Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет94/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Студенттерге сұрақ:

  • Сіз үшін «сенім» дегеніміз не?

Студенттер өздерінің «сенім» ұғымы жайлы пікірлерімен бөліседі.
Оқытушы. Әрбір адамның танымдық жолы ата-анаға, ұстаздарға, кітаптарға деген сенімнен басталады. Тек кейінгі тәжірибе ғана, өзінің сенімін білімге айналдыра отырып бұрынғы алған ақпараттың қаншалықты дұрыстығына көз жеткізеді, сенімі күшейеді (немесе әлсірейді). Бұл жолда сенім мен білім толық бір нәрсеге айналады, адам өзінің әр түрлі ісәрекет саласында бірте бірте өседі, дамиды. Дінге деген сенім де біздің рухани ұмтылыстарымыз, ізденулеріміз және осы тәжірибе мен білімге ие, сәйкес адамдарга сенімнен жиі басталады. Сенім өмірді терең интуитивті сезіммен танудан және жеке өзін- өзі тану тәжірибесінде өзіндік күшке ие болудан басталады.
«Даналық сабағы»
Луиза Хей: «Мен ішкі күшіміз идеалды денсаулыққа, идеалды өзара қарым-қатынасқа, идеалды карьерада жетістікке жетуде әрқайсысымызды махаббатпен алып келетініне сенемін. Ол біздің әрқайсымызды өсіп өркендеуге үйретеді. Осындай керемет заттарға ие болу үшін бәрінен бұрын, осының барлығы мүмкін екеніне сену қажет. Мен біздің санамыз үнемі бізбен байланысты шексіз әлеммен өзара байланыста болатынына сенемін дейді. Сондықтан, барлық білім мен барлық даналыққа біз өзіміз кез келген уақытта қолымызды жеткізе аламыз Бізге ішкі жарықтың нұры арқылы Жоғары «меніміз» және біздің ішкі күшіміз арқылы өмір сыйлаған әлемдік күшпен, шексіз ақыл оймен байланыстымыз. Осы күштердің негізінде қайырымдылық, жарықтың бастауы жатыр, олар біздің барлық өмірімізді басқарады. Ол жеккөру, өтірік айту және жазалау дегенді білмейді. Ол таза махаббаттың, тәелсіздіктің, түсіністіктің және қайғыға ортақтаса білуді тудырады. Барлығы өзімізге байланысты» деп жазады.
«Мен сенімен неге... сенетінімді бөліскім келеді» жаттығуы.
Студенттерге тапсырма беріледі: бөлмеде еркін қозғалып, бір-біріңе жақындаңдар. Бір – біріне қарап «Мен сенімен неге... сенетінімді бөліскім келеді» деген фразамен бастап, ойды бөлісу керек (жалғастыру керек).
Жаттығудың соңында өз курстастарынан естігендері жайлы талқылау жасайды. Ой пікірлерімен бөліседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет