Жаттығу. Қызу талқылаудан кейін педагог студенттерге «Сыйқыршы туралы ертегісінің» медитиативті сеансын ұсынады.
Оқытушы. Ал енді әрқайсысыңыз өздеріңізге ыңғайлы болатындай жайғасып отырыңыздар, көздерімізді жұмамыз. Терең тыныс аламыз. Енді біз басқа әлемге өтеміз, керемет, таңғажайып ертегі әлеміне өтіп, онда болған бір оқиғаны тыңдаймыз.
Сыйқыршы туралы ертегі Бұл баяғыда болыпты. Ертеде ерекше бір адам өмір сүріпті. Ол өзі сондай сымбатты және қайырымды болыпты. Бірақ оның қанша жаста екенін ешкім білмейді екен. Оның көздері сондай күлімдеп, жарқырап тұрғаннан адамдар «ол өте жас» деп ойлайды екен. Бірақ оның ұзын, аппақ сақалы мен шашына қарап кейбіреулері: «ол қарт және ақылды» деп айтады екен. Оның қолынан келмейтіні жоқ екен. Ол ешкім жасай алмаған кереметтерді жасайды екен. Ол айналадағы ағаштармен, гүлдермен, жан- жануарлармен, балықтармен, су астындағы тіршілік иелерімен сөйлесе біледі екен. Ол ауырып қалған өсімдіктерді, жануарларды, тіпті адамдарды да емдейді екен. Ол қай уақытта жаңбыр немесе қар жауатынын біледі екен, желмен және күнмен дос болыпты. Көптеген адамдар онымен үнемі кеңесіп, кеңес алып отырады екен.
Адамдар оны Сыйқыршы деп атап кетіпті. Оның қайдан келгенін, тіптен оның бұрын өздері сияқты қарапайым адам екенін білмепті. Адамдар өзгергенмен, сыйқыршы сол адамдардың арасында өмір сүре береді, ал адамдар оны қорған ретінде сезінеді.
Бір күні сыйқыршы адамдарға: - Мен сіздермен бірге ұзақ өмір сүрдім. Енді мен алыс сапарға аттануым керек екенін сезіп жүрмін дейді.
Сонда адамдар оны қимастан, көңілсіз күйде: бізді тастап кетесің бе?- дейді. Бізге сенің көмегіңізсіз, ақыл кеңестеріңізсіз қиын болады ғой. Ең болмаса өзіңіздің ақыл парасатыңыздын кішкентай бір бөлшегін қалдырып кетпейсіз бе?! - депті.
Сонда сыйқыршы: айналаңызға қараңызшы, сіздер керемет әлемде өмір сүресіздер. Әр күні сіздер таңды қарсы алып, шығарып саласыздар, ағаштың жапырақтарының сыбдырын, судың ағып жатқан сылдырын, оттың шыртылдап жанғанын, жердің тынысын ести аласыздар.
Бір минутқа демімізді ішке алып, тыңдап көрейікші. Бізді қоршаған дүниенің, тіршілікті жан дүниелеріңізбен сезініңіздер, олардың әрқайсының өзінің ырғағы бар. Біздің де әрқайсымыздың өзіміздің өмір сүру ырғағымыз бар.
Адамдардың барлығы демдерін ішіне алып, бір сәтке тып-тыныш бола қалады, көздерін жұмады да жердің бірқалыпта және тыныштықтағы тынысын, толқындардың жағалауға келіп бірде жай, бірде тез жайылғананын, ұрынғанын естиді. Ең бастысы, олардың әрқайсысы өздерінің жеке ырғағын: жүрегінің бірқалыпты соғуын, еркін дем алғанын естиді... Бір кезде адамдар өздерінде керемет ерекше бір құбылыстың болып жатқанын сезеді.
Біздің ішімізде бір ерекше, керемет бір нәрсе өсіп жатқан сияқты - деп сыйқыршыға олар сезімдерін қуанышпен жеткізді.
Сіздер мендегі ең үлкен құпияны ашқан секілдісіздер деп жымиыпты Сыйқыршы.
Сыйқыр дегеніміздің өзі – бұл табиғатты, бізді қоршап тұрған бар әлемнің ырғағын жан дүниеңмен тыңдай білу, сезіне білу, сөйтіп қоршаған әлемді өзгерте отырып, кереметтер жасай отырып өмір сүру. Тек өзіңнің ырғағыңды тыңдай отырып, әрқайсымыздың ішіміздегі жаңа нәрсені ояту, міне сыйқырлық осыдан басталады.
Ал біз оны қалай пайдаланамыз? - деп сұрапты адамдар.
Өздеріңізді дені сау және сымбатты да сұлу адам ретінде көз алдыңызға елестетіңіздер, өз жүректеріңізде осы бейнені көріп, сақтаңыздар. Содан бірте - бірте, сіздерге білінбестен өздеріңіз де өзгересіздер депті Сыйқыршы.
Өзіңіздің ырғағыңызбен сәйкес басқа адамның да ішкі ырғағын естуді үйренуге болады, сонда әрбір күн өзара түсіністік қуанышын сыйлайтын болады. Әрбір оқиғадан өзің үшін сабақ алуды үйренетін болсаң, онда қобалжу мен қорқыныштың орнына тыныштық пен анықтық, сабырлылық орын алатын болады.
Осылайша Сыйқыршы жолға аттанып кетіпті. Ал адамдар оның сөздерін есінде өте жақсы сақтап қалады. Өздерінің ішкі жан дүниесінің ырғақтарын тыңдай білетін болады, сөйтіп олардың әрқайсысында керемет бір Жасаушы ояныпты. Өздерінің айналасына қайырымдылық пен қуаныш нұрын шаша жүріп, өздерінің әрбір күнін олардың әрқайсысы тыныштықпен, махаббатпен өмір сүріпті.
Енді қазір біз қолымызды жүрегімізге қолымызды қоятын болсақ, онда өзіміздің жүрегіміздің жай соғуын, тыныс алу ырғағын естиміз. Біздің ішімізде өмір сүретін керемет жасаушы өзіміздің жылы қуаныш толқынын еске салады.
Ал енді біз терең тыныс алып, жайлап орнымызға қайтадан ораламыз.