Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық


Баптау астарлы бетiнде: Ескерту (Предупреждение)



бет34/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   130
Байланысты:
6. leksia
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
Баптау астарлы бетiнде: Ескерту (Предупреждение) және Кодтың анализаторы (Анализатор кода) қосулы тұрғаны дұрыс. Вирус жоқ файлдарды тексеру (Избыточное сканирование) тәрiздi қосымша параметрлердi тағайындай аламыз. Сондай-ақ қосымша мынадай опцияларды көрсете аламыз: Бүлiнбеген таза объектiлер жөнiнде есеп беру (Отчет о чистых объектах), Қысылған объектiлер жөнiнде есеп беру (Отчет об упакованных объектах), Дыбыс эффектiлерi (Звуковые эффекты), Есептердi қадағалау (Слежение за отчетом). AVP жұмысының нәтижесiн файлға жазып алу үшiн енгiзу өрiсiне файлдың атын терiп жазамыз (үнсiз келiсiм бойынша бұл файлдың аты Report.txt болады).
Егер Iс-әрекет астарлы бетiндегi Емдеуге сұраныс (Запрос на лечение) ауыстырып қосқышы қосулы тұрса, зақымдалған объект табылған мезетте Зақымдалған объект сұхбат терезесi ашылады.
Бұл сұхбат терезесiнде зақымдалған обьктiнiң аты, оны бүлдiрген вирустың аты және сол объектiмен орындауға болатын iс-әрекеттердiң тiзiмi шығады. Зақымдалған объектiмен орындалатын iс-әрекеттер:
-Тек қана нәтиже (Только отчет) – вирус табылған объект және сол вирус жөнiндегi мәлiметтер, яғни жұмыстың нәтижелiк есебiн бередi;
-Емдеуге сұраныс немесе Сұраныссыз емдеу (Запрос на лечение или Лечить без запроса) – зақымдалған объектiнi емдеу жолдары, мұның нәтижесiнде объектiдегi вирус өшiрiлiп, объектiнiң өзi түп нұсқасына сәйкес қалыпқа келтiрiледi;
-Сұраныссыз өшiру (Удалять без запроса) – зақымдалған файлды дискiден өшiру.
Кейбiр жағдайларда антивирус программалардың өзi вирусты емдей алмайды. Мұндай жағдайда аты көрсетiлген вируспен (NAME_VIRUS) ауырған объектiнi (NAME_OBJECT) емдеу мүмкiн еместiгi жөнiнде мәлiмет шығады.
Егер Иә батырмасы шертілсе бұл объект өшiрiледi де, емдеу мүмкiн емес барлық объектiлердi өшiрудi құптау жөнiнде мәлiмет шығады. Егер тағы да Иә батырмасын шертсек, барлық емдеу мүмкiн емес вирусқа шалдыққан объектiлер өшiрiледi. Жоқ батырмасын шертсек, Зақымдалған объект терезесiндегi “Барлық зақымдалған объектiлерге қолдану” жалаушасы белсенді болса, тағы да өшiрудi құптау жөнiндегi терезе шығады. Ал, бұл жалаушасы белсенді болмаса, қайтадан Зақымдалған объект сұхбат терезесi ашылады.
Егер жүйелiк секторлар (Boot, MBR, Partition Table) зақымдалған болса iс-әрекеттi таңдау кезiнде секторларды емдеуге тәуекел жасау үшiн, дискiнiң көшiрмесiн алудың дұрыстығы және емдеудi бастау жөнiнде сұрақ мәлiмет шығады. Егер Иә батырмасын шертсек, AVP программасы емдеудi бастайды, ал Жоқ батырмасын шертсек, тексеру жұмысы аяқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет