Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет11/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

16

Синектика

Ұқсастықтардан құралған, әртекті элементтерді біріктіру әдісі, қатысушылардың теңеу арқылы ойлану, интуитивті-бейнелік ойлауын мақсатты қолдануға негізделген ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттің және оқу үдерісіндегі зерттеу әдісі.

17

Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ)

Адамдардың топтық өзара әрекеттестігінде модельденетін өмірлік тәжірибеге ие болу арқылы белсенді оқыту ретінде анықтауға болады.

18

«Шығармашылық іс-әрекет»

Студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етуші «Өзін-өзі тану» сабақтарының маңызды құраушысы. Дәптерде эссе, шығарма жазу, тестілеу және т.б. сияқты дербес және ұжымдық іс-әрекеттің әрқилы түрлерінің орындалуын болжайды.

19

Сахналау

Ерекше көркем белгілерді қолдану арқылы қатысушылардың сабақтан тыс уақытта оқу материалы бойынша әрқилы жанрларды сахналауы.

20

«Даналылық сабағы»

Танымал философтар мен ойшылдардың, белгілі ғалымдардың, жазушылар мен ақындардың нақыл сөздерінің кең ауқымын жинақталған хрестоматиядағы материалмен жұмыс.

Оқытудың дәстүрлі әдістерінің мүмкіндіктері

«Өзін-өзі тану» сабағындағы дәріс - әңгімелесу студенттердің ойлау қабілетін оятуды көздей отырып жүргізіледі. Диалог – студенттердің дәріс кезіндегі танымдық әрекетін белсендіре түсетін, ойлауына кең мүмкіндік беретін, оқытушы мен студенттердің ақиқатты бірлесе іздеуіне жол ашатын әңгімелесу түрі.


Диалогтік дәрісте оқу материалына проблемалық сипат дарыту негізінде жүзеге асады. Оқытушы дәріс үстінде қомақты прблемалық сұрақ қойып, соның негізінде проблемалық жағдаят тудырады да, аудиторияны сол сұрақтың шешімін табуға жұмылдырады. Кейде, мұндай сұрақтар бойынша кейде дәріс жүріп жатқан сол сәтте-ақ студенттердің өз пікірін бірден айтуы талап етіледі, кейде бұл сұрақтың жауабын өзіндік жұмыстарды орындау барысында шешуге тапсырма ретінде беріп, оны кезекті семинар сабақтарында талқылауға қалдыруға болады.
Студенттердің дәріске қызығушылық білдіруі ұсынылатын материалдың тиімді және берік меңгерілуі, негізінен, оның дәйекті және дәлелді жеткізілуіне тікелей тәуелді болады. Дәріс ақыл айтудан, құрғақ баяндауға және ғибратты сарынға жол беруге болмайды. Ал аса маңызды да өмірлік қажеттілігі айқын мәселелерді көтере отырып, оған жан-жақты, терең дәлелдеу жетіспей жатса, онда мұндай дәрістің де әсерлілігі кемиді, тіпті студенттердің пәнге деген жағымсыз қатынасын туғызуы мүмкін.
Жеке тұлғаның ішкі дүниесіне жақындығымен ерекшеленетін «Өзін-өзі тану» пәнінде оқылатын дәрістердің айшықты болып, сезімталдыққа құрылуы үшін онда көркем әдебиеттің, өнердің хас туындыларынан үзінділер дұрыс іріктеліп алынуы талап етіледі. Әдеби материалдарының дәріс мазмұнымен үйлесімді қамтылуы нәтижесінде студенттің ішкі жан дүниесін қозғауға, ойын тербеуге мүмкіндік молаяды. Әдеби туындылар табиғи және әлеуметтік әлемнің маңызды сипаттарын ашады, құбылыстар мен оқиғаларды өзіндік сипатқа шоғырландырады. Сәтті таңдалған әдеби кейіпкер суреттеліп отырған құбылысты жан-жақты, тереңірек ашуға ықпал етеді. Дәрісте мәні терең қанатты сөздерді, ұлағатты із қалдырған тарихи тұлғалардың ой-пікірлерін, сондай-ақ әзіл сөздерді, мақал-мәтелдерді де орынды қолданылып отырғаны абзал. Педагог ол материалдарды хрестоматиядан ала алады.
Студенттердің атақты ойшылдардың, жазушылар мен ақындардың туындыларынан, шығармаларынан алынған мәтіндермен жүргізілетін дербес жұмыстарының орны ерекше. Мұндай сабақтарды жүргізуде оқытушылар руханилық, біртұтастық, дамытушылық, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына мүмкіндік туғызу, даралап оқыту сияқты оқыту қағидаларын жүзеге асыруына қажетті жағдай қалыптастыратыны даусыз.
Студенттерге адамзаттық мәні зор мәселелерді эмоцияналдық-көркемдік бояуымен ұтымды етіп жеткізу үшін бейнелі салыстыруларды қолданып отырудың орны бөлек. Өнер - ассоциациялардың қуатты тірегі. Өзін-өзі тану пәнінен дәріс беретін оқытушылардың көпшілігі дәрістерді көрнекілікпен қамтамасыз етудің қиындығын тілге тиек етіп жатады. Бүгінгі таңда дәрістерді жүргізу барысында оқытудың сәйкес техникалық құралдары: дербес жеке компьютерлердің, дыбыстық таспалардың, теледидардың, түрлі компьютерлік бағдарламалардың кең қолданылып жатқанына куә болып жүрміз. Техникалық құралдарды пайдаланудың негізгі мақсаты – оқу процесінің әсерлілігін арттыру, пәнді оқыту сапасын көтеру. Оқытудың техникалық құралдарын қолдану үстінде студенттің есту мен көру қызметін белсендіру арқылы оқу материалының жақсы есте сақталуына ықпал етеді.
Кез келген дәрістің қорытындылауда оның логикалық түйіні болуы тиіс. Лектор дәрісте тек өзі ғана ой жинақтаумен шектелмей, студенттердің сұрақтарына да уақыт қалдыруы керек.
«Өзін-өзі тану» пәнінде семинар сабақтарын ұйымдастыру әдістемесі басқа да ізгілендіруші (гуманитарлық) пәндер бойынша жүргізілетін семинар сабақтарын дайындау мен өткізудің әдістемесіне ұқсас келеді. Бұл оқу-тәрбие процесінің жалпы мақсатымен, заңдылықтарымен ұштасып жатады. Сонымен бірге «Өзін-өзі тану» пәні бойынша семинар сабақтарын жүргізудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ең алдымен, бұл пәннің жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделіп құрылуымен анықталады. Сондықтан да семинарлардың басты мақсатында студентке тек қана жаңа білім қорын беру көзделмейді, ең бастысы, студентті өз ортасы арқылы өзін-өзі бағалай білуге баулуға, шығармашылық ойлауға төселдіруге, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруге жоғары мән беріледі.
Семинар - ұжымдық жұмыстың өзгеше түрі, себебі оны дайындауда да, жүргізуде де оқытушы мен студент өзара жақын қарым- қатынаста болады. Білім алушының басты міндеті талқылауға ұсынылған мәселенің мазмұнын меңгеру үшін өзгелермен пікір алмасуға өз бетімен дайындық жүргізуі болып саналады.
Семинар сабағына дайындықтың нәтижелі болуы педагогтің тәжірибесі мен әдістемелік шеберлігіне тікелей байланысты. Әдетте, алдымен сабақтың мақсаты ойластырылады, көпшілік алдындағы кіріспе сөздің тезисі, семинарда талқыланатын негізгі мәселелер анықталады, олардың қайнар көздері белгіленеді, басты сұрақтардың қысқаша мазмұны ашылады, сөз тақырыптары айқындалады, дайындық жүргізуге қажетті әдебиеттер ұсынылады, оқытушының қорытынды сөзінің тезисі дайындалады.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша семинар сабақтарын жүргізудің тәжірибесі көрсеткендей, қарастырылатын теориялық қағидаларды қызықты деректермен, мысалдармен, өмірлік мәні бар қызықты оқиғалармен, ғылым мен өнер саласындағы соңғы жетістіктермен сабақтастыру қажет. Семинар сабағында шығармашылық пікірталастар, қызықты ой тартыстарын тудыра білген тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет