Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


Қорытынды. Сабақты талқылау, өз пікірлерімен бөлісу. Қоштасу рәсімі



бет97/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Қорытынды.
Сабақты талқылау, өз пікірлерімен бөлісу.
Қоштасу рәсімі.
Студенттер екі шеңбер құрып бір - біріне қарап тұрады: ішкі және сыртқы шеңбер. Ішкі шеңбердегі студенттер орнында қалады, ал сыртқы шеңбердегі студенттер шеңбердің ішін айнала қозғалады. Студенттер бір –бірінің көздеріне қарап жағымды жылы сөздер айтып, қолдарын қысады да, рахмет айтады.


11- сабақ.
Тақырыбы: «Қазақстан - ортақ мекеніміз»
Сабақтың мақсаты: азаматтық және патриотизм ұғымдарын ашу және бекіту, этникааралық келісімді конструктивті тұрғыда түсіну, жалпы ұлттық теңдікті түсіну, жалпы ортақ үй сезімін дамыту, отырып, ынтымақтастыққа жұмылдыруда транспаренттілікке тәрбиелеу және жағымды қарым - қатынас дағдыларын бекіту.
Әдістері мен формалары: дәріс - әңгімелесу, талқылау, жаттығу, коллаж, бой жазу ойыны.
Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, бояулар, маркерлер, ватман қағаздар, желім, газет жіне журналдардан қиып алынған суреттер, Р.Рымбаеваның орындауындағы «Алия» әнінің таспасы, «Сәлем саған туған ел» әні.
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу рәсімі.
Студенттер бір-бірімен Қазақстан халықтарының әр түрлі тілдерінде сәлемдеседі (тапсырма алдын - ала беріледі).
Дәріс - әңгімелесу.
Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ, - деп, ер қайратыңа мін –дағы, өрге бас!
М.Әуезов

Оқытушы. Қазақстан - өзінің құрамы жағынан көптеген ұлттар өмір сүретін бай мемлекет. Біздің республикамыз 130 - дан көп ұлттар мен ұлт өкілдері тұратын полиэтникалық мемлекет болып табылады. Олардың әрқайсысы суверинетті және егеменді тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына өздерінің үлесін қосып келеді.
Атақты Қазақстан ғылыми қайраткері былай деп жазады: «Қазақстан Республикасында ғалымдар халықтардың мәдени бірлігі мен этникааралық іс-әрекет мәселелеріне ерекше мән берілген. Бүгін біздің еліміздің ғалымдары мәні мен мағынасы жағынан жалпы адамзаттық құндылықтар құрамына, этникалық ерекшеліктерге жағымды түсіністікпен қарау мәселерін қарастыратын жобалар ұсынуда».
Қазақстанда өмір сүретін, қандай да бір әлеуметтік, этникалық топқа жататын әрбір адам мелекетіміздің жалпы жетістігінің негізі достық пен өзара түсіністік, бірлік, бейбіт өмір сүрудің маңыздылығын өте жақсы түсінеді. Бұл жағынан Қазақстан әлемдік аренада лайықты орын алады.
ЕҚЫҰ-на төрағалық қызметіне түсердің алдында Қазақсатан БҰҰ - ның қолдаған маңызды бастамаларды көтергенін баса айту керек. 29 - тамыз оның бастамасымен халықаралық ядролық жарылыстарды тексеруге қарсы күн деп жарияланды. Осы бір жігерлі әрекетінің нәтижесінде 2010 жылы Астанада Халықаралық мәдениет жылы болып жарияланды. Астанада қазақстандықтардың бастамасы негізінде дәстүрлі және әлемдік діни лидерлерінің съезі жүйелі түрде өткізуді мақұлдады.
ЕҚЫҰ-да Қазақстанның төрағалық етуінде «төрт Т» құрметпен қарап, ұран ретінде алуы тегін емес. Олар: Trust (бір біріне деген сенім), Tradition дәстүр (ЕҚЫҰ- ның негізгі құндылықтары мен ұстанымдарына құрметпен қарау), Transparensy (өзара іскерлікке ұмтылу және жоғары ашықтық) Toleranse (өзара өркениеттілікті және өзара мәдениет диалогын бекіту). Мұнда соңғы «Т» республикамыз үшін жаңа биіктікке көтерілудің негізгі артықшылығы болып табылады.
Бүгін біз Қазақстанның тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тойлап отырмыз. Бұл әрбір республикамыздың азаматы үшін тек жай мерейтой емес, бәрінен бұрын, Жер бетінде бейбітшілікті орнатуда қосқан жаһандық жетістік, үлес, қазақстандықтардың жетістігі. Осылардың барлығын бақылай отырып, әрбір Қазақстан азаматында біздің мемлекетіміз үшін ерекше мақтаныш сезімі туары анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет