«Менің құндылықтарым» жаттығуы. Оқытушы студенттерге шеңбер құрып, онда еркін, көзін жұмып отыруларын және де педагогтың дауыс ырғағына мән беруін сұрайды.
Біз жер әлемін тастап кетіп бара жатырмыз. Өзімізбен бірге он маңызды, қажетті нәрселерді, ұғымдарды сыйқырлы қапшыққа салып алып кете аламыз. (Ойлануға 0,5 минут беріледі).
Оқытушы: «Жағдай өзгерді, үш түрлі затты, ұғымды алып кетуіміз керек! Не алдыңыздар». Студенттер көздерін ашады. Әрбір студент қандай үш маңызды затты, ұғымды алғаны туралы айтады.
Бұл жаттығу өмірлік жағдайларда өте маңызды болып табылатын адам өміріндегі маңызды болып табылатын құндылықтарды саналы түрде ұғынуға бағыытталған.
Оқытушы (дәріс-әңгімелесудің жалғасы).
Неміс философы және мәдениеттанушысы О. Шперглер мәдениеттің қалыптасуындағы маңызды сәт «жан дүниесінің оянуы» дегені, өзінің жеке белгілі мәдени негізін жасайтын ішкі және сыртқы күштерден өзін қорғай алуға қабілетті адамзат қоғамының білімін алға тартатын ментальді және ұйымдастыруы болып табылады. Мәдениеттімізді дамытушы Ұлы тұлғалардың барлығы адамгершілік идеалдарына руханилыққа ұмтылушылар болып табылады.
«Даналық сабағы». Оқытушы. Қанекей, жан дүниенің оянуы процесі туралы эстон емшісі Виилма Луум қалай талдайтыны туралы тыңдаймыз: «Адам - өз мінез құлқының айнасы. Әрбір адамда тұлғалық қасиеттер болғанымен, олардың барлығын тұлға деп санай алмаймыз. Тұлға боламын деген тілектен тұлға болмайды. Тұлға болу үшін әркім өзімен өзі болу қажеттілігін сезінуі керек. Кімде- кім өзінің алдына қойған мақсаты үшін күресетін болса, сол адам шын мәніндегі емес, танымал тұлға бола алады. Ол өзін тұлға ретінде, ал оның поклонниктері оны тұлға деп атауы мүмкін. Шындық кейіннен ашылады. Адам өзінің қателескенін білген кезде, оның өмірінде тазару басталады. Тұлғалық жетілдіру – жаңа даму басталады. Сол кезде адам өзінің адам екенін түсінеді. Жәй ғана адам. Өмір адамға өзін - өзі тану үшін үнемі рухани, ішкі және материалдық сабақтардан өтеді. Кімде-кім өзінің сезімдерін, оның мәнін бағалай білуді үйренсе, сол адам сезіммен, махаббатпен ойлай білуді үйренеді. Махаббат туралы шын сезіммен, махаббатпен ойлауға қабілеттілік адамды бақытқа бөлейді».
Біздің әңгімеміз бүгін көтерілген мәселердің нақты анықтамасын табуға деген біздің тілегімізді қанағаттандыратын бірден терең шындықты тауып, оған жауап берумен шектелмейді. Бірақ, шындықты іздеу процесінің өзі - адамда танудың және өзін-өзі тануды қайта жасауға алып барушы күшпен, жоғарыда келтірілген жалпыадамзаттық құндылықтарына сәйкес таңдап алынатын стратегияларды қалыптастыру қабілеттілігіне ие болады және осы сұраққа жауап табады.