Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет79/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика
Тесты БД для Платонуса
Рөлдік ойын «Лифтідегі оқиға».
Мақсаты:Дау-дамай жағдайындағы әртүрлі сезімдер мен күйлердің мінез-құлықтағы көріністерін зерттеу.
Нұсқау: Сегіз студент сыныптың ортасына орналасады. Қатысушыларға ойынның желісі түсіндіріледі: «Барлығыңыз – бір үйдің тұрғындарысыздар. Бір күні сабаққа бара жатқанда барлығыңыз лифтіде кептеліп қаласыздар. Әркімнің әртүрлі сезімдері байқала бастайды. Қандай сезімнің орын алатындығын – үлестірмені алғанда білесіздер. Сіздің эмоциялы мінез-құлқыңыз үлестірмеде жазылған күйге сәйкес келуі тиіс. Оны сөзбен атап айтуға болмайды». Студенттердің айналасында, арқалары ішке қаратылып, орыныдықтар қойылады – ол лифтіні бейнелейді. Студенттердер жағдайды 7-10 минут көлемінде баяндап, көрсетеді. Қалған студенттер бақылап отырады.
Сезімдер мен күйлердің атаулары жазылған үлестірмелер:

  • «Қуаныш, шаттық, рахаттану...»;

  • «Қызығушылық, толқу, қозу... »;

  • «Қайғы-қасiрет, бейнет, жабығу, депрессия... »;

  • «Ашу, ыза, наразылық, зығырданы қайнау... »;

  • «Қорқыныш, мазасыздану, қауіптену... »;

  • «Жек көру, тәккапарлану, менсінбеу... »;

  • «Ұялу, өзін-өзі жою, ыңғайсыздану... »;

  • «Таң қалу, таңдану...».



Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

  • Эмоциялы күйді қалай жеткізе алдыңыз?

  • Өмірдегі дау-дамайда ол сезімді қалай көрсетемін?

Бақылаушылар кімнің қандай сезімдерді көрсеткендеріне қатысты өз болжамдарымен бөліседі.


Оқытушы. Шамамен бірдей даулы жағдайларда әртүрлі адамдардың өздерін әрқилы көрсететіндерін байқау қиын емес. Әлеуметтік психология адамдардың даулы жағдайлардағы мінез-құлықтарының едәуір кең таралған тқрт түрін көрсетеді: «Бірінші тип – дау-дамайдың дамуына ықпал ететін агрессивті мінез-құлық, екіншісі – ымырашылдыққа бейімділік жайында дәлелдейтін мінез-құлық, үшіншісі бағынуға бейімділікке, яғни шешімді қарама-жақтың қабылдауына байланысты; төртінші тип даудан қашу бейімділігін анықтайды». Шынайы өмірде аталмыш типтер «таза күйінде» кездеспейді, бірақ адамдардың көпшілігін даукес мінез-құлықтың қайсыбір түріне жатқызуға болады.
В.И.Сперанскийдің ойынша дау-жанжалдарға бейім адамдарды: даукес және даулы деп екі топқа бөліп, қарастыруға болады. Бірінші топқа істердің қазіргі жағдайының, басқару әдістерінің, қиындықтарды шешу тәсілдерінің және т.б. тұрақты қарсыластары. Олар үшін ақиқаттың сара жолынан гөрі, өзгелерден ерекше жеке-дара ұстанымдары артығырақ. Олармен бір ұжымда қызмет ету қиын, алайда ондай мәңгі «негативистер» ақиқатты іздеуге өзгелердің белсенділігін ынталандырады. Екінші топқа даулы адамдар енеді. Ол шексіз эгоцентризмге ие, өзін-өзі жоғары бағалайтын, нарциссизмге шалдыққан, адамдардың сеніміне кіре алатын адамдар. Алайда олар достық қатынастарды ұзақ мерзімде сақтауға және адал ниетпен еңбектенуге қабілетсіз келеді. Ол адамдар айналасындағылармен өзара әрекеттесіп, эмоциялы қақтығыстардың бастауына айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет