Даналық сабақтары. Шағын топтарда жұмыс. Нұсқау: Келесі айтылымдарды студенттермен талқылаңыздар:
Өмір біз ойлағандай қарапайым емес. Ол одан да оңай. (Сократ)
Табандылық пен бірбеткейліктің айырмашылығы, біріншісі күшті қалауға ие, ал екіншісі керісінше қаламауға ие болуымен ерекшеленеді. (Генри Уорд Бичер)
Жүректе қалау болса, ақыл арманды сақтайды. (Франсуа Рене де Шатобриан)
Егер сізге некерек екенін білсеңіз және оның тез орындалуын тілесеңіз, сіз осыған жетудің тәсілін табасыз. (Джин Рон)
Жер бетіндегі сенің міндетің аяқталғанын тексеру оңай: егер сен тіршілік етсең-ол жалғасын табады.(Ричард Бах).
Оқытушы. Өз жүрек үніңді тыңдай біл! Өзіңмен сырлас! Парасаттылық өзіңді тыңдаудан басталады. Әрбір пенде өз өмірін, өз әлемін құрайды.
Ойлы адам оза береді, ойсыз адам тоза береді. (Қазақ мақалы )
Біз өз әлемімізді өзіміздің ойлау жүйемізбен, сезім, эмоцияларымызбен, іс әрекеттерімізбен, мінез қылықтарымызбен өзіміз жасаймыз. Барлық өмірдегі кездесіп жататын проблемаларымыздың шешілуі өзімізге. өз тағдырымыздың жауапкершілігін өзіңізге жүктеңіз. Мұны түсінудің өзін өзі тануда маңызы зор. Өз өміріңнің жауапкершілігін өзіңе жүктеу – айналаңдағы адамдарды кінәлаудан, өсектеуден, сынаудан, көре алмаушылық және т.с.с. жағымсыз қасиеттерден арылу, жаныңды тазалау, емделу деген сөз. Өзін - өзі тану – адамдардың өзін, өзінің әлеуетті қасиеттерін, тұлғалық интеллектілі ерекшеліктерін, мінез бітістерін, басқа адамдармен қатынастарын тану үрдісі. Адам өмірінің рухани-адамгершілікті қағидаларының дамуының маңызды шарттары: - Өзін бақытты ету үшін, ең бірінші өз өміріне деген жауапкершілікті мойнына алу керек.
- Ары қарай өзгеруді қалау керек. Біздің қалауымыз - бұл бізді алға итермелейтін күш-жігеріміз.
- Өзіңе сену де маңызыды болып табылады. Сенім - сіздің көмекшіңіз, сіздің шабытыңыз. Сенім- студенттің тұлғалық өсуінің маңызды жағдайы.
- Соңғысы – бұл сіздің белсенділігіңіз. Әрекетсіз және тәртіпсіздіктен қажетті нәтижеге жетпейсіз.