Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет106/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Жаттығу: «Бала»
Жаттығудың мақсаты: студенттердің балаларға эмоциялы-жағымды қатынасын қалыптастыру.
Студенттер тобы шеңбер құрып отырған соң, кезек-кезекпен «бала» сөзіне анықтама береді (мысалы, бала, ол – бастауыш мектеп жас шамасындағы оқушы). Алғашқы сөйлемнің мәні әркез: «Бала ол - ... » деген сөздерді қамтиды. Ары қарай сөйлемді қалауынша аяқтай алады.
Талқылауда педагог топтың назарын жағымды анықтамаларға бағыттайды.
Оқытушы. (Дәріс-әңгімелесудің жалғасы)
Мұғалімнің өзін-өзі дәлелдеуі педагогикалық борыштың басты көрінісі болып табылады. Оның еңбекке деген мотивациялық – құнды қатынасы дәл сонда анықталады. Ондай қасиетке ие болған мұғалім жұмысында уақытқа тәуелді болмайды, тіптен денсаулығын сарп етуге даяр болады. А. С. Макаренконың, В.А. Сухомлинскийдің, И. Алтынсариннің өмірі мен іс-әрекеті өзін-өзі кәсіби дәлелдеудің айқын көрінісі болып табылады.
Оқытушы дәріс-әңгімелесуді слайдтармен жалғастырады:
1 слайд - Педагогикалық әділдік адамдардың артықшылықтары мен олардың қоғаммен мойындалуының, құқықтары мен міндеттерінің арасындағы сәйкестікті сипаттайды. Ол оның оқушылардың қылықтарын, олардың оқуға, қоғамдық іс-әрекетке деген қатынастарын бағалауда көрініс беретін педагог объективтілігінің өзіндік бір өлшемін, оның адамгершілік тәрбиесінің (мейріміділігі, принципшілдігі, адамилығы) дәрежесін білдіріп, ерекше сипатқа ие.
2 слайд- Педагогикалық абырой бұл – педагогтың өзінәң қызметінің маңызын сезінуімен қатар, оның моральды еңбегінің және қасиеттерінің қоғаммен мойындалуын анықтайтын ұғым. Педагог мамандығындағы жеке-дара абырой мен ар-намыстың жоғары деңгейде ұғынғандығы айқын байқалады. Педагогтың ар-намысы – оның кәсіби борышты өтеуде көрініс беретін шынайы кәсіби артықшылықтарының қоғаммен бағалануы.
3 слайд - Педагогикалық бедел бұл – беделді және сыйлы педагогтың тәрбиеленушілердің мінез-құлықтарын реттеп, олардың сенімдеріне ықпал ететін тәртіптің өзіндік бір үлгісі, педагогтың оқушылар мен қызметтестерінің ұжымындағы моральды мәртебесі. Педагогикалық беделдің деңгейі педагогтың алдыңғы моральды-этикалық және психологиялық-педагогикалық даярлығына байланысты болады.
4 слайд – Педагогикалық сана педагогтың өзінің мінез-құлқының нормаларын, көзқарастарында, түсініктерінде, сезімдері мен әдеттерінде бекітілетін тұлға қасиеттерінің құндылығын және қоғамдағы өзара қатынастарының сипатын ұғынуы (түсінуі және қабылдауы) ретінде ұарастырылады. Жеке-дара адамгершілік санада адам тұратқты өзара әрекеттесетін ортаның ерекшеліктері де сипатталады. Ол өз кезегінде педагогтың адамгершілік көзқарастарының, адамгершілік санасының қалыптасуына біршама ықпал етеді. Педагогикалық санадан адамгершілік тәжірибеге көшу педагогикалық такт ретінде қарастырылатын педагогикалық әдептің бір категориясы ретінде ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет