеуметтік тұтас ағза.
Тәрбие жүйесінің негізгі өзегі – тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер.
Мектептің тәрбиелік жүйесін құру үшін не керек?
1) тәрбиелік әрекет субъектілерінің,
ықпалдарының кіріктірілуі,
педагогикалық процестің құрауыштарының өзара байланысын қамтамасыз ету;
2) мектеп ұжымы игерген әлеуметтік және табиғи ортаны қамтыған
тәрбиелік жүйе құру, тұлғаға деген ықпалдың ауқымын кеңейту;
3) тұлғаны тәрбиелеуде педагогикалық ұжымның күшін, уақытын үнемдеу;
4) тәрбиелік жүйеде тәрбиеленуші, тәрбиеші, ата-ана тұлғасы өзін-өзі іске
асыруы және өзіне-өзі сенім артуы үшін арнайы жағдай туғызу, оны модельдеу.
Мектептің тәрбиелік жүйесін бір-бірімен тығыз байланысты компоненттер
жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Тәрбиелік жүйені құраушы компоненттер:
- мақсат-идеялар;
- іс-әрекет;
- субъектілер;
- қарым-қатынас;
- игерілген орта;
- басқару.
Тәрбиелік жүйені құрудағы
мақсат –
бұл
мектептің тәрбие процесінің
болашақтағы нәтижесі туралы ой-болжамы. Мектеп тәрбие мақсатын, тәрбие
тұжырымдамаларын ескере отырып, өзіндік ерекшеліктеріне қарай анықтайды.
Жалпы мақсат жүйенің негізгі жүйе құрушы маңызды компоненті болады.
Іс-әрекет
компоненті – бұл анықталған мақсатты жүзеге
асыруға бағытталған
амал-тәсілдер, әрекеттер жүйесі. Ал
субъектілері –
осы жүйенің іс-әрекетіне
қатысушылар, яғни тәрбиеленушілер, тәрбиешілер, ата-аналар.
Қарым-қатынас
–
ол жүйе ішіндегі субъектілер арасындағы байланыс орнату құралы болып
табылады.
Игерілген орта –
ол тәрбие жүйесінің өз
іс-әрекетін іске асыратын
ортасы (15-сурет).