Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет87/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Оқытушы. Адам болу дегеніміз – адами тұрғыдан даму, іс әрекет жасау. Абай ескіше өмір сүруді сынға ала отырып, адамның өміріндегі маңызды қасиет – адамгершілікті, дәстүрлі әлемдік көзқарастарды, жаңа этникалық қағидаларды қалыптастыру қажеттігін дәлелдейді.
Жаңа адам – бұл шығармашылықтың адамы. Абай концепциясы – бұл еңбексүйгіш, белсенді, сауатты, өмірде өзінің білімі мен күшіне сенетін адамның концепциясы. Еңбексүйгіштік, сауаттылық, мейірімділік, борыш - міне бұл оның негізгі адами принциптері болып табылады. «Адамдардың ішіндегі ең жаманы- бұл ұмтылысы жоқ адам. Әрбір адамның ұмтылысы бар, бірақ оны дамыту қажет!». Осымен бірге, адам өте мейірімді, қайырымды болуы керек. Мейірімді бол, басқа адамдарды бауырым деп сана, өзіңе не тілесең өзгеге де соны тіле. Мінекей жүрегің үшін өзіңе шыншыл жүректі тәрбиелеуге арналған жақсы ережелер. Ерік жігер, ақыл және жүрегің дауласқанда, жүрегіңді тыңда: «Адам іруақытта жүрегін тыңдай білуі керек. Егер жүрегің таза және шыншыл болса, онда адамдардың арасында реніш, мұң болмайды. .. Барлық қайырымдылық, қарапайымдылық, әділдік, мейірімділік - барлығы осы жүректен шығады». Бұл ұғымдар адамның адамгершілігінің негізін құрайды.
Адам болам десеңіз бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол!
...Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым, ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз... деп жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықты үйреніп, үлгі тұтып өсуге шақырады. Өлеңдеріндегі осындай терең гуманистік, жоғары эстетикалық философияға құрылған ой жүйелері Абайдың биік танымын аңғарта түседі.
Абайдың қазынасы мұрасы қазақ халқының ғана емес, бүкіладамзаттың таусылмас қазынасы десек те болады. Оның даналығы - үлкен философиялық мәселелерді шешуге барлық мұсылман атаулыға тән ислам дінінің қағидаларын арқау етуі. Сөйтіп жаны таза, эстетикалық талғамы жоғары образды сомдауда, соның алғышарттаррын көрсетуде алдына жан салмас шеберлікке қол жеткізуі.
Абай өмір жолын тануды білімге, ғылымға негіздеу керек дейтін қағиданы ұстанады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет