Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет83/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Жаттығу «Ауылға ауыл».
Мақсаты: толерантты өзара әрекеттестік арқылы қарым-қатынаста біліктілікті қалыптастыруға үйрену.
Нұсқау: Студенттердің екі тобы бір-біріне қарама-қарысы қарап тұрып, қарсылас топтағы студенттердің қайсысына өздерінің жағымсыз эмоциялары мен кіналарын бағыттайтындарын келіседі. Одан кейін студенттердің бірінші тобы сөз алып, өздерінің жолдауын кімге арнайтындарын айтады. Екінші топ тыңдап, егер агрессия мен кіналар бағытталған студент дәлелді жауап бере алмаса, топ өздерінің мүшесін агрессивсіз, толерантты қарым-қатынаста қорғайды.


Студенттерге талқылуға ұсынылатын сұрақтар:

  • Сіз қорғану және кіналау жағдайында өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  • Қарсыластарыңызбен қарым-қатынаста толеранттылыққа қол жеткізу оңай болды ма?



Астарлы әңгіме «Әртүрлі қиыншылықтар»
Бір қыздың соңынан өмірінде қиындықтар таусылмайды. Бір қиыншылықты жеңсе болды, алдында басқаасы пайда болатын да тұратын. Алғашында ол оның барлығын батыл жеңіп отыратын, бірақ бір сәтте үмітсіздік орын алады.
Ол данагөйге көмек сұрай келіп, оған өмірдің тым ауыр екендігін, кұш-қуатынын мүлде таусылғандығын айтады. Жауаптың орнына дана бірдей үш кастрөлге су құйып, отқа қояды. Кейін кезекпен ол кастрөлдерге сәбіз, жұмыртқа салып, үшіншісіне кофе себеді. Бірнеше минут өткен соң дана жұмыртқа мен сәбізді алып үшінші кастрөлден тостағанға кофе құяды.
- Қалай ойлайсың, не өзгерді? – деп сұрайды ол қыздан.
- Осыны да түсініксіз деп отырсыз ба? - деп иығын көтереді қыз – жұмыртқа мен сәбіз пісті, ал кофе суда еріп кетті.
- Солайы солай ғой, - дейді дана, - бірақ бұл тек үстіртін көзқарас. Егер орын алған жағдайдың мәніне үңілсек, сәбізді ыстық суға салғанға дейін қатты болғанын байқау қиын емес. Ал қазір нені көріп отырмыз? Ол жұмсақ. Керісінше, тым осал да сұйық жұмыртқа қатты болды. Сыртқы көзге олар сол қалпында сақталынғанымен, ыстық судың ықпалынан өздерінің құрылысын өзгертті. Адамдар да сондай жағдайға душар болады. Күш-қуаты мол адам жағымсыз жағдайлардың ықпалынан берекесі қашса, керісінше осал да нәзік адам беріктік пен батылдық танытуы мүмкін.
- Ал мұндағы кофенің қатысы неде? – дейді қыз.
- Бұл енді ең қызықтысы! Кофе жаңа қырын қабақты ортаға тап болып, еріп, оны өзгертті. Қарапайым қайнаған судың орнына біз тамаша хош иісті сусынды алдық. Ондай адамдар аз да болса да бар, алайда олар жағдайларға байланысты өзгермейді. Олар өздері жағдайды өзгертеді. Олар түскен ортасына жаңалық әкеліп, ғажайып өзгерістерге ұшыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет