13 - сабақ
Тақырыбы: «Педагогтың имиджі: классикадан қазіргі заманға дейін»
Сабақтың мақсаты: «педагог» мамандығының негізгі қағидалары мен құндылықтарын зерттеу; мамандықың артықшылықтарын, педагогтың маңызды қасиеттерін ашу; «имидж» ұғымының мәнін өзін-өзі анықтау факторы ретінде қарастыру, харизматикалық тұлғаның негізгі қасиеттерін зерттеу.
Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау, жаттығу, тестілеу, коллаж, шағын топтармен жұмыс жасау.
Материалдар: хрестоматия, тесттің бланктері, ватман, қарындаштар, маркерлер, коллаж үшін әртүрлі газет-журналдар (тігіндісі).
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу рәсімі.
Оқытушы жаңа модульдың сабағында барлық қатысушылармен сәлемдесіп, «Мүсін» жаттығуын ұсынады.
Жаттығу «Мүсін».
Топ жұптасып бөлінеді. Педагог нұсқау береді: «Бір-біріңді сезініп, түсінулеріңіз үшін мен «Мүсін» жаттығуын ұсынамын». Өзіңізді топта тап осы мезетте қалай елестететініңізге қарай қиялдап көріңіздер, серігіңізді «саз балшық» ретінде пайдаланып, бірде-бір сөз айтпастан, одан сіздің бейнеңізді анықтайтын мүсінді жасаңыз. Сіз серігіңізге нені және қалай жасайтыныңызды айтпай, бірақ көрсетіп, оның денесі мен бет әлпетімен жұмыс жасай аласыз». Топ мүшелері өз мүсіндерін жасап болган соң, педагог кішігірім піірталас ұйымдастырып, келесі сұрақтарды қояды:
авторға: мүсініңіз арқылы қандай сезімдеріңіз бен ойларңызды жеткізгіңіз келді?
«мүсіндерге»: сіз арқылы жасалынған бейнені қалай түсінгеніңізді айтып беріңізші?
Талқылау. Жалпы жаттығу адамдардың бір-бірін түсінулеріне, сабақта оңтайлы көңіл-күйді қалыптастыруға бағытталады.
Дәріс-әңгімелесу.
«Адам бола білу – ең қиын мамандық».
Хосе Марти
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға...»
Абай.
Елдің келешегі – ұстаздың қолында.
Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан басталады.
Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.
Оқытушы. Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен тәжірибесі, соның ішінде көрегенділік деп аталатын адамгершілік, тәлімгерлік тағлымдары ұрпақтан ұрпаққа ұстаздық-шәкірттік үрдісі арқылы беріліп, жалғасын табады. Ұстаздық пен шәкірттік – адамбаласы арақатыынастарыныың ең бір абзал әрі мағыналы, мәнді түрі. Ұстаз ұғымыны кең. Оның ең негізгі мәні жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді. Адамзаттың тұтастай тіршілігінің барысында «педагог» мамандығы ең қажеттісі, беделдісі және жауаптысы болып табылады. Жас ұрпақ дүниетанымының, адамгершіліктің қалыптасуы, баланың рухани әлемінің дамуы, демек – елдің болашағы педагогқа байланысты болады.
Ұстаз болғаныңмен, балалық шақтың елестері және әлемді кіршіксіз таза қабылдау ешқашан ұмытылмайды. Балалардан көп дүниелерді үйренуге болады, олармен өзіңді мәңгі бақи жас сезініп, әрбір күнің алдыңғысына ұқасамайды.
Барлық кезеңдегідей қазір де ұстаз ол – білімдердің қоры, еліктеу үлгісі ғана емес, сонымен қатар балар үшін рухани тәлімгер. Ол балаларға мейірімді зұлымдықтан, шындықты өтіріктен ажыратуға үретеді. Мұғалім өз еңбегінің нәтижесін – табысты дана адамды көргенде – ол ұстаз үшін еі жоғарғы марапта болып табылады.
Мұғаліммен жұмыс жасағанда және қызметтік міндеттерді орындау шеңберінде әртүрлі семинарларға, кездесулерге, конференцияларға қатысу арқылы пікірлестеріңді, жаңа достарды тауып, ұстаздықты мамандық емес, өмір салды ретінде қабылдайтындармен араласу мүмкіндігі туады.
Мұғалім мамандығының артықшылығы бұл - шығармашылық қабілеттеріңді ашу, бедел мен силастыққа ие болу, оқушыларыңның жүрегінде өзің жайлы естелік қалдыру әрі кездескенде алғысқа кенелу мүмкіндігі.
Ұстаздық бұл – мәні білімдерді жеткізуде анықталатын мамандық, сондай-ақ адамның басқа адамның алдында өзін-өзі дәлелдеу, тұлғаны қалыптастырудың жоғарғы миссиясы. Жаңа типтегі мұғалімнің жалпы және кәсіби дамуы келесі жағдайлармен сипатталады:
жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік;
балаларға деген сүйіспеншілік, оларға өзінің жүрегін табыс ету қажеттілі мен қабілеті;
шынайы зиялылық, рухани мәдениет, өзгелермен жұмыс жасай алу іскерлігі және тілегі;
жоғары кәсібилік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың ақпараттық үлгісі, жаңа құндылықтарды жасауға және шығармашылық шешімдерді қабылдауға даярлық;
тұрақты түрде білімін жетілдіріп отыру қажеттілігі және оған даярлық;
дене және психикалық денсаулық, жұмысқа деген кәсіби қабілеттілік.
Ұстаздық борыштың негізін балаларға деген махаббат құрайды. Осындай негізгі қасиет ұмтаздың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайтын көптеген кәсіби маңызды қасиеттердің мақсатты дамуының, өзін-өзі жетілдірудің алғышарты болып табылады. Ондай қасиеттердің ішінен педагогикалық борыш пен жауапкершіліктің орны ерекше. Мұғалім ұстаздық борыш сезімін басшылыққа ала отыра әрдайым балаларға және ересектерге, көмегіне мұқтаж адамдардың барлығына өзінің құқықтары мен біліктіліктерінің шеңберінде қол ұшын беруге даяр болады.
Достарыңызбен бөлісу: |