Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық



бет46/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   130
Байланысты:
6. leksia
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
Жаңадан құжатты құру терезесiн ашу үшiн:
1. Файл мәзірiнiң Құру (Создать) командасын таңдау қажет;
2.Оның Жалпы (Общие) iшкi бетiн таңдап алып, Жаңа Құжат (Новый документ) белгiсiнде тышқанды екi рет шертеміз.
Жаңа нұсқа (шаблон) немесе шебер көмегiмен құжат ашу үшiн сол құжат типiне сәйкес iшкi парақты таңдап, қолданылатын нұсқа немесе шебер белгiсiне курсорды алып барып тышқанды екi рет шерту керек. Қалаған нұсқа бойынша жаңа құжатты таңдаған соң ОК батырмасын басамыз. Мысалы, Резюме типін таңдау 4-суретте келтірілген.

4-сурет. Жаңа нұсқа (шаблон) немесе шебер көмегiмен құжат ашу терезесі.
Word редакторында жаңадан құрылған құжатты дискiге жазып сақтау үшін:
1)Файл ... деп сақтау командасынан кейін шыққан сұхбаттық терезедегі бума аты көрсетілген қатардан Диск 3,5 (А:) командасын таңдаймыз. Файлдың атын және типін өз қалауымызша өзгертуімізге де болады (5-сурет).



5-сурет. Қажатты иілгіш дискіде сақтау.



Көрсетiлген уақыт аралығы өткен сайын құжатты автоматты түрде сақтап отыруға да болады. Бұлай iстеу компьютер кездейсоқ өшiп қалғанда мәлiметтi жоғалтып алмауға мүмкіндік бередi. Мысалы, құжатты автоматты түрде сақтау аралығы 3 минут болса, компьютер өшiп қалғанда, жоғалатын мәлiмет көлемi соңғы 1-2 минутте терген мөлшермен ғана шектеледi. Ал алдыңғы мәліметтер автоматты түрде сақталады.
Компьютердi қайта iске қосқанда автоматты түрде жазылып қалған мәлiмет қалпына келедi. Бiрақ автоматты күйде сақтап қою iске қосылып тұрса да, жұмыс соңында құжатты толық дискiге жазып қою абзал. Өйткенi қалыпты күйде жұмыс аяқталғанда және файл толық сақталған кезде автоматты күйде жазылып қалған уақытша мәлiмет толық өшiрiледi.
Құжатты автоматты түрде сақтайтын уақыт аралығын өзгерту үшін:
1.Сервис мәзірiнiң Параметрлер командасын таңдап, оның Сақтау (Сохранение) атты iшкi бетiн ашу керек;
2. Автоматты сақтау әрбір: қасиеттер бөліміне қанатбелгі қою қажет;
3.Минуттер жазылатын өрiске есте сақтау жиiлiгiне тиiсті сан енгiзiледi, ол сан аз болған сайын кездейсоқ жағдайларда жоғалатын мәлiмет көлемi азайады;
4. Жұмыс соңында ФайлСақтау командасын орындау немесе Саймандар тақтасынан батырмасын басу керек. ОК батырмасын басып берілген сұхбаттық терезеден шығамыз (6-сурет).



6-сурет. Автоматты сақтау бөлімі.

Бір бума ішінде бірдей атпен кеңейтілмесі әртүрлі болып келетін бірнеше файлдарды сақтауға болады. Ол үшін ФайлСохранить как ... командасы таңдалады да, шыққан сұхбаттық терезеде тек қана файл кеңейтілмесі өзгертіліп отырады (7-сурет).





7-сурет. Сақтау командасының сұхбаттық терезесі.

Мәтiнді форматтау үшiн қажеттi бөлiктi ерекшелеу қажет. Егер форматтайтын бөлiк алдын-ала ерекшеленбесе орындайтын әрекет жүзеге аспайды. Мәтінді ерекшелеу тәсілдері:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет