Психикалық және эмоциялы қиындықтарды қалай жеңесіз: жолдары мен тәсілдері?
Қарым-қатынастағы кедергілерді жеңудің әдіс-тәсілдеріңіз бар ма?
Жаттығу «Мен адамдардың ортасындамын» Нұсқау: Топтағы әрбір студент кезекпен мүсіншінің рөлін атқарады. Ол топтың басқа мүшелерінен мүсін жасайды. Бірінші тақырып: «Мен адамдардың ортасында - шынайымын»; екінші тақырып: «Мен адамдардың ортасында - идеалдымын». Символдар түрінде әрбір студент басқалардың арасындағы өзінің азды-көпті ақиқатқа жақындатылған орнын бейнелейді; екінші жағдайда шын мәнінде қалаған орнын бейнелейді.
Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
Қандай ұстанымда барынша эмоциялы үйлесімді сезіндіңіз?
Кімнің мүсіні сізге бәрінен де артық ұнады, неліктен?
Жаттығу «Толеранттылықтың рецепті» (шағын топтармен жұмыс) Мақсаты: Студенттерде қарым-қатынастағы толеранттылық туралы анық түсінік, айналадағы адамдармен тиімді өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: шағын топтарда «рецепт» - толерантты адамның бейнесін құру. Топпен жұмыс жасаған соң, сөз алған адам міндетті түрде 2 факторды бөліп көрсетуі тиіс:
1 фактор – «Толеранттылық ингридиенттері» - адам тұлғасы мінезінің психологиялық қасиеттері.
2 фактор – «Толеранттылықты даярлау тәсілі»- ондай адаммен өзара әрекеттесу әдіс-тәсілдері.
Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
«Толеранттылық рецепттерінің» қайсысы бәрінен де артық ұнады, неліктен?
Толеранттылықтың қуаты мен әлсіз тұсы неде?
Сіз өзіңізді толерантты адам деп айта аласыз ба?
Оқытушы. Әркімнің толеранттығын дамытуға көмектесетін ережелер бар – адамдарға деген парықсыздық олардың тарапынан да сәйкес қатынасты тудырады. Айналамыздағы адамдардың қатынасы өзімізге байланысты.
- өзгелердің бойынан мін іздемеу;
- өз міндеттеріңді жақсы білгенде, құқықтарын қорғай бастау;
- зорлық-зомбылық, күш жұмсау арқылы өзгені өзіңе бағындыруға болады, алайда ол тек табыстың елесі ғана;
- адамдар бізді сөздерімізге емес, қылықтарымызға қарайды;
- сынның қарапайым ұрысқа алмасуына жол бермеген әрі сынағаны үшін ешкімді қудаламаған пайдалы бұл тек қателерден қорғап, беделіңді арттырады.
- орынды қалжың өміріміздің бұлыңғыр тұстарын ажарлы етіп, басқалардың көңілін көтереді;
- адамдарды сыйлаңыз және олардың артықшылықтарын қорламаңыз.