Есеппен жұмыс
Түрін анықта (4-ші пропорционал шаманы табуға берілген есеп)
Дайындық жұмысы. Тұрақты шаманы табуға есеп құрастыру
Мазмұнын талдау.
Есепте не туралы айтылған? ( дәптер туралы)
Есепте не белгілі? (6 тор дәптер 42 теңге тұратыны)
Есепте не белгісіз? (1дәптердің қанша теңге тұратыны)
Есеп не сұрайды? (9 жолды дәптердің қанша теңге тұратынын)
Талдау .
Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? (болмайды ). Неліктен? Себебі 1дәптердің қанша теңге тұратынын білмейміз. Ал оны табуға бола ма? (Болады).
Қандай амал қолданамыз? (Бөлу).
Енді есептің сұрағына жауап беруге бола ма? (Болады)
Қандай амал қолданамыз? (Көбейту).
Содан кейін тақтаға қысқаша жазамыз:
Бағасы
|
Саны
|
Құны
|
Бірдей
|
6 дәптер
|
42 теңге
|
9 дәптер
|
?
|
Шешуі:
Жауабы: теңге
Тексеру:
Тексеру үшін кері есеп құрастыру керек.
42теңгеге 6 дәптер сатып алынды, осындай 63 теңгеге қанша дәптер сатып алуға болады?
Бағасы
|
Саны
|
Құны
|
Бірдей
|
6
?
|
42 теңге
63 теңге
|
Бірдей
|
?
9
|
42 теңге
63 теңге
|
Шешуі: (теңге).
Пропорционал бөлуге берілген есептер
Бағасы
|
Саны
|
Құны
|
Бірдей
|
6
4
|
?
? 50 теңге
|
Бірдей
|
?
? 10
|
30 теңге
20 теңге
|
10 тг
8 тг
|
Бірдей
|
?
? 90теңге
|
?
? 18теңге
|
Бірдей
|
50 теңге
40 теңге
|
Екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есеп
Жәшіктегі көкөністің салмағы
|
Жәшік саны
|
Барлық жәшіктегі көкөністің салмағы
|
Бірдей
|
15
10
|
?
60 кг а.
?
60 кг к.
|
Қозғалысқа берілген есеппен жұмыс
Жылдамдық - уақыт - қашықтық шамалары арасындағы байланыстарды анықтау басқа пропорционал шамалар арасындағы байланыстарды анықтау әдісімен жүргізіледі. Егер қашықтық пен жүрілген уақыт белгілі болса, онда жылдамдықты бөлу амалы бойынша табуға болады; егер жылдамдық пен жүрілген уақыт белгілі болса, онда қашықтықты көбейту амалымен табуға болады; егер қашықтық пен жылдамдық белгілі болса, онда жүрілген уақытты бөлу амалымен табуға болады;
Сонымен қатар, IV сыныпта кездесу қозғалысына және қарама – қарсы бағытта қозғалысқа арналған есептер енгізіледі. Осы есептердің әрқайсысының берілген мәліметтер мен ізделінді шамаларға байланысты үш түрі болады:
I түрі – денелердің әрқайсысының жылдамдығы мен қозғалыс уақыты берілген, ізделінді шама – қашықтық;
II түрі – денелердің әрқайсысының жылдамдығы және қашықтығы берілген, ізделінді шама – қозғалыс уақыты;
III түрі – қашықтық, қозғалыс уақыты және денелердің біреуінің жылдамдығы берілген, ізделінді шама – екіншісінің жылдамдығы;
Қозғалысқа берілген есептерді шығару кезінде чертеж түріндегі иллюстрацияны жиі пайдалану керек, өйткені сызба есептер өмірде болатын жағдайды адамның дұрыс көз алдына келтіруіне көмектеседі.
Мысалы : Екі ауылдан бір мезгілде бір – біріне қарсы екі велосипедші шығып, олар 2 сағаттан соң кездеседі. Олардың біреуі сағатына 15км, екіншісі 18 км жылдамдықпен жүрген. Ауылдардың арақашықтығы қандай?
15км\сағ 2 сағ 18 км\сағ
? км
Есептің шешулерін түсіндіре отырып, жеке амалдар түрінде, кейінірек өрнек немесе теңдеу түрінде жазуға болады.
Бірінші тәсіл:
(км) – бірінші велосипедшінің жүрген жолы
(км) – екінші велосипедшінің жүрген жолы
(км) – ауылдың арақашықтығы
Екінші тәсіл:
+18=33 (км) - велосипедшілердің бір сағатта бір - біріне жақындау жылдамдығы
(км) - ауылдың ара қашықтығы
Кездесу қозғалысына берілген есеппен жұмыс
Ара қашықтығы 237 км екі ауылдан бір мезгілде бір – біріне қарама – қарсы велосипедші мен мотоциклші шықты. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Велосипедшінің жылдамдығы 19 км\сағ. Мотоциклшінің жылдамдығын тап.
Дайындық жұмысы (тұрақты шаманы табуға есеп құрастыру)
Жаяу адам сағатына 5 км жүрсе, 2 сағатта қанша км жүреді?
Жүк поезы 3 сағатта 120 км жол жүрді. Ол қандай жылдамдықпен қозғалған?
Мазмұнымен таныстыру.
Есепте не туралы айтылған? (Велосипедші мен мотоциклшінің кездескені туралы айтылған)
Есепте не белгілі? (Екі қаланың ара қашықтығы 237 км екені, 3 сағаттан кейін кездескені және велосипедшінің жылдамдығы)
Есепте не белгісіз? (Велосипедшінің кездескеенге дейінгі жүрген жолы)
Есеп не сұрайды? (Мотоциклшінің жылдамдығын)
Есепті талдау.
Жылдамдығы, уақыты белгілі болса, нені табуға болады? (қашықтықты)
Қандай амал қолданамыз? (Көбейту)
Екі қаланың ара қашықтығы велосипедшінің жүрген жолы белгілі болса, онда нені табуға болады? (Қалған жолды, яғни мотоциклшінің жүрген жолын).
Қандай амал қолданамыз? (Азайту )
Енді есептің сұрағына жауап беруге бола ма? (Қашықтық, уақыт белгілі, жылдамдықты табуға бола ма? ) Болады. Қандай амал қолданамыз? (Бөлу).
Қысқаша белгілеуін сызба арқылы жазамыз.
Шешуі:
велосипедшінің жүрген жолы;
57 = 180 км – мотоциклшінің жүрген жолы;
км\сағ - мотоциклшінің жылдамдығы;
Жауабы: 60 км\сағ.
Тексеру:
Тексеру үшін кері есеп құрастыру және шығару.
Шешуі:
I тәсіл
велосипедшінің жүрген жолы;
мотоциклшінің жүрген жолы;
+57=237 км – екі қаланың ара қашықтығы;
II тәсіл
жақындау жылдамдығы;
екі қаланың ара қашықтығы;
Сонымен қатар кері есеп құрастырғанда кездесу уақытын немесе велосипедшінің жылдамдығын белгісіз деп алуға болады. Оқушыларға таблица бойынша есептер құрастыртуға да болады. Мысалы:
Жылдамдық
|
Уақыт
|
Қашықтық
|
Бірдей
|
? сағат
? сағат 4 сағ к.
|
1200 км
800 км
|
Жылдамдық
|
Уақыт
|
Қашықтық
|
Бірдей
|
? сағ
9сағ
? сағ
|
28 км
35 км
|
Математика сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындар
Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген.Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Дидактикалық ойынға мысалғы көкпар, «Жамбы ату», «Алма теру», «Керуеншілер» ойындары, математикалық сайыс, көшбасшы, лото, математикалық эстафеталар, крассвордтар, ребустар жатады.
Сол ойындардың бірқатарына тоқтала кетсек:
«Алма теру» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Бір таңбалы сандарды қосу және азайту. Ондықтан аттап қосу және азайтуды үйрену. Оқушылар ойнап отырып, ауызша немесе жазбаша есептеп жаттығады.
Керекті құралдар: Алма бағының суреті, магнит тақтасы, жеке-жеке 1-ден 20-ға дейінгі бірнеше алма мен алмұрт салатын себеттер.
Мазмұны: Магнитті тақтаға алма ағашының суреті орналастырылады. Ағашқа ілінген алмаларды үзіп алып, тиісті себеттерге салады. Себеттің сыртына нәтиже жазылады, ал алмаларға өрнектер жазылған. Оқушыларды өздері қалаған себеттерін таңдап алады да, соған тиісті алманы үзіп алып салады. Ойынды 5-9-6 бала ойнауға немесе топ болып ойнауға да болады.
«Керуеншілер» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Балаларға бір таңбалы сандарды ондықтан аттап меңгерту және ауызша, жазбаша жылдам есептеуге дағдыландыру.
Мазмұны: Мұғалім керуен ойынын ұйымдастыру жолдарын түсіндіреді. Тақтаға алдымен 8 баланы шақырып, оларды тізбек құрғызып тұрғызады, керуен құратын ботақандар 8 бала. Соңынан тағы да 6 қыз балалар шақырылады. Тақтадағы керуен тізбегі толықтырылады. Алдымен 10 саны шығатындай етіп, бірінші екі қыз бала, сосын тағы екі қыз бала, ал соңынан 4 қыз бала шақырылады. Барлығы түйенің қимылын көрсетеді. Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:
Керуен тізбегіне неше ботақандар тіркелді?
Керуен тізбегіне 10- ға толтыру үшін неше ботақан тіркелді?
Ең соңынан керуенге тағы қанша ботақандар қосылды?
Барлығы неше ботақан болды?
«Бәйге» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Бір таңбалы сандарды қосу және азайту, ондықтан аттап қосуға байланысты мысалдар шығарып жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекі құралдар: Әр топқа арналған кішкентай жалаушалар, сол ойынға қатысқан балаларға арналған нөмірлер, қосымша мысалдар жазылған карточкалар.
Мазмұны:Мұғалім сыныптағы оқушыларды бірнеше топқа бөледі де, оқулықта жоқ тапсырмаларды карточкаға жазып, оны оқушыларға таратып береді. Бәйгеге түсетін бала алдын-ала бірінші турдың есеп- мысалдарын шығарып, жарысқа қатысуға жолдама алады. Жарысқа қатысуға жолдама алған топтың балалары алдымен бір-бірден тақтаға шығады.
Мұғалім жарыс тәртібімен балаларды таныстырып шығады. Екі бала өздеріне тиесілі жолдың бойындағы есептерді шығара отырып, алға жылжиды. Кім бірінші болып мысалдарды шығарып мәреге жетсе, сол топ жеңімпаз болып есептеледі.
«Жамбы ату» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Балаларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру, есептерді тез және дұрыс орындауға баулу, есептеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекі құралдар: Үлкен дөңгелек, карточкалар, кестелер, ойыншықтар, кішкене доп.
Мазмұны: Тақтаға үлкен дөңгелек ілінеді, дөңгелектің іші төрт секторға бөлінеді. Әр секторға 1, 2, 3, 4 сандары жазылады.
Оқушы қолына ойыншық жедені алып оны дөңгелек ішіндегі секторларға дәлдейді. Оқушының атқан оғы қандай да бір санға тисе, сондай номердегі карточканы алып, ішіндегі тапсырманы орындайды. Әр тапсырма бір ұпай, карточкада екі, үш немесе одан да көп тапсырмалар болуы мүмкін. Кім көп ұпай жинаса, сол ұтқан болып есептеледі.
«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» ойыны.
3 және 2 деп балаға допты лақтырамын, допты қағып алған бала «5» деп жауабын айтып қайтарады.
4 және 1; 3 және 3,5 және 2;7 және 1;4 және 4; 10 және 0; 8 және 2; 5 және 5.
«Көкпар» математикалық ойыны.
Достарыңызбен бөлісу: |