Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала



бет99/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта, мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамның өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана.
Туған жері түп қазығы айбыны,
Туған тілі мәңгі өнеге айдыны,
Салт-дәстүрі қадамына шуақ шашар үнемі,
Және туған тарихы еске алуға қаншама
Ауыр, әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер,
Төрт анасын менсінбеген халықтың,
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған!
Қасиетті бұл төрт ана тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес,
Күрестердің ұлысы!»
«Отан деген не?» - деп сұраққа жазушы Л.Н.Толстой былай деп жауап беріпті: «Ол - белгілі бір аумақта өзінің тарихи іс қимылын жүзеге асырып жатқан бүкіл халық. Ол – халықтың өткені, бүгіні және келешегі. Ол – оның өзіндік мәдениеті, оның тілі, оның мінез құлқы, ол - сол халық жасайтын революциялардың, тарихи секірістердің, оның тарихи желілерінің тізбегі».Отанға деген қарым-қатынас адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының көрінісі. Отансыз адам болмайды.
Отан - белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы - ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида етіп күресіп келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жар-қосағы, дос –жаран, ағайын туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, өлгеннен кейін де ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Ежелгі заман ойшылы, әйгілі шешен Цицерон «... сүйіспеншілік туралы барлық түсініктеріміз «Отан» деген бір ғана сөзге біріккен», десе, С.Кеосский: «Адамның толық бақытты болуы үшін аяулы Отаны болуы керек» - дейді. Ал немістің ұлы ақыны Ф.Шиллердің ұғымынша, «Отаннан сүйкімді ештеңе болмақ емес», Отан соғысының атағы жер жарған қаһарманы әрі әйгілі қолбасшы, қазақ халқының дана да батыр перзенті Бауыржан Момышұлының: «Отан үшін отқа түс, - күйейсің!» деген әмір бұйрықтай нақыл сөзінің өмірдің өзінен алынып, жүректен шыққаны даусыз. Өзі үшін отқа түскен ерлерін қайырымды халқы, Отан-анасы да ұмытпай, мәңгілік даңққа бөлейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл-қыздары атамекенін, туған елін жауынан жан аямай қорғап, ата-бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарған.
Патриотизм (грек тілінен аударғанда - отандас деген ұғымды білідіреді)- Отанға деген махаббаттан туатын адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім және Отанға деген қызығушылықтарын өзінің қызығушылықтарынан жоғары қоя білуге даярлығы.
Әр уақыттағы патриотизмнің көрінуі әрқалай болғанымен, оның мәні ешқашан өзгермейді.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Алия Молдағұлованың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Соғыс басталған кезде қазір сіздер қанша жаста болсаңыздар сонша жаста болды деп айтуға болады. Сіздер мектеп кезінен бастап Алия Молдағұлованың еліміз үшін өте ауыр кезеңдегі жоғары патриотизм көрсеткен ерлігі жайлы естіп өстіңіздер. Көптеген Қазақстан қалалары мен Ресейде оған арналып ескерткіштер қойылған.
Әндер тыңдау.
Студенттер Роза Рымбаеваның орындауында «Алия» әнін немесе үзінді тыңдайды.
Педагог Алияның өзінің әпкесі Сапура Молдағұловаға жазған хатынан үзінді оқиды: «Салем, қымбатты Сапура! Бәрінен бұрын өзіңнің денсаулығың, өмір барысы, көңіл күйің, жалпы туған республикамыздың өмірі қалай болып жатыр? Өзің және туған туыстар жайлы барлығын жаз. Сен білесің ғой, сенің олар туралы жазғандарың мені өте қатты қуантады, себебі біздің арамызды қаншама километрлер бөліп тұрса да, қанша қашық, алыс болса да, өзімнің Қазақстанымда, сендермен бірге қалай өмір сүргенімді көз алдыма елестетемін. Сендерді көріп, туған ауылымда бірге болғым келеді. Біз барлығымыз бірге – Отанымызға жеңіске жетіп, кездесуімізді тойлайтын боламыз!...».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет