Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


Даналық сабақтары. Шағын топтармен жұмыс



бет82/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Даналық сабақтары. Шағын топтармен жұмыс.
Студенттермен келесі ойларды талдау:

  • «Өзінің әлсіздігін көпірме сөздермен және игі қағидалармен бүркеуге тырысқан адам, ерксіз күман тудырады» (ДжавахарлалНеру)

  • «Өзің жайлы көп сөз – өзіңді жасырудың құралы да болуы мүмкін» (Фредерик Ницше)

  • «Маған қиындықтың барлық жақтарын қамтуға кедергі келтіретін, әсіресе өмірдің тамыры терең қиындықтары туралы сөз болғанда адамның шектеулілігін көргенде жасқанамын» (Джек Лондон)

  • «Даудың ең қиыны – өзіңнің пікіріңді дәлелдеумен қатар, ол жайында анық түсініктің болуы» (Андре Моруа)

  • «Біз үшін тыңдалғаннан гөрі, сөйлеген маңыздырақ» (Томас Джефферсон)

  • «Қақпаның не үшін қойылғанын білмей жатып, оны ешқашан бұзбаңдар» (Честертон Гилберт Кийт)

Оқытушы. Көптеген адамдардың өмірдегі ортасы – өзара әрекеттестіктері жалпылама «+» немесе «-» белгілерімен бағалануы мүмкін жақындары (туыстары, қызметтестері). Ол адамдармен жақсы да жағымды қатынастарымыз біздің жай-күйімізді жақсартады, беделімізді арттырады, жайлылықты сезінуге мұрша береді. Адам оларға қуаныш пен пайда әкеліп, өзінің ортасына жағымды ықпал етіп, олардың тарапынан жауапты үйірсектікті, сүйіспеншілікті күтеді. Әлдекімнің сізге мейірімге толы шынайы сезімдерін сарп етіп, көмегіңіз беп арқау болғаныңызға алғыс айтқаны қандай жақсы. Дәл сол сәтте «Сен жақсысың» деген жауапты сезімге, мойындауға, қабылдауға ұласатын «Мен жақсымын» деген түйсік орын алады. «Мен жақсымын – Сен жақсысын» моделі әлеммен жайлылық пен тепе-теңдік сезімін қалыптастырып, жұмыс жасай бастайды. Г.Харристің «Мен жақсымын, Сен жақсысын» кітабында өзара әрекеттестіктің: Мен жақсымын – Сен жақсысын, Мен жақсымын – Сен жамансын, Мен жаманмын – Сен жақсысын, Мен жаманмын – Сен жамансын атты төрт түрі жақсы қарастырылған. Осы модельдердің барлығы адамға дүниеге келу сәтінен бастап беріледі. Адамның өзінің қуатына деген сенімділігін, табыстылығын «Мен жақсымын – Сен жақсысын» моделі анықтайды. Бұл барлығы өмірінде өол жеткізуге тырысатын бақыттың өзіндік моделі болып табылады. Аталмыш модель адамға ішкі тепе-теңдікті табыс етіп, әлеммен тепе-теңдікті қалыптастыруына ықпал етеді. Толеранттылық бәрінен де «Мен жақсымын – Сен жақсысын» моделіне сәйкес келеді, бірақ ондай модель қажеттілік, мәжбүрлілік ретінде ұғынылады. Бұл сірә, өзгені шартсыз қабылдау ол үшін әлденені алумен емес, адамның дербес ұстанымымен және басқа адамды құндылық ретінде қабылдауымен жүзеге асырылатын «Сен жақсысың – Сен жақсысың» моделі болар. Сонымен қатар өзгеге ондай қатынасты бірден қалыптастыру мүмкін емес сияқты, кейде тіптен мүлде қол жетпейтіндей болып көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет