«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша жазбаша емтихан жұмысын бағалау шкаласы
Балдар:1 сұрақ-30, 2 сұрақ – 30, 3 сұрақ - 40
Білім алушы:
A
- берген жауаптарын стилистикалықсауатты, логикалықдұрысашқан;
- теориялық ережелерді нақты мысалдармен келтіре білген;
- ғылыми терминологияны тура қолдануды толық көрсеткен
- тәжірибелік тапсырманы толық көлемінде, шығармашылық жолын қолданып орындаған
B
– баяндауда жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламайтын бірнеше қателіктер жіберілген;
– жауаптың негізгі мазмұнын баяндауда бір-екі кемшіліктер жіберілген.
C
– тәжірибелік тапсырманы орындау кезінде немесе теорияны жаңа жағдайда қолдана алмаған.
D
– терминдерді пайдалану кезінде түсініктерді анықтауда қателіктер жіберген.
F
білім алушының тексеріліп отырған пән бойынша міндетті білімі мен машықтарының толығымен жоқтығы байқалады.
3. Курстың академиялық презентациясы Оқу курсының түрі: МК/ВК/ТК Пәннің мақсаты студенттердің әдістеменің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуымен таныстыру және қазіргі әдістеменің жағдайы, өзекті проблемалары мен шешу жолдарын ғылыми тұрғыдан қарастыру болып табылады.
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
-Тарихты оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасып, даму жолымен таныстыру;
-Тарихты оқыту әдістемесінің мақсаты, міндеттері және функциясы туралы білімдерін тереңдету;
-Тарихты мектепте оқытудың мазмұны мен құрылымы туралы ұғымдарын қалыптастыру;
-Тарихты оқытуда қолданылып жүрген тұжырымдама, стандарт, оқулықтар
мен бағдарламалардың мазмұны мен құрылымы туралы білімдерін кеңейту;
-Тарих пәнінің мұғалімінің білімдік-тәрбиелік және дамытушылық құзырлықтарын меңгерту;
-Тарихты оқытуда оқушылардың ойлауын дамытудың, құзырлықтарын қалыптастырудың әдістемесін меңгерту;
-Тарихты оқытуда интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдарымен таныстыру;
-Тарих пәнін оқытуға қойылатын қазіргі талаптарды меңгерту т.б.
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнін оқыту нәтижесінде студент:
- Әдістеме пәні, мақсаты, міндеттері және заңдылықтары туралы білуі;
- Оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысын ашып көрсете білуі;
- Оқыту әдістемесінің қалыптасып, дамуына сипаттама бере білуі;
-Мектепте тарихты оқытудың мазмұны мен құрылымын, ерекшеліктерін дұрыс анықтай білуі;
-Тарих пәні бойынша тұжырымдама, стандарт, оқулық, бағдарлама және оқу-әдістемелік құралдармен өздігінше жұмыс жасай білуі керек.
«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнін оқыту нәтижесінде студент:
-Тарих пәнінің мұғалімінің құзырлықтарын жақсы меңгеруі;
-Оқушылардың тарих пәнінен құзырлықтарын қалыптастыру әдістемесін күнделікті сабақта қолдана алу;
-Тарих сабағына қойылатын қазіргі талаптарды жете меңгеруі, өз тәжірибесінде тиімді іске асыруы;
-Тарихи пәндерді оқытуда жаңа технологияны терең меңгеруі және өз сабағында пайдалана алуы:
-Қазіргі әдістеменің жағдайы, өзекті проблемалары мен оны тиімді шешу жолдарын жақсы меңгеруі, осы проблемаларды талдауда өз көзқарасын қорғай білуі керек.
Бағдарлама отандық және шетел әдебиеттері негізінде жазылды.