Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


Проективті сурет «Толеранттылық кеңістігі»



бет85/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Проективті сурет «Толеранттылық кеңістігі».
Нұсқау: әр студент «Толеранттылық кеңістігі» атты сурет салып, оның түрлі-түсті реңктермен және формалармен толтыруы қажет.


Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Сабақты орындау барысында қандай сезімде болдыңыз?

  • Неліктен дәл осы түстер мен формалар сіз үшін артық көрінді?



Нәтижелеу. Сабақтың қорытындысы.
Оқытушы. Адам бүкіл өмір барысында өзінің тұлғасын құрайды, құрауды жалғастырады және қайта құрайды. Оның өмірінің бүкіл тәжірибесі, сондай-ақ болжалды болашақ қоршаған әлем жайлы түсініктің қабылдануын реттейтін сенімдер мен құндылықтар түрінде бекітіледі. Мінез-құлықтың әралуын түрлерінен құралатын адам өмірінің траекториясы тұқымқуалаушылық, орта және тұлға атты үш фактордың үздіксіз қзара әрекеттестігінің нітижесі болып табылады. Дәл сол факторлар адамның қайталанбастығы мен бірегейлігін анықтайды. Адам өмірінің әралаундығын қамтитын тұлғаның өмірлік жолы (мамандық таңдау, мансап, өмірлік дағдарыстарды жеңу, отбасындағы қарым-қатынас) тұлғаның дамуын бейнелейді. Адам өзін жақсы жаққа қарай өзгертуге тырысып, өз-өзімен татулықта тіршілік етуге ұмтылуы тиіс. Жалғыз басты қателік – өзінің өткен шақтағы қателерін өзгертпеу.
Қоштасу рәсімі.
Жаттығу «Достық құшақ». Барлығы бір-біріне бетпе-бет қарап, шеңбер құрып тұрады. Кейін қолдарын бір-бірінің иықтарына қойып, оң қолын көтеріп, оны шеңбердің ортасына қарай созады. Жетекшінің бұйрығы бойынша барлығы ішке қарай адым жасайды.

3 - МОДУЛЬ. «Адамзат тәжірибесі».
Кіріспе.

Берілген модуль жалпыадамзаттық құндылықтар туралы және оларды адамгершілік категория контексінде адамзаттың рухани мәдениетін біріктіретін білімдерді ашады. Қазіргі кезде жастардың рухани дамуы жағдайында берілген адамзаттың жинақталған тәжірибе, рухани адамгершілік тәжірибе формасында студенттерді кеңінен бағыттайды.


Адам өмірінің адамгершілік рухани мәні оның өзіне, табиғатқа, қоғамға, дінге, мәдени мұраларға деген қарым қатынасынан қалыптасады, бекиді. Үшінші модульде беріліп отырған материалдар мәдени мұраларымызды тереңінен тануға, зерттеуге, өнар арқылы әлемді сезіне білуге, Қазақстан халықтарның рухани құндылықтарына қамқорлықпен қарау, патриотизм, азаматтық ұғымдарының өз бойында бекітуге, адам өмірінде діннің рөлін анықтауға, конструктивті іскерліктәі мақсаты ретінде «транспаренттілік» ұғымына компонентті болуға мүмкіндік береді.
Модульдің мазмұны студенттердің теориялық философиялық ой пікірлердегі құндылықтар категорияларына: адамгершілік, руханилық, азаматтық, патриотизм, жауапкершілік және т.б. бағытталған. Сондықтан, бұл модульде тақырыптарға байланысты дәрістер, әңгімелер, диспуттар, ой пікірлерді талдауға берілген. «Адамзат тәжірибесі» модулінің мазмұны студенттің жеке тұлғалық өмірлік көзқарасының қалыптасуына әсер ететін әлем туралы негізгі білімдерді оқып үйренуге болатын арнайы бекітілген сабақтардан және тақырыптқа сәйкес таңдалынып алынған әдебиеттерден тұрады. Ең маңыздысы, адамның рухани адамгершілік даму мәселелерінің әмбебаптылығы мен «мәңгілігін», маңыздылығын студенттердің түсінуі. Бұл модуль адамзат өміріндеггі барлық кезеңдердегі негізгі философиялық және діни білімдердің адамның адами мәселелерін қозғайды және аша түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет