Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Концертмейстер
Лауазымдық міндеттері: Жалпы, арнайы және бейіндік пәндердің оқытушыларымен бірлесіп, тақырыптық жоспар мен бағдарламалар әзірлейді, білім алушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді. Оқушылардың орындаушылық дағдыларын, ансамбльде ойнау дағдыларын қалыптастырады, олардың көркем талғамын дамытуға, музыкалық-бейнелік қабылдауын кеңейтуге және шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді. Жеке және концерттік жұмыста вокалистерді немесе аспапшыларды сүйемелдейді. Сабақтарда, емтихандарда, сынақтарда, концерттерде (спектакльдерде), көрсетілімдерде (спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу бойынша спорттық жарыстарда) музыкалық материалдардың кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді. Ноталарды парақтан оқиды, музыкалық шығармаларды үндестіреді. Тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды (жалпы, арнайы, бейінді пәндер) әзірлеуге қатысады. Білім беру процесінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |