«Қазақстан - ортақ мекеніміз» деген сөз тағы да қандай ой - пікірлерді айтуға болады?
Біздің ортақ үйімізді қорғауға біз қандай үлес қоса аламыз?
Қалай ойлайсыздар, «азаматтық», «патриотизм» түсініктерінің мәні неде?
Студенттер сұрақтарға жауап береді. Ой- пікірлерімен бөліседі.
Оқытушы дәріс - әңгімелесуді студенттермен «азаматтық», «патриотизм» түсініктерінің мәнін қарастыра отырып, ары қарай жалғастырады.
Азаматтық категориясы түсіндірме сөздікте, ғылыми әдебиеттерде және ғылыми зерттеулерде нақты бір мемлеекттің азаматы ретінде және бекітілген нормативті актілеріне сәйкес олардың құқықтары мен міндеттеріне қарым- қатынасы арқылы іске асатын адам мен адамдардың құқықтық байланысының артықшылығы ретінде көрсететін «тұлғаның қабілеттілігіндегі интегралды қасиеті» деген анықтама беріледі.
Азаматтық категориясын мәдениеттану дискурсына толығымен жатқызуға болады. Мәдениеттің құндылығы ретінде қарастыратын болсақ, мұндай баға беру тектен текке айтылмаса керек. Немесе, барлығымызға белгілі болғандай «құндылық» - бұл жетістік, игілік, адам тұрмысының атрибуты, идеалды мәні болып табылады (И.Кант, Р.Г. Лотце). М.Шелер құндылықтардың қасиеттеріне қайырымдылық пен жауыздықтың арақатынасына байланысты анықтамаларды жатқызған. Құндылық өзіне сәйкес, қайырымды іс әрекеттерде ғана бар. Азаматтық өзінің алғашқы адам өмір сүруін сипаттайтын Платонның еңбектерінде азаматтық ізгілік, қайырымдылық ретінде айтылғанын есімізге алайықшы. Азаматтар арасындағы қайрымдылық қарым - қатынас – азаматтық қоғамның бөліп алып қарауға болмайтын сипаттамасы. Платонның азаматтық қайрымдылыққа өзін -өзі ұстай білуді талап ететін ерлік пен сабырлылықты бөліп көрсетуі бекер емес. Сондықтан, біз байқалған, көрінген азаматтық іс әрекетті, азаматтық ұстаным туралы осы мағынада айтамыз.
Адамгершілікті жетілдіру - жеке эгоизмін мүмкіндігі болғанша көрсетпей, байқатпай, өзінің сезімін басқаларға жеткізе білу қабілеттілігі.
Яғни, осы сөздер азаматтық сезімдеріміздің рухтануы, азаматтық қайырымдылықтар арқылы - азаматтық қоғамның орнауына жол салынған деп айтуға болады. Нағыз азамат өзінің рухани байлығынан, басқа азаматтармен бірігуі, оларға деген бақыт пен өсу тілегі арқылы рахаттанады, лаззат алады.
Атақты философ Д.Юм адамгершілік принциптерді қоғамды орнатуға қажет екенін түсіндірген. Осыған орай, жеке қызығушылықтардың болмауына алдын ала ескерту және сақтандыруды қамтамасыз ету үшін біз заңдарды шығарамыз, адамдар арасындағы қарым - қатынас жағымды және өкінішті, адамдық намыстың нәтижесінде туындайтын дау - дамайдың алдын алу үшін біз өнегелі тәрбие ережелерін жасаймыз.
Азаматтық ізгілікті құрметтеудің негізгі себебі, оның оптимистік дамуына қатыстылығында, өмір алдындағы оның рахымшылдығында, басқа адамды сезінудегі, оның дамуында оны меңгергендер үшін маңызды бола білу. Ол адамға тек жәй өмірге бейімделуді емес, сондай болуға қабілетті болуды міндеттейді. Ол оның дұрыс шешімдер қабылдауына көмектеседі, өмірді толығымен сезінуге алып барады, барлық қайырымдылық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік жасайды. Ал қайырымдылық бізді басқаларға жағымды етіп көрсетеді, махаббат көзі, жақсылық тілеуші және құштарлық болып табылады. Бұл, Д.Юм бойынша дұрыс рухани ұйымдасуымыздың перцепциясы. Осылайша адамның суыққа, жылылыққа сезімін және қатынасын, сондай - ақ мәдени әдеттердің әсерімен басқа адамның сезімдерін сезінуін және қатынасын, оның өзінің көрсеткен сезімдік іс әрекетіне және жағдайлардағы әрекеті, қарым қатынасынан көрінеді. Адамгершілік ұстанымдарды сақтау оның құмарлықтары мен дұрыс рухани ұйымдасуының үстемдігіне масаттанып, өзін ұстай білуі тұрақтала түседі.
Осылардың барлығын қорытындылай келе, азаматтық қайырымдылық негізін қоғам мен адамның этикалық ресурстары, азаматтық категориясы құрайды екен, әрине бұған сөзсіз мәдени антропологиялық дискурс жатады. Осы дискурста азаматтардың өзін-өзі көрсетуіне қабілеттілігін сезінеді, уайымдайды, қоғамдық процестерде өзінің себебін түсінеді.
Бұл байланыста азаматтылықты тәрбиелеу адамның адамдармен тікелей қарым қатынасындағы адамилықты жетілдіруге, мәдениеттілік қабілеттілігін ашуға, «адамды өмірлік күштерді дұрыс пайдалана білуге» мүмкіндік беретін қабілеттіліктерін дамытуға бағытын болжайды.
Отан – адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адмы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбаты, ең қасиеттісі, ең аяулысы - Анасына балайды. Отан ұғымы адамның адамдық мінез, ізгілік сезімімен, парасатымен етене байланысты. Оның неге бұлай екені батыр ақын М.Шахановтың «Төрт ана» деген өлеңінде керемет сипатталған.