Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі
№114-«Сайрам» жалпы орта мектебі
Баяндама
Пәні:Математика
Тақырыбы:
Үш тілді меңгерген жаңа ғасыр көшбасшылары
Пән мұғалімі:Н.Ахмедова
Шымкент-2017
Үш тілді меңгерген жаңа ғасыр көшбасшылары
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында.
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ.
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі- үлкен көрегендіктің белгісі.Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен айқындалып отыр. Өзекті мәселе – жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Халқымыздың тағдыры, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.
«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар, қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» - деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткендей, қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде. Ағылшын тілі бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік - экономикалық, мемлекеттік зор ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне халықаралық сипат алған ағылшын тілінің өзіндік рөлі зор. Әлемдегі көптеген елдер ағылшын тілінде сөйлейді. Бұл тіл қазіргі заманда жаһандық тіл болғандықтан, оның Қазақстандағы рөлі және болашақтағы маңызы зор. ХХІ ғасырда қазақ елі биік белестерге көтерілуде. Бір жарым ғасырлық тарихы бар дүниежүзілік ЭКСПО-ны өткізу мәртебесіне посткеңестік кеңістікте бірінші болып Қазақстан қол жеткізді. Яғни, бұл Қазақстанның әлемдік денгейдегі абыройлы мегажобасы. ЭКСПО 2017 - Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросы аясындағы халықаралық көрме. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында еліміздегі өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарайтын, үш тілді еркін меңгерген, көпмәденилік тұлғаны тәрбиелеу ісіне көп мән беріледі. Бұл мемлекеттік бағдарлама аясында тілдерді үйрену ісіне ерекше көңіл бөлінуде.Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауында 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады”, – деп атап көрсеткен болатын. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің алдына “Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Іс қағаздар жұмысы мемлекеттік тілге көшірілді. Іс қағаздарындағы мемлекеттік тілдің үлесін арттыру үшін тиісінше шаралар жасалып, әкімшілік тарапынан ай сайын талданып, сарапталып отырылатын болды. Мектебімізде аудармашылар тарапынан сапалы аударма жасалып отырады. Жергілікті өкілді және атқарушы органдарда қабылданатын шешімдер мен қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және басқа да нормативтік актілер мемлекеттік тілде әзірленіп, мемлекеттік тілде қабылданады. Барлық деңгейдегі әкімшілік және мектепішілік оқу мәдени шаралар мемлекеттік тілде жүргізіледі. “Тілдердің үш тұғырлылығы” бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік тіл – қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады. Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Көпжылдық зерттеу көрсеткендей, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, бастауыш мектепте тәрбиенің жалпы білімдік құндылығын көтереді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге және құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың табиғи-ғылыми ойларын болашақта әлемдік білім жүйесінде қолдана алатындай деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы: “Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады” деп сендірді. Орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді арттыратын бірден-бір тетігі дей келе, жаһандануға бейімделуді, замана көшінен қалмай, осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт-ғұрпымызды сақтап қала аламыз, — деді. Бұл жөнінде ғалым Н.Уәлиұлы: «...Ең алдымен, мемлекеттік тілдің үш тағаны (басқару, ақпарат, ғылым - білім саласындағы қызметі) түгелденуге тиіс. Үштұғырлы тіл формуласында ең бірінші осы мәселе шешімін табуы қажет және мемлекеттік тіл жоғары деңгейде болғаны абзал. Өйткені қазақ тілі мемлекет құрушы этностың тілі, мемлекеттің бірден-бір тірегі деп күллі Қазақстан жұртшылығы мойындағандықтан, Ата Заңымызда конституциялық мәртебе алды. Сондықтан оның тағдыры жөнінде жауапкершілікті, әлемдік қауымдастықтың алдында, ең алдымен мемлекет өз мойнына алуы тиіс», - деп атап көрсетеді. Тілдік пәндерді оқу барысында оқушылар әр ұлт пен әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерімен танысып, әр тілдің ұлттық нормаларының көптүрлілігіне, оларды бағалауға немесе салыстыруға болмайтынына көз жеткізеді және тілдерге тән бұл ерекшеліктерге түсіністікпен қарай отырып, әр азамат өз бойында басқа ұлттарға деген құрметтеушілік сезімді қалыптастырудың маңыздылығын түсінеді. Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: “...Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы – ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ,” – деп тіл жайында терең толғанған екен кезінде. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда мемлекеттік тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Тіпті Отанымызда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы күннен-күнге арта түсуде. Бұл жағдайды қазақ тіліне көрсетіліп отырған құрмет деп түсінуіміз қажет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық-психологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Елбасымыз “қазақ қазақпен қазақша сөйлессін” дегенде, мемлекеттік тілдің дамуы, көп жағдайда, өз қандастарымыздың ұлттық намысы мен жігеріне байланыстылығын атап өтсе керек. Мемлекеттік қызметте жүрген қазақ азаматтары немқұрайлылық танытпай, мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетуге белсенді атсалысуы тиіс. Алдағы уақытта, мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты талаптар күшейтілуі керек. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының “Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден - бір арымыз да, нарымыз да” деген сөзі болашақ ұрпақтың тіліміздің құдірет-қуатын кемітпей, оның рухын биік ұстауға шақырады. Ұлтаралық қарым-қатынасты реттеуде, қоғамдық татулық пен келісімді тұрақты ұстауда, халықаралық маңызды мәселелерде ортақ шешімге келуде, жаңа инновациялық технологияларды, заманауи көзқарастар мен идеяларды енгізіп, кеңінен таратуда орыс тілінің рөлі айрықша екендігі баршаға мәлім. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді. Қолға алынып отырған өзгерістерден не күтуге болады? Бұл өзгерістердің мақсаты не, қандай нәтиже әкеледі?
Қ Р президенті Н.Назарбаев:
«Біз талантты жастарды тәрбиелеуіміз керек. Осы интеллектуалдық, зияткерлік мектептің жасап жатқан бағдарламаларын басқа Қазақстанның барлық мектептеріне тарту мәселесі алдымызда тұр. Бұл жерде технологияны зерттейміз, дүниежүзінің тәжірибесін зерттейміз. Осы мектептерде бала-ларды оқытамыз. Оқытып шыққаннан кейін бұл балалардың деңгейін ертең халықаралық университеттерге түскен кезде білетін боламыз. Осы арқылы келе жатқан барлық жастардың, ұрпақтың деңгейін, білімін көтеріп, дүние-жүзінің азаматы ғып дайындау алдымызда тұрған міндет болып саналады.» - деген оймен қазақстандық мұғалімдерді жаңашылдыққа міндет етті.
Қорыта келгенде
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады. Еліміздің ертеңгі тізгінін қолына алып, елін, жерін көркейте алатын ұрпақ-қазіргі мектеп партасында отырған қабілеті ерекше, талантты немесе дарынды ұрпақ. Елбасы «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек» - деген. Демек, ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз. Іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан қазіргі жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені, еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы - көптілділік. Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Көптілді болу – уақыт талабы. Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әмбебап, жаһандық құндылықтарға қосу, әлемдік кеңістік пен көршілес мәдениеттер өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыруға болады. Көптілділік қазіргі әлемнің басты мәселесі – адамдар арасындағы келісім мен өзара түсінушілікті шешуге көмектеседі. Қазіргі заманда әсіресе ағылшын тілін пайдалану қажеттілігі туып отыр: онсыз халықаралық қарым-қатынас, жаңа технологияларды меңгеру мүмкін емес. Ғылым мен техника салаларының бірқатарында ол біртіндеп кезінде орыс тіліне тиесілі болған кеңістікті алып келеді. Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту мақсаты мемлекеттік тілге қоса еліміздегі басқа да тілдерді оқып-үйренуді міндеттейді. Бұл мақсаттың аясында қазақ жұртын мекендейтін халықтардың тілдерін дамыту міндеттелген. «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген Қадыр Мырза Әлидің әйгілі өлеңінде лингвистикалық капиталдың негіздемесі жатыр. Өзге тілді білсең — өрге шығасың, Өз тіліңді білсең, төрге шығасың. Орыс тілі әр елге, ағылшын тілі әлемге есік ашады. Жалпы адам неғұрлым көп тілдерді білген сайын, соғұрлым мүмкіндіктері де арта түседі. Өз ана тілінен басқа бір шет тілді меңгерген адамның келесі тілдерді меңгеруі әлдеқайда жеңіл болатынын психолог ғалымдар дәлелдеген. «Қандай да болмасын бір өзге тілді білетін адамға екінші тілді меңгеру біріншіге қарағанда айтарлықтай жеңіл және тез болады. Себебі, бірінші өзге тілді меңгергенде, адамда ана тіліне қосымша үйренуші тіл сезімі қалыптасады, сонымен қатар, жалпы тіл ерекшеліктерін айыра білу қабілеті дамиды, осы қабілеттің арқасында адам тек қана үйренетін тілдің емес, жалпы тілдердің арасындағы ерекшеліктерді айыра алады» . Осы арада айрықша тоқталатын мәселе, тілдің тағдырын тек заңмен, басқа да міндеттеу шараларымен, шешу мүмкін емес. Тілге қажеттілік тудыру керек. Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ. Әрбір адам өз туған халқының, өзі өмір сүретін елдің тілін білу қажеттігі – ертеден келе жатқан қағида. Алайда, жаһандану қалыптасқан осы қағидаға түзетулер енгізуде. Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу қажеттігі туындап отыр. Бұл біздің жастарымыз үшін аса қажет. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.
«Елу жылда ел жаңа...» демекші, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері әлемнің көптеген дамыған елдерімен мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан байланыс жасап келеді. Бұл қатынастардың оң нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтастығы, өзара түсіністігі, яғни тіл білуінен. Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “Мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет” - деп ерекше атап көрсеткен. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады. Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда ағылшын тілі «21 ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Бүгінде осы үштілділікті қолдау, қолдану мақсатында біз, мұғалімдер өз үлесімізді қосуға, оқушыларға аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір кісідей ат салысамыз.
Менің өзгерістерім:
Жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып , оқу үдерісін сындарлы жоспарлауды.
Оқушының қажеттілігі мен қызығушылығын анықтау арқылы сабақты түрлендіруді.
Қазіргі таңда мұғалім тек пән мұғалімі ғана емес , ол - ғылым әлеміне бағыт беруші екенін үйрендім.
Үштілділік аясында оқыту үрдісінде бәсекелестік қабілеті бар көшбасшылар шығару
«Жаңа Қазақстан, жаңашыл ұстаз, жаңа ұрпақ» - бұл білім беру жүйесіндегі, білім кеңістігіндегі мәдениет пен өнердің заманауи дамуының негізі. Еліміздің болашағы - білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ тәрбиелеп, өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп.
«Жай мұғалім – түсіндіреді, жақсы мұғалім – хабарлайды, керемет мұғалім – көрсетеді, ұлы мұғалім - шабыттандырады» деп Уильям Уорт айтқандай, ұлы мұғалім болып оқушыларды өздігінен білім алып, шабыттануына бағыт – бағдар беріп, әлемдік бәсекеге қабілетті, терең ойлай білетін, сандық технологияларда құзырлылық танытатын білімді тұлғаны қалыптастыруға ат салысайық.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық– коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
2.Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы\\ Қазақстан мектебі, №2, 2004.
4. Н.Ә.Назарбаев \\ «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»(Қазақстан халқына Жолдауы).
5. Хасенов Ә. Ті л білімі.- Алматы: Ер-дәулет, 2003.
6.Нұртазин Т. Сөз құдіреті.- Астана: Ер-дәулет, 2007.
7.Құрманбайқлы Ш. Терминтанушы құралы(Сөздік-оқулық) .- Астана: Ер-дәулет, 2007.
8.Тіл туралы толғам.Құраст./ Д.Дүйсебай.- Астана:Ер дәулет, 2007.
9.Қапасова Б.Қ. т.б. Қазақ тілін жедел оқыту.- Астана: «Арман-ПВ»,2009.
Достарыңызбен бөлісу: |