«Бағыттау» жаттығуы Мақсаты: серіктесің үшін жауапкершілікті жоғарылату, күшейту (15 минут).
Пайдалануға қажетті материалдар: бірнеше газеттер, көзді байлайтын таңғыш.
Еденге қалай болса солай газеттерді жыртып тастаймыз. Топ екі екіден жұпқа бөлінеді. Бір студенттің көзін байлаймыз, ол еріп жүруші болады. Оның серігінің міндеті – осы жыртылған газеттен жасалған «бағыттардан» алып өту.
Жаттығуды талқылау. Сұрақтар:
«алып жүрушілер» «еріп жүрушілерге»қарағанда қандай жауапкершілікті сезінді?
«еріп жүрушілердің» жүрісіне жтекшілік жасау қаншалықты қиын болды?
Жүргізушіге ескерту. Студенттерге «алып жүрушілерге» «алып жүрушілер» үшін жауапты болатынын ескерту керек. Егер «еріп жүрушілер» қателессе , онда сол жұп ойыннан шығады.
Оқытушы (дәріс- әңгімелесудің жалғасы).
Шын мәнінде біз өмірімізді өз таңдауымызды толығымен ұғынған кезде, біздің бақыт құсымыз өз қолымызда екенін түсінген кезде ғана өзгерте аламыз. егер біз осы мәселеге саналы тұрғыда мән берсек – ертең біз қандай адам болып оянғымыз келеді?
Көптеген адамдар осы сөзді естіген кезде мұрындарын жиырады. Біздің бұл әңгімемізден, жауапкершілік деген сөзден көңілсіздік пайда болады, ол алып жүруге тура келетін үлкен ауыр жүк секілді қиналады.
Алайда, жауапкершілік концепциясына басқаша қарасаңыз еркіндікті сезінгендей боласыз.
Жауапкершілік - өз өміріңді өзгертуге деген құқығың, оны әрбір секунд сайын қайта жасауға деген құқығың!
Жауапты болу - өзіңе жеке билік жасайтын қожайын болу, иелік ету дегенді білдіреді. Бұл, сенің өміріңе ешкімнің де қол сұға алмайтынын білдіреді. Бұл өз бақытыңды өзіңе жасауға мүмкін екенін және мұнда ешкімнен сен тәуелді емес екеніңді білдіреді...
Жауапты болу дегеніміздің өзі не? Яғни, бұл сенің барлық ойларың, сенің сезімдерің, сенің көңіл күйің, сенің бақытты болуың, бақытсыздығың, немесе сенің ішкі дүниеңде болып жатқан жағдайларды үнемі саналы тұрғыда түсіну. Бұлардың барлығы тек сенікі, басқа ешкімдікі де емес. Сенің іс-әрекетің - бұл сенің жеке ісің, сенің жауапкершілігің, сенің таңдауың. Ешкім бұған жауап бере алмайды – тек сен өзің ғана жауап бересің.
Далай Лама бірде: «Егер адамның ішетін тамағы және жататын жері болса, ол өзін бақыттымын деп санауға толық себептер бар, ал қалғаны - оның таңдауы» деген екен.
Егер сен үнемі көңіл күйің төмен болса, сен бақытсыздықты сезінген кезіңде - өзіңнің ішіңе үңіл, онда не болып жатқанына мән бер, түсінуге тырыс. Бұл жағдайға өзіңді тек өзің жеткіздің, басқалар емес. Егер осы жағдайға өзіңді өзің жеткізген болсаң онда осы жағдайды өзің ғана өзгерте аласың.Осындай саналы түсінік өзіңді, өміріңді өзгертетін күш пайда болады.
Сен өзіңе жауапкершілікті алған кезде сен өзіңнің күшіңе ие боласың. Бұл асыра айтқандық емес аллегория – бұл қандай болған жағдайда бізде үнемі болып отыратын нәзік энергетикалық прцесті тікелей бейнелеу. Мұның барлығы жай қарапайым ғана нәрсе – сен жауапкершіліктен қашсаң осы энергиядан айырыласың, жауапкершілікті мойныңа алсаң энергияны аласың.
Жауапкершілікті басқаға артып қойсаң, онда сен өз қолыңмен өзіңді сол адамға тәуелді етесің.
Еркін болудың арқасында сен өзіңнің өміріңді, өзіңнің бақытыңды жасай аласың. Сен үшін басқалар мұны жасамайды. Тек өзің ғана өзіңді бақытты ете аласың. Сенде басқаларды кінәлауға деген қажеттілік те болмайды. Егер де, сен өзгелердің өзгергенін ашық немесе жасырын болса да өзгергенін қалап, оны өзіңнің қалауың бойынша көргің келеді, мәжбүрлейсің, оларды кінәлайсың. Өмірде өзгені өзгерту деген ең қиынның қиыны, миға сиымсыз нәрсе.
Өз өміріңді - ойыннан тұратын жеңіл биге, тұрақты жеке таңдауыңа айналдыр, өзіңнің болашағыңның әрбір секундын таңдай отырып сіз өзіңіздің әр сәт сайын, кешегіден де жақсы екенініңізді сезінесіз!