Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


Талдау. Талқылауға арналған сұрақтар



бет91/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Талдау. Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Адамзат құндылықтарына нені жатқызамыз?

  • Мәдени мұра дегеніміз не?

  • Бұл түсініктерді қалай байланыстыруға болады?

  • Сіз өзіңіз мәдени мұраға қандай үлесіңізді қосқыңыз келеді?



«Мірдің оғындай...» аңыз-әңгіме (Пезешкиан Н. 1996)
Ерте заманда бір хан өмір, өмір сүру туралы көп ойланады. Оны өмірдегі қайырымдылық және қатігездік қызықтыратын болғандықтан, ол өз нөкеріне адам мүшелерінің (органдары) ішіндегі ең бағалы және әдемісін, жақсысын алып келуге бұйырады.
Нөкері аңның жүрегі мен тілін әкеліп береді. Хан органдарға қарап отырады да, олардың мәні туралы ойланып қалады, сөйтіп қызметшісін ең жаман, нашар органдарды алып келуге жұмсайды.
Ол қайтадан жүрек пен тілді алып келеді. Хан өзінің қызметшісіне таңқалып қарайды да: «Сен жүректі, тілді ең жақсы орган деп алып келдің, кейін ең жаман орган деп тағы да жүректі, тілді алып келдің. Неге?». Сонда қызметші сенімді түрде былай деп жауап беріпті: «Егер адам ойлағаны мен сезімі туралы шын жүрегімен шықса, онда оны тіл де тек шындықты айтады. Бұл жағдайда жүрек пен тілге жетер бағалы орган жоқ. Мұндай органдары бар адам өзін денісау және бақытты сезінеді. Егер адамның жүрегі жабық және өзінің сезімдерін жасыратын болса, ол кезде тіл өтірікті, әділетсіздікті айтады, мұндай жағдайда бұл екі органда адам үшін нағыз жаза болып табылады. Олар тудырған жағымсыз жағдайлар оны жегідей жейді, сөйтіп бақыт пен денсаулық ол адамнан теріс айналады».
Талқылау.
Студенттерден нені жоғары бағалайтынын сұрайды

  • өзінде

  • достарында

  • адамдарында

  • өмірде



Оқытушы. Бүгін сіздермен адам өміріндегі маңызды құндылықтың бірі – шыққан тегі, гениологиялық дамуы, жеті атасы туралы әңгімелесеміз. Қазақтарда мұны шежіре деп атайды.
Шежіреде ұлы тұлғалардың өмірбаяны, қазақ халқының ерліктері жайлы, гениологиялық шығу тегінің тарихы, этногенетикалық ауызба ауыз жеткізілген аңыздар мен діни мифтер (рауяттар, хикаялар және т.б.) түріндеге әр түрлі хронологиялық пласттар бойынша тарихи мәліметтер жазылған. Шежіренің шынайы тарихы көбінесе шындыққа сәйкессіз (ирреалды) бейнеленсе, ал әлемді мифология мен дін арқылы таныған; Шежіре Евразияның ертедегі тарихы жайлы шежіреде түріктердің өздерінің шығу тегі туралы аңызы түріндегі мәліметтер арқылы жеткізілген, ал ислам дінін қабылдағаннан кейін шежіренің ежелгі тарихы адамзаттың пайда болуы туралы көбінесе мұсылман мифтеріне құрылады, ал қазақ халқының ата-бабасының Мухаммед пайғамбарымыздан тарағаны туралы осындай гениологиялық тектің даму сипаты болып табылады; Шежіренің дәстүрлі көзі болып табылатын биліктің мықты(божественной) маңыздылығы, тұлғаның скральностиі, территориясы, ғасырлар, дәстүрлері туралы көптеген мәліметтерден тұрады.Шежіре материалдарының мазмұны тектілік, қазақтардың шығу тегі мен қасиеттерінің жүйелілігін сипаттайтын ақпараттар, қазақтың тегі мен руы және субэтникалық топтардағы, сондай-ақ халықтың тарихи, атақты тұлғалары туралы мәліметтер әңгіме, тізім, сызбаларбен берілген.
Қазақтың гениологиялық дәстүрінің ерекшелігі еркек тарапынан шығу тегі, руы мен атадан балаға беріліп отыратын есебі болып табылады, алайда, зерттеулер көрсеткендей гениологиялық аңыз әңгімелерде әйелдердің шығу тегіне аз мән берілген; қазақ шежіресі дәстүрлі институттардың өмір сүруіне қызметінде, мәдени өзіндік тұрмыстың сақталып қалуында нақты идеялық маңызға ие. Негізінен шежіреде адамның шығу тегі, тайпа, қоғамдастықтар (этникалық топтар, ру, тайпа); саяси биліктің маңызы туралы (қағанаттар, хандық, сұлтандар), рухани элита (қожа, сопы, бақсы ) және халықтық элита (би, батыр, ақсақал), құрылым (хандық, ру, ел, жұрт); дәстүрлер (культтар, сенімдер, обряды, қоғамдастық) жайлы мәліметтерден тұрады; Шежіре бізге тарихи сананың дәстүрлі формасын, әртүрлі тарихи дәуірлердің тарихи естеліктерінен үзінділерді жеткізеді. Жалпы алғанда шежіре мәліметтері субъективті, себебі шежірені оқып - үйренуде, зерттеуде көбінесе біз шежірені жазған адам, автордың ойымен, оқиғалар мен фактілерді оның жеке қорытындыларымен кездесеміз. Шежіре адекватты әдістерді интерпретациялауды жасаудың арнайы көзі ретінде ирреалдық табиғатқа ие феномендер ирреалды тәсілдермен жойылуы (постигнуты) мүмкін.
Оқытушы студенттерге: жеке өздерінің шежіресінің макетін орындауға, оны презентациялау керектігі жайында түсіндіріп, тапсырма береді
(СОӨЖ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет